СҮННЕТКЕ САЙ АМАЛ ЕТУ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 06:35

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:16 06:35 11:39 14:55 16:37 17:55
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
7 Джумада-авваль 1446
Миләди
09 қараша 2024

Мақалалар

СҮННЕТКЕ САЙ АМАЛ ЕТУ

| A | +

Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық. Дін апиын деген дәуірде қазақ ақындары:

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін, - деп жырлаған. Қазақ жеріне Ислам аттап кірген күннен саф діннің құндылықтарын сақтағанбыз.

Сүннетпен жүру әрбір мұсылман баласына – міндет. Ал, енді сүннетпен жүру деген не өзі? Хадис кітаптарының өзіміз білетін қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларын оқып, өз бетімізше сүннетті орындай аламыз ба? Олай болса, неге ислам ғұламалары хадистерге том-том түсіндірме еңбектер жазды? Неліктен ғұмырларын хадистерді зерттеуге жұмсады?

Бір кездері жастар: «Мен сүннетпен намаз оқимын. Пайғамбар қалай оқыған болса, дәл солай оқимын. Жұрт сияқты мазһабпен оқымаймын», - дейтін. Әрине, діни сауаты болмағандықтан сүннет тұрғанда мазһабқа жөн болсын дейді. Міне, бұл мәселенің ақ-қарасын ажырататын негізгі нүкте. Сүннет пен мазһабты екі бөлек деушінің өзі діни білімге терең бойламағандығын аңғартады. Арнайы діни білімі жоқ, бірақ жылдар бойы көз майын таусып шариғат оқыған имам ағасына күдікпен қарауы шалалық. Біле білгенге сүннетті ең әуелі қорғайтын бірегей құрал мазһаб. Демек, мазһабқа қарсы болу Құран мен хадиске қарсылық білдіруі. Мәселен, намаз тақырыбында көптеген мәселелер бар. Соның бірі «Мен қалай оқыған болсам, сондай етіп оқыңдар», - деген хадис. Бұл хадис қашан, қай жерде және не себепті айтылғанын білмей мағына беруге болмайды.

Аталмыш хадис фиқһ кітаптарында «қаза намаз» бөлімінде жазылған. Оқиға былай болған. Хандақ шайқасында ешбір мүмкіндігі болмаған мұсылмандар төрт намазды қаза етеді. Шайқастан соң пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Біләлға азан шақыруға бұйрық береді. Барлығы жиналып қаза намаздарды рет-ретімен оқиды. Намаз біткеннен кейін Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Мен қалай оқыған болсам, сондай етіп оқыңдар», - деді. Осы хадис негізінде фиқһ ғалымдары бес қаза намазынан аспаған кісі намаздарын ретімен өтейді деп пәтуа берген.

Менің оқыған хадисімнен басқа ешбір риуаят жоқ дегенді «заң» етіп алған бағзы бауырлар өздері былай тұрсын аяғы ауыр келіншектерін де талтайтып намаз оқытады. Бұл үлкен сауатсыздық. Ғұламалар арасында «Хадисте фақиһтан (шариғат мәселесін жетік білетін ғалымнан) басқа адам қателеседі», - деген қағида бар. Өйткені Құран секілді хадис мәтіні жалпыға қаратылып айтылғанымен жекелеген адамдарға қатысты болып шығады. Кейде керісінше жеке адамға айтылғанымен үкімі жалпыға ортақ болады. Ал, бағзы хадистер үкімі тоқтатылған. Сенім мәселесіне қатысты хадистердің жөні тіпті бөлек. Ал, фиқһ ғылымының маманы хадистегі мұндай мәселені нәзік түсінеді.

Сөзіміз түсінікті болу үшін тарихтан бір мысал айтып көрелік. Хадис мәжілісіне бір әйел сауалмен келеді. Мәжілісте Яхия бин Муғин, Зуһайр бин Хирс және Халаф бин Салих секілді ғұламалар отырады. Әйелдің сұрағы: Етеккір әйел шетінеген баласын жуындыра ала ма?, - еді. Хадис талқылап отырғандар жауап таппай, үндемей қалды. Осы кезде мәжіліске Әбу Сәур кіріп келеді. Ол фақиһ ғалым. Хадисшілер: Әне, анау кісіден сұраңыз, - деп Әбу Сәурді нұсқайды. Ғалым: Ия, етеккір әйел мәйітті жуындыруына болады. Бұған Айша (р.а.) анамыздан жеткен: Сенің етеккірің қолыңда емес, - деген хадис негіз болады. Айша анамыз да етеккір кезінде пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) басын жуып беретін. Демек, етеккір әйел тірі адамның басын жуатын болса, марқұмды жуындыруына әбден болады деп пәтуа айтады. Мұны естіген хадисшілер: Ия, дұрыс айтады. Бұл хадисті пәленше түгеншеден, ол пәленшеден риуаят еткен деп шұбыртып жөнеледі. Сонда әйел: Жауапты білсеңіздер жаңа қайда қалдыңдар?, - деген екен.

Әбу Ханифа Ағмаштан бірқатар хадис тыңдайды. Ғалымдардың бас қосып отырғанын естіген жұрт сұрақтармен келе бастайды. Жұрттың сұрақтарына Әбу Ханифа жауап береді. Ағмаш: бұл пәтуаны неге сүйеніп айтып отырсыз деп сұрайтын көрінеді. Әбу Ханифа сіз маған Нахъи риуаят етті, Шаъби риуаят етті және басқа рауилерден деп айтқан хадистерге сүйене отырып айтамын, - деген екен. Сонда Ағмаш: Біз құспыз, ал сіздер құсбегісіздер, - деп айтқан екен. Расында, хадисшілер көп жағдайда пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздерін жат алғанымен оның астарлы мағыналарына терең бойлай бермейді. Ал, фиқһ ғалымдары хадисті өмірде пайдаланудың шеберлері болып келеді. Фиқһ сұрақтарымен келгендерге Ағмаш: Мұндай сұрақтарға Нұғман Сәбитұлы жақсы жауап береді. Оған фиқһ ілімінің берекеті берілген деп ойлаймын», - дейді екен.

Сондықтан да болар Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кейде хабар жеткен кісі естушіден артық түсінеді. Кейде білім арқалаушы білімді болмайды. Кейде білім арқалаушы өзінен артық түсінушіге білімді жеткізеді», - деп айтқан. Демек, мынадай хадис бар екен, мынау сүннетке сай емес екен деген бос дау-дамайды тоқтатып, төрелікті дін маманына беру қажет.

Предыдущий Следующий
СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ ЖОМАРТ ПЕНДЕНІҢ ДӘРЕЖЕСІ МЕН САУАБЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ
Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Мәнһәж ҚАБІР ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАБІР ЗИЯРАТЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Қасиетті Құранда айтылғандай Алла Тағала адам баласын тіршілік иелерінің ең ардақтысы етіп жаратқан. Сондықтан тірі адам қандай құрметті болса, қайтқан кісілер де сондай қадірлі. Сол себепті адам тәні көмілген зираттарды құрметтеу, таза ұстау, қорғау, бүлінген жерін түзету секілді бірқатар әдептерді...
Мәнһәж ҚЫЛУЕТ - НӘПСІ ТӘРБИЕСІНІҢ БІР ТӘСІЛІ
«Қылует» — жалғыз, оңашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді. Мұнда негізінен ғұрыпты құлшылықтың біріне жататын «зікір» ғибадаты орындалатын болған.
Мәнһәж МАХАББАТПЕН ЖАРАТҚАН АДАМЗАТТЫ
"Махаббатпен жаратқан адамзатты Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті..."
Мәнһәж ИСЛАМНЫҢ БЕС НЕГІЗІ
Әрбір заттың негізі, тіреуі болған секілді дініміз Исламның да негізгі тіректері бар. Адам баласының өмірі күллі әлемнің Жаратушысының разылығы мен махаббатына бөлену жолында ақиқатты іздеу көріністеріне толы. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрім арқылы, әр бір нәрсенің ақ пен қарасын, дұрыс пен бұрысын...
Мәнһәж ӨМІРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 5 АЯТ
Уақыт – адамның ең құнды капиталы. Имам Ғазали уақытты қалай басқаруға болатыны жайлы былай кеңес береді: «Адам өз уақытын жоспарлауы тиіс. Ең маңызды істер мен міндеттерді анықтап, оларды бірінші кезекте орындау қажет. Егер адам жалқаулықтың, немқұрайлылықтың және мақсатсыздықтың тұтқынына түссе, о...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
7 Джумада-авваль 1446
Миләди
09 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:35

Бесінге дейін 03:28

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi