Бас имам: Қадір түнін қадірлеген елміз!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Бас имам: Қадір түнін қадірлеген елміз!

| A | +

– Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Рамазан айы мүбарак болсын! Мінеки, көптен күткен, Пайғамбарымыз Қадір түнін іздеңдер деп сүйіншілеген Рамазан айының соңғы он күндігіндеміз. Осы ретте Қадір түнінің қасиеті туралы айта кетсеңіз.

 

– Уағалейкүмассалам! Әмин, Құдай құтты қылсын! Иә, күллі мұсылман үмбеті асыға күтетін айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан баршамызға мүбарак болғай. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің шарапатымен мың айдан қайырлы болған Қадір түні дұғасы қабыл болып, күнәлары кешірілген үмбет болуымызды Алла нәсіп етсін.

 

Қадір түнінің қасиеті туралы айтар болсақ, таң атып, кеш батары анық. Дегенмен, Қадір түнінің қасиетін Құран аяттары мен хадистерде келген хабарлар арқылы біле аламыз. Мәселен, Құранның «Қадыр» сүресі тұтастай Қадір түні хақында айтылған. Яғни, Қадір түні дегеніміз – Құран түскен, мың айдан қайырлы болған, Періштелер мен Жәбірейіл (ғ.с.) Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түсетін, таң рауандап атқанға дейін жалғасатын бейбіт те қасиетті түн екен. Сондықтан біз бұл түннің қасиетін жіті ұғынып, пайдалы өткізуге тырысуымыз керек. 

 

Әнәс ибн Мәлик былай айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Расында, сендерге Рамазан айы келді! Онда, мың айдан да артық бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады. Ал оның игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады», – деген.   

 

– Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?      

 

– Әрине, атам қазақ ықылым заманнан Қадір түнін ерекше құрметтеп, қадірлі қонағындай күте білген ел. Біз сол иманды бабаларымыздың ізгі жолын жалғаған хәлде, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырушы – Құран түскен Қадір түнін құлшылықпен, дұғамен, Құран оқумен өткізгеніміз абзал. Бұл түн тағдыр түні деп те аталады. Сондықтан Алладан алдағы өмірімізді Өзі разы болатындай өткізуге жазсын деп тілейік. Көпшілікпен жасалған дұға қабыл дегендей, біз, бұл түнде барынша мешіттерде жамағатпен бірге болғайық.

 

Айша (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) былай деп сұрағаны баяндалады: «Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» Ол: «Уа, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», – деп айт».

 

Сондай-ақ, Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің: «Кімде-кім Қадір түнін иманмен және сауапқа деген үмітпен намаз оқыса, оның бұрынғы өткен күнәлары кешіріледі», – деп айтқанын риуаят еткен.

 

Бұдан алатын ғибрат, біз осы түнде өзімізге есеп беріп, Алладан кешірім сұрап, Құдай алдындағы қадірімізді арттыруға талпынуымыз керек.

 

– Алматы қалалық Орталық мешітінде Қадір түні қандай шаралар өткізілмек?

 

– 31-мамыр күні, яғни бүгін Алматы қалалық Орталық мешітінде 2500 адамға ауызашар дастарханы жайылып, Қадір түнін мешітте күтушілер үшін 1500 адамға лайықталған сәресі берілмек.

 

Биыл Қадір түні Алматы Орталық мешітінде арнайы бағдарламада өтпек. Атап айтқанда, жамағатқа білікті отандық дін ғалымдарымыз түрлі тақырыптарда уағыздар айтады. Қарилармыз тамылжыта Құран оқиды. Жамағатқа викториналық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға сыйлықтар табысталады. Орталық мешітте Рамазан бойы мешіт жамағаты арасында өткен «Раббым! Білімімді арттыр!» атты білім сайысы өз мәресіне жетіп, жарыс жеңімпазына Ұмра қажылығы берілетін болады. Парыз бен нәпіл намаздары оқылып, еркін құлшылыққа да уақыт бөлінеді.

 

– Орталық мешітте Құран хатым қай күнге жоспарланып отыр?

 

– Рамазан айының басында өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанымыздай, Алматы қаласындағы 50 мешітте тарауық намаздары өткізілсе, оның 46-сында тарауық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етіледі деп жоспарланған. Аллаға шүкір, сол жоспарымыз толықтай іске асып, мешіттерімізде Құран Хатым дұғалары жасалуда. Ал, Алматы қалалық Орталық мешітінде 2 маусым күні Құран хатымның дұғасы оқылады.     

 

Хатым Құранның дұғасына қатысу мұсылмандардың өмірінде ерекше орын алатыны жайында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде келген.

 

«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады». (Бәйһақи)

 

«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады». (Әбу Нуайм)

 

Ал Хатым Құран дұғасының маңыздылығын саxабалардың өнегесінен де  көре аламыз.

 

Әл-Хакам бин Утайб бірде Мужаһид пен Убада бин Әбу Лубаба (Алла ол кісілерге разы болсын) өзінің артынан Құранның аяқталып жатқаны жайлы және де Құран хатым біткеннен соң Алла Тағаладан сұраған дұғаның қабыл болатындығын айтатын хабаршы жібергенін жеткізеді. «Мусаннәф», Ибн Әбу Шәйба.

 

Ибн Аббас (ол кісіге Алла разы болсын) кімде кімнің Құранды оқып бітіргелі жатқанын естігенде міндетті түрде сол адамның қасында болуға тырысатыны туралы жеткен дерек бар. «Муснад», әд-Дәрими.

 

Сондай-ақ кейбір деректер бойынша Әнәс ибн Мәлік (Алла оларға разы болсын) Құранды толығымен оқып бітірер кезде отбасын қасына жинап, Алла Тағалаға дұғамен жалбарынған. «Китәб әл-мәсәхиф», Ибн Әбу Дәуд.

 

Сондықтан Құранның соңғы бөлігін аяқтап жатқанда ішінде болып, хатым-дұғаға қатысу – Алла Тағалаға жақындаудың және де дұғасы қабыл болып, күнәсі жарылқанатын жандардың қатарында болудың керемет мүмкіндігі екені анық. Осындай мүмкіндіктердің қалт жібермей, 2 маусым күні Алматы Орталық мешітінде оқылатын Құран хатымда ел-жұртымызға тыныштық, отбасыларымызға амандық тілеп қалуға шақырамыз.

 

– Рамазан айында Алматы қаласы бойынша қандай қайырымдылық шаралары атқарылып келеді?

 

– Рамазан – жомарттық пен қайырымдылық айы. Бұл айда сауаптар еселеніп жазылады. Сондықтан қасиетті Рамазанда исі мұсылман қауымы жақсылақта жарысып, Алланың разылығын алуға тырысу керек. Осы сөзіміздің үддесінен шығу мақсатында, Рамазан бойы Алматы қаласында көптеген игі шаралар атқарылып келеді. Атап айтқанда, Алматы қаласының 50 мешітінде Рамазан шатырлары құрылып, қала бойынша күніне 10 мыңдай ораза тұтушыларға арналып ауызашар дастархандары жайылуда. Соның ішінде Орталық мешіттің өзінде күніне 500-ге тарта адам ауыз ашуда. Сонымен қатар, қасиетті айда қала мешіттері тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, қаржылай және азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсетілуде. Алла қаласа, күні ертең Алматы Орталық мешітінде де кең көлемде «Рамазан керуені» атты қайырымдылық акциясы өткізілмек. Онда 500-ден аса отбасыға қайырымдылық жасалады.

 

– Қадір түніне айтар тілегіңіз. 

 

– Алла Тағала қасиетті Рамазан айының құрметіне, адамзатты екі өмірлік бақытқа жетелейтін хақ кәләмі – Құран Кәрімнің құрметіне, мың айдан қайырлы болған Қадір түнінің құрметіне тілеген барлық дұғаларымызды қабыл етсін. Лайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, отбасы-шаңырақтарымызға құт-береке дарысын. Жомарттық пен қайырымдылық айында жасаған игілікті істерімізді қабыл етіп, мол сауаптардан жазған болсын. Баршамызға Алла разы болғай!          

 

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Бас имам Алматы жұртшылығын Ораза айтымен құттықтады! "Қадыр" сүресінің ғажайыбы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:28

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi