Құрбан айтқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Құрбан айтқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар

| A | +
«Құрбан Айт» деген атпен белгілі қасиетті Ид-әл-Идха мейрамының қарсаңында Azan.kz сайты өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын жариялайды. 
 
  • Сұрақ: Мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы таяп келеді. «Құрбан» деген сөз нені білдіреді?
Жауабы: «Құрбан» сөзі «жақындау», «жақын болу» дегенді білдіреді. Діни термин ретінде бұл белгілі бір уақытта Алла Тағалаға ғибадат жасау ниетімен малды құрбан шалу дегенді білдіреді.
 
  • Сұрақ: Биыл Құрбан айт мейрамы қай күнге келіп тұр?
Жауабы: Биыл Құрбан айт мейрамы тамыз айының 11-ші күніне (жексенбі) келіп тұр. 
 
  • Сұрақ: Мен Құрбан айттан бұрын ораза ұстауға болатынын естідім. Сол жайында айтып берсеңіз.
Жауабы: Көптеген хадистерде айтылғандай, Зүл-хиджа айының алғашқы он күні Аллаға құлшылық қылып, игі амалдар жасауға ең берекелі күндер болып саналады. Басқаларын айтпағанда, ең кең тараған ғибадаттардың бірі ораза болып табылады. Әсіресе, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапат күні ораза ұстаудың маңызы зор (10-тамыз, сенбі).  

Имам Муслим жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

 «(Сол күнгі ораза) өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады».

 
  • Сұрақ: Малды құрбандыққа шалудың үкімі қандай?
Жауабы: Ханафи мазхабына сәйкес, құрбандық шалу уәжіп(міндет) болып табылады. Оған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел бола алады: 
 

«Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал». (108:2). Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі бар: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын».

 
  • Сұрақ: Құрбан шалу кімдерге уәжіп?
Жауабы: Құрбан шалу уәжіп болуы үшін ол адам:  

- мұсылман болуы керек; 
- жұмысқа қабілетті болуы қажет;
- кәмелеттік жасқа толған болуы тиіс; 
- еркін болуы керек;
- муқим болуы керек, яғни сапарда болмауы керек;
- зекет төлейтіндей негізгі қажеттерден тыс дүние-мүлікке ие болуы қажет (нисап, ол 85 г. алтынның құнына тең).
 
  • Сұрақ: Қандай малды құрбандыққа шалуға болады? Қандай малдар құрбандыққа жарамайды?
Жауабы: Құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына жататындар: 

1. Қой мен ешкі;
2. Сиыр, бұқа және енеке;
3. Түйе.
Қой мен ешкі бір жасқа, ірі қара мал екі жасқа, ал түйе бес жасқа толған болуы керек. 

Бұл малдардың толықтай дені сау болуы қажет, мынадай кемшіліктері болмауы тиіс:

1. бір немесе екі көзінің соқыр болуы;
2. әлсіздік, арықтық;
3. құлағы немесе құйрығының (үштен бірінен астам бөлігі), тісінің (жартысы және одан астам) жоқтығы;  
4. мүйізі сынған;
5. аяғы ақсақ;
6. айқын сырқат.
 
  • Сұрақ: Мен Құрбан айтқа бір қой алып едім. Бірақ, ол піштірілген болып шықты. Мен оны құрбандыққа шала аламын ба? 
Жауабы: Піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады. Абу Рафи' былай деген: 
 

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі ақ-қара түсті піштірілген қошқарды құрбандыққа шалды». (Ахмад ). 

 
  • Сұрақ: Мейрамның алғашқы күнінен кейінгі күндерде құрбандық шалуға бола ма? 
Жауабы: Құрбандықты айт намазынан кейін шалу керек. Бірақ, қандай да бір себептермен бірінші күні құрбандық шала алмаған адам, екінші күні және де үшінші күні, күн батқанға дейін құрбан шалуына болады. 
 
  • Сұрақ: Бірнеше адам бірігіп құрбандық шалуына бола ма?
Жауабы: Әрбір адам бір қой немесе ешкіні құрбандыққа шала алады. Бір ірі қара малды немесе түйені бір ғана адам да, сонымен қатар жеті адамнан тұратын бір топ адам да құрбандыққа шала алады. Оған қоса, олардың жетеуі де құрбан шалуға ниет етуі қажет. Джабир риуаят еткен, Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: 
 

«Сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады және түйе де жеті адамның атынан құрбан шалынады». (Әбу Дауд, ән-Насаи).

 
  • Сұрақ: Құрбан малы қалай шалынады?
Ответ: Құрбан шалмас бұрын ниет етіп, бір орын дайындап, пышақты қайрап қою керек. Пышақты құрбандыққа шалынатын малдың көз алдында қайрауға болмайды, бұл - мәкрух. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: 
 

«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап, малды рахатына қауыштырсын».(Муслим).


Құрбандыққа шалынатын малды қырынан жатқызып, басын құбылаға қаратады. Содан соң дұға ретінде мына аятты оқиды (оқу міндетті емес, абзал):
 

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»


(«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ» де).

 
Содан соң тәкбір айтқан абзал:

 

«Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, ля иляхаилляЛлаху, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, уалилляхил-хамд»

Содан соң «Бисмилляхи, Аллаһу Акбар» деп, мал бауыздалады. Малдың жаны шыққаннан кейін ғана оның терісін алып, етін бөлшектеуге болады.
 
  • Сұрақ: Малды бауыздамас бұрын сүре оқыту үшін имамды (молданы) шақыру қажет пе? 
Жауабы: Малды бауыздау кезінде имамның(молданың) болуы міндетті емес. Сүре мен дұға оқу да міндетті емес. Ең бастысы, малды бауыздау кезінде «Бисмилляһ. Аллаһу Акбар» десе жетіп жатыр. 
 
  • Сұрақ: Құрбандыққа мал алып соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде таратуға бола ма?
Жауабы: Құрбандық шалу – бұл Аллаға құлшылық жасау әрекеті. Бұл рәсімнің тарихы сонау Ибрахим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) кезінен бастау алады. Алла Тағала Ибрахим Пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) сынау үшін және барлық мұсылмандарға Аллаға бағынудың үлгісін көрсету үшін оған ұлы Исмаилды (оған Алланың сәлемі болсын) құрбандыққа шалуға әмір етеді. Ибрахим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) ұлын құрбандыққа шалуға дайын тұрғанда, Алла Тағала оның Өзіне бой ұсынуын сынағаннан кейін, құрбандыққа шалуға жерге бір қошқарды түсіріп, Исмаилдің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірін сақтап қалған. 

Қазіргі кезде біз құрбандық шалу арқылы Ибрахим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сондай үлкен құрбандыққа баруға дайын болғандығын еске аламыз. Сондай-ақ, Алла Тағала Исмаилдің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс ретінде құрбан шаламыз. Құрбан шалу арқылы адам Аллаға түгелдей бағынатынын және Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) жолымен жүретінін көрсетеді. Сол себепті, құрбан шалу үрдісінің өзі маңызды. Малдың құнын ақшалай беруге болмайды.
 
  • Сұрақ: Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?
Жауабы: Өзіңіз шалғаныңыз абзал (сүннет). Бірақ, егер сіз өзіңіз малды соя алмайтын халде болсаңыз, оны сіздің атыңыздан союға біреуге өкілдік беруіңізге болады. Дегенмен, ондай жағдайда да рәсімнің басы-қасында өзіңіздің тұрғаныңыз абзал. 
 

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың атынан құрбандық шалғанда, оған рәсімнің кезінде қасында тұруын өтініп, құрбандыққа шалынып жатқан малдың бірінші қаны тамған бойда, оның бұрынғы күнәларының бәрі кешірілетінін айтқан». (Ибн Хиббан).

 
Бірақ, құрбан шалу рәсіміне қатысуға мүмкіндігі жоқ адам болса, ниет етіп, құрбандыққа шалынатын малдың ақшасын біреуге беріп, өзінің атынан құрбан шалғызуына болады.
 
  • Сұрақ: Ет қалай үлестіріледі? Оны түгелдей таратып жіберу қажет пе?
Жауабы: Құрбандыққа шалынатын малдың етін үш бөлікке бөлген абзал (мустахап). Бір бөлігін өзіңізге, отбасыңыздың пайдалануына алып қаласыз, екіншісін қонақтарға асып беруге алып қалған жөн, үшінші бөлігін жоқ-жітіктерге таратқан абзал. Десе де, түгелдей таратып берсеңіз де болады.
 
  • Сұрақ: Малдың терісін не істеу керек? 
Жауабы: Малдың терісін өзіңіздің қажеттілігіңізге алып қалсаңыз болады немесе садақа ретінде берсеңіз де болады. Теріні сатып, ақшасын өзіңіз пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бірақ, сол ақшаны садақа ретінде таратуға болады. 
 
  • Сұрақ: Құрбан айтты қалай өткізу керек?
Жауабы: Құрбан айтта мерекелік ас пісіріп, туған-туысқандарыңызды, достарыңызды шақыруыңыз қажет. Өздеріңіз де ағайындарыңыздың үйлеріне қонаққа баруыңызға болады. Ең бастысы, оның мейрам екендігі білінуі тиіс.
 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы Орталық мешіті "Раббың үшін құрбан шал!" атты акциясын ұйымдастыруда, акцияның мақсаты - мұсылмандарға құрбандық шалу рәсімін жеңілдеті және құрбандықтың етін мұқтаж отбасыларына үлестіру. 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Пойызда, ұшақта, кемеде және басқа да қатынас көліктерінде намаз қалай оқылады? / ҚМДБ пәтуасы Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?
Құрбандық шалу адамзат тарихымен бірге басталған үрдіс. Адамзаттың атасы Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабылдың арасында орын алған дау құрбандық беру арқылы шешілген. Біз мұны Құран аяттары мен хадистерде баяндалған қиссалардан білеміз. Жалпы, Құран Кәрімде құрбандық шалу оқиғалары туралы бірнеше жер...
Ислам күнтізбесі Бас имам: Қасиетті құрбан айт құтты болсын!
Құрметті қала тұрғындары! Баршамызды айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Бас имам Алматы жұртшылығын Ораза айтымен құттықтады!
Құрметті қала тұрғындары! Мұқым мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айт мүбарак болсын!
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Ислам күнтізбесі Бас имам: Қадір түнін қадірлеген елміз!
Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Рамазан айы мүбарак болсын! Мінеки, көптен күткен, Пайғамбарымыз Қадір түнін іздеңдер деп сүйіншілеген Рамазан айының соңғы он күндігіндеміз. Осы ретте Қадір түнінің қасиеті туралы айта кетсеңіз....
Ислам күнтізбесі Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар
Қарыздан құтылу, берекелі ризық, қайырлы жұмыс, салиқалы жар, ізгі ұрпақ, қиындықтан шығар жол, аурудан шипа сұрайтын дұғалар
Ислам күнтізбесі Қадір түні не істеу керек?
Алла Тағала өзінің хикметіне сай кейбір нәрселердің анық уақытын жасырған.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi