ӨМІРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 5 АЯТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӨМІРЛІК ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 5 АЯТ

| A | +

Әрбір ұсақ-түйек маңызды

Әдетте адам оның өміріне тек үлкен оқиғалар әсер етеді деп ойлайды. Алайда бұл пікір дұрыс емес. Біздің кез-келген кішігірім қозғалысымыз бен іс-әрекетіміз болашағымызды құрайды. Біздің бүкіл өміріміз кішкентай сәттердің байланысынан тұрады. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «...Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» («Зілзала» сүресі, 7-8 аяттар).

Кез-келген әрекетіміз біз үшін кішкентай қадам болғандықтан, кішкентай істі бақылау әлдеқайда оңай. Бұл аяттар бізге кішігірім және шамалы болып көрінетін қадамдардың маңыздылығын еске салуда. Сондықтан адам әрбір жаңа күн үшін сол күні жасалатын істердің тізімін жасау керек және олар екі дүниеге де қайырлы істер болу қажет.

Уақыт өте бағалы

Уақыт – адамның ең құнды капиталы. Имам Ғазали уақытты қалай басқаруға болатыны жайлы былай кеңес береді: «Адам өз уақытын жоспарлауы тиіс. Ең маңызды істер мен міндеттерді анықтап, оларды бірінші кезекте орындау қажет. Егер адам жалқаулықтың, немқұрайлылықтың және мақсатсыздықтың тұтқынына түссе, онда ол көп уақытын жоғалтып, шығынға ұшырайды».

Уақытты басқарып үйренбей, ешбір мақсатқа жете алмаймыз. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер зиянға ұшырамайды» («Аср» сүресі, 1-3 аяттар). Бұл аяттар тікелей уақытты неге жұмсау керектігін көрсетіп тұр.

Қиындық  жаңа мүмкіндік

Қиындықтар – өміріміздің ажырамас бөлігі және өмір сүріп жатқанымыздың дәлелі. Адам болғаннан кейін осы өмірде қиындықтар мен проблемаларға тап болатынымызды қабылдауымыз қажет. Бұл шындықты қабылдау бізге проблемалар мен қиындықтарға деген көзқарасымызды өзгертуге және алға ұмтылуға мүмкіндік береді.

Алла Тағала Құранда былай дейді: «...Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиындықпен бірге бір оңайлық бар. Ендеше босай қалсаң және тырыс...» («Шарх» сүресі, 5-7 аяттар). Бұл аяттар бізге кез-келген проблемамен бірге оның шешімі де бірге жүретіні жайлы хабардар етуде. Қиындықтар мен оларды шешу жолдары – ажырамас бір бүтін.

Аллаға тәуекел – сенімділік негізі

Бүгінде біз өзімізге деген сенімділікті жоғалттық. Себебі оны өзге жерден іздей бастадық. Мұсылманның өз күшіне деген сенімділігі «жақсылық жасауға ұмтылған кезде Алла Тағала өзінің көмегінсіз және қорғаусыз қалдырмайды» деген түсініктен туындайды.

Алла Тағала Құранда: «...Әлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, Жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз», – дейді («Ләйл» сүресі, 5-7 аяттар).

Мұсылманның өз күшіне деген сенімділігі – менмендікке қарама-қарсы дүние. Себебі менмендік – барлық еңбек пен жетістікті тек өзінен деп білу. Нағыз мұсылман барлық қабілеттері, еңбегі мен жетістіктері Алла Тағаланың берген мейірімі екеніне сенеді. Сондықтан мұсылманның өз күшіне деген сенімділігінің негізінде Аллаға деген мызғымас иман және тәуекел жатыр.

Ерік-жігер иманнан туады

Өмірде кез-келген мақсатқа жету үшін күшті ерік пен жігер қажет. Күш-жігерсіз адам ештеңеге қол жеткізе алмайды. Адамның мақсатқа жетуіне кедергі келтіретін ең маңызды кемшілігі – оның әлсіздігі.

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 28-аятында былай дейді: «Негізінде Алла сендерге жеңілдік қалайды. Өйткені адам баласы әлсіз жаратылған».

Алайда бір нәрсеге жету үшін ерік-жігер жеткіліксіз. Күш-жігеріміз ұзақ және нәтижелі болу үшін бізге берік иман мен тұрақты дұға ету қажет. Себебі иман – мұсылман үшін қуат көзі. Сондай-ақ біздің күш-жігерімізге жүйелілік береді. Сондықтан біз Алла Тағала мақсатымызға жетуге көмектеседі деп сенеміз және осы сенім негізінде әрекет етеміз.

Әділет КӨПЕН,

ҚМДБ Жастар секторының меңгерушісі

«Мұнара» газеті, №22, 2021 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚҰРАНДА ЕМІЗУ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ? БИТКОИН КРИПТОВАЛЮТАСЫН ҚОЛДАНУ ХАЛАЛ МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж ӨЗ ҚАЛПЫМЫЗДА ҚАЛСАҚ...
Әйгілі сахаба Әли (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамның жақсысы бол, нәпсі үшін адамның жаманы бол, адамдар үшін адамның бірі бол». Сахабаның бұл сөзі өмір сүрудің үш негізін меңзеп кеткендей....
Мәнһәж АЛТЫН МЕН КҮМІСТІ ҚАЛАЙ САТУ ҚАЖЕТ?
Алтын мен күміс – ақшалық құны бар бағалы, табиғиметалл. Шариғатта алтын мен күміс өсім жүретін заттарға жататындықтан оларды сату кезінде теңбе-тең және қолма-қол жүзеге асыру керек....
Мәнһәж МҮЛІКТІ БАНК АРҚЫЛЫ САТУҒА БОЛА МА?
Қазіргі кезде кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар мүлік пен тауарларын банк арқылы сатуға көбірек жүгінуде. Мұндай сауда барысында келісілген соманы банк сатып алушының атынан сатушыға, яғни кәсіпкердің шотына аударады немесе клиент төлем карталары арқылы өзі төлейді. Банк келісілген соманы бөліп төлеу...
Мәнһәж Діни ағымдар әлеуметтік желілерді қалай пайдаланады?
Сұрақ: Радикалды діни ағымдардың әлеуметтік желілердегі қаупі туралы айтып берсеңіз.
Мәнһәж Жұмысты жандандырудың жеті бағыты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдады. ҚМДБ Төрағасы бағдарламалық баяндамасында мүфтият өз қызметі аясында 2021 жылы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық б...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi