ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:33 06:54 11:42 14:42 16:24 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024

Мақалалар

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ

| A | +

Қадір түні – Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түн болып есептеледі. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені араб тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «қадір түні» деп аталған.

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ ﴿١﴾

وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ ﴿٢﴾

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ ﴿٣﴾

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِمْ مِنْ كُلِّ أَمْرٍ ﴿٤﴾

سَلَامٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْرِ ﴿٥﴾

(1) Негізінен Құранды ҚадІр түнінде түсірдік.

(2) (Мұхаммед Ғ.С.) ҚадІр түнінің не екенін білесің бе?

(3) ҚадІр түні мың айдан қайырлы.

(4) Періштелер және ЖебІрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі.

(5) Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады.

 

Қадір түнінің қасиеті қандай, дегенге тоқталсақ: біріншіден бұл түнде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғашқы Құран аяты түскен.

Екінші қасиеті – бұл түнді құлшылықпен өткізген пенденің Жаратушысы алдында дәрежесі артады, тілеген дұғасы қабыл болады. Бұл туралы үлкен ғұлама Жазайири: «Қадір түні – сөзсіз ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті. Ол түні Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сон­дай-ақ осы түнді құлшылықпен өткізген адамға сексен үш жыл ғибадат еткеннің сауабы жазылады», - деген екен.

Үшінші қасиеті – бұл түні адамның тағдыры бекітіледі. Бұл туралы ғұлама ғалым Мужаһит: «Қадір түні – тағдыр түні. Алла Тағала бұл түні келесі жылғы осы түнге дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін, т.б. үкім­дерді белгілейді», - деген екен.

Төртінші қасиеті – бұл түнде азғырушы әзәзіл тұсауланады. Бұл үкім жайлы үлкен сахаба ибн Аббастың: «Бұл – амандық, есендік, тыныштық түні. Бұл түні шайтандар адамдарға тыныштық береді. Олар адамдарға жақындамайды, азғырып, тура жолдан тайдыра алмайды», - деген үкімі бар.

Бесінші қасиеті – күнәлар кешіріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім осы түнде Аллаға иман келтіріп, сауабынан үміттеніп, құлшылық ететін болса, Алла Тағала оның бұрынғы істеген барлық күнәсын, кемшіліктерін, қателіктерін кешіреді», - деген.

Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді. Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбірейіл) түседі. Ол (түн) - таң атқанша сәлем!» (Қадір сүресі 1-5 аяттар). Және де былай деген: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан сүресі, 2-5 аяттар). Яғни, Жаратушы Иеміз бұл түнде жасалған құлшылықты мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Ал мың ай дегеніміз сексен үш жылдық мерзімді қамтиды.

Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады», – деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған.

Құранда осы қасиетті кітаптың рамазан айында түскендігі жайлы былай делінген: «Рамазан – адамдарға тура жол нұс­қаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай».

Ал, рамазан айының ішіндегі Қадір түнінде Құранның түскендігі жайында «қадір» сүресінің бірінші аятында былай делінген: «Шынымен де Біз Құранды Қадір түні түсірдік».

Құдыреті шексіз Раббымыз үмбетіне рақымдылық қалағандықтан, Қадір түні Рамазан айының қай түні екенін ашық айтпаған. Бұл сынақ әлемінде мүміндер ұдайы Алланың разылығын іздеп, құлшылық жасасын деген мақсатпен Жаратқан иеміз бұдан да басқа өте маңызды нәрселерді құпия қылған. Мәселен, өмірдегі ажал белгісіз, адамдар арасындағы әулиелер белгісіз, көркем есімдерінің арасында Алланың ұлық есімдері белгісіз, жұма күнгі дұғаның қабыл болатын уақыты белгісіз, күллі құлшылықтың ішінде Алланың разылығы қайсысында екені, дәуірлердің ішінде қияметтің қашан екені, Рамазан айында Қадір түнінің қай түн екені белгісіз. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл түннің Рамазанның соңғы он не жеті күніндегі (21, 23, 25, 27) тақ түндердің бірінде екенін айтқан. Алайда ислам ғұламаларының көпшілігі оның 27-інші түн екендігін мақұлдаған, әрі бүкіл мұсылман әлемі бұны осылайша қабылдаған.

Әбу ибн Кағб Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қадір түнінің белгілері жайлы мынадай деректер жеткізген: "Ол түн тыныш болады. Қатты ыстық я қатты салқын да емес. Алла Тағала кейбір адамдарға түсінде немесе өңінде білдіреді. Сол түннің нұрлы екенін көреді. Кейде жүрегіне осы Қадір түні екендігі білдіріледі. Алла Тағала барлығын білуші".

(Әбу Дәуіт: «Қадір түнінің таңында күн шуақсыз туады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді» дейді (Мүслим).

Қадір түні жасалатын амалдар

Ер адамдар үшін парыз намаздар мен Тарауық намаздарын жамағатпен оқу;

Қаза намаздарын оқу;

Түнгі құлшылыққа көңіл бөлу;

Мешіттерде адамдар көп жиналғандықтан, кей ыңғайсыздықтар орын алуы мүмкін не болса да сабыр сақтау.

Өзгелерге зиян келтірмеу.

Көпшілікпен бірге өзіне және өзгелерге дұға жасау;

Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына дұғаларды оқу өсиет етілген: "Уа, Алла, расында Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, маған да кешірім ет!".

 "Уа, Алла! Ашуыңнан разылығыңа, азабыңнан кешіріміңе сыйынамын".

Қадір түнінің қадірін білгендерге Алланың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты. Пайғамбарымыз үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн. Дегенмен, түннің барлық уақытын құлшылықпен өткізе алмайтын кісілер, түннің бір бөлігін болса да ізгі амалдармен өткізсе болады. Соның ішінде қасиетті түнді Алла Тағалаға құлшылық жасау, намаз оқу, Құран оқу, үйрену, үйрету, уағыз айту және тыңдау, шариғат үйрену, тәсбіх тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру, мешітке келгенде дүние сөзін сөйлемеу амалдарын орындау арқылы зиярат етіп өткізу керек. Қадір кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады. Кейбір мұсылмандар Қадір түнінде түні бойы дастархан жайып қойып, қолдарын қусырып отырумен шектеледі. Не болмаса, теледидар қарап, әңгіме айтумен өткізеді. Түні бойы көз ілмей, ұйықтамай шықсақ жеткілікті деп есептейді. Ислам ғалымдары бұны да қате деп санайды. Имамдардың айтуынша, Қадір түнін өткізу үшін түні бойы дастархан жайып қою шарт емес. Ең бастысы мүминдер бұл түнді дайындықсыз өткізбеуі тиіс. Өйткені, Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат-құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі», - делінген.

 

 

Ақсай мешітінің қызметкері

Аманқұлов Жеңісхан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
"Бір жылдық тағдыр жазылатын түн" ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылманға міндеттелген парыз амалдардың бірі....
Рамазан ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН
Қадір түні – түндердің ең қайырлысы. Хадисте айлардың қайырлысы – Рамазан, түндердің қайырлысы – Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма екені айтылған.
Рамазан ҚАДІР КЕШІНІҢ ҚАСИЕТІ
Қадір түні деп аталуының өзі айтып тұрғандай қадірлі де, шарапатты түн. Алланы мадақтап, ұлықтығын мойындап, тек сол Алладан жәрдем тілеп, пана табатын түн. Адамзаттың тарихында қайталанбайтын оқиға, Алланың сөзі - Құранның түскен түні....
Рамазан АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
Алланың адамзат баласына берген ең үлкен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады....
Рамазан ЗЕКЕТ - НАМАЗДЫҢ ҚОРҒАНЫ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандық қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар: «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз», - деп малының ақысын беруден бас тар...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 00:27

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi