Құран жайлы 40 хадис: 6-ХАДИС
Алтыншы хадис
عَن أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ:قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "مَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِيْ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ مَثَلُ الْأُتْرُجَّةِ رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا طَيِّبٌ وَمَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِيْ لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ التَّمْرَةِ طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَلَا رِيْحَ لَهَا وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِيْ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ الرَّيْحَانَةِ رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا مُرٌّ وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِيْ لَا يَقْرَأُ الْقُرْآن كَمَثَلِ الْحَنْظَلَةِ طَعْمُهَا مَرٌّ وَلَا رِيْحَ لَهَا وَمَثَلُ الْجَلِيْسِ الصَّالِحِ كَمَثَلِ صَاحِبِ الْمِسْكِ إِنْ لَمْ يُصِبْكَ مِنْهُ شَيْءٌ أَصَابَكَ مِنْ رِيْحِهِ. وَمَثَلُ جَلِيْسِ السُّوْءِ كَمَثَلِ صَاحِبِ الْكِيرِ إِنْ لَمْ يُصِبْكَ مِنْ سَوَادِهِ أَصَابَكَ مِنْ دُخَانِهِ" (رواه أبوداود).
Әнас ибн Мәликтен (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Құран оқитын мүміннің мысалы хош иісті, дәмі тәтті цитрус сияқты. Құран оқымайтын мүміннің мысалы дәмі тәтті, бірақ иісі жоқ құрма сияқты. Құран оқитын пасықтың мысалы хош иісті, дәмі ащы райхан тәрізді. Құран оқымайтын пасықтың мысалы дәмі ащы, иісі жоқ колоквинт тәрізді. Мәжілістес ізгі пенденің мысалы үстінен хош иіс аңқып тұрған адам сияқты. Одан саған бір нәрсе жұқпаса да, оның хош иісі саған келіп тұрады. Ал мәжілістес жаман пенденің мысалы көріктің басында тұрған сұта сияқты, саған оның күйесі жұқпаса да, оның түтіні тиеді», – деген (Әбу Дәуд)[1].
[1] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Кіммен бірге отыру керектігі» туралы тарау, (4829). Ән-Насаи, «Әс-Сунан әл-кубра», «Құранның артықшылықтары», «Құран оқитын мүміннің мысалы» тарауы, (8028).
Хадистің мағынасы: «Бұл хадисте келген мысал жоғарыда айтылған хадистің мысалымен бірдей. Алайда аталмыш хадисте ізгі адаммен бірге отырудың маңыздылығы баяндалған. Мәжілістес болған ізгі адам миск иесіне теңелген. Ол жүрген жерінде игілік әкеледі. Жоқ дегенде айналасына хош иіс сыйлайды. Осыған байланысты Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар», – деп айтылған. Ал мәжілістес болған жаман адам көрікпен үрленіп қыздырылған темірге теңелген. Одан еш жақсылық көрмейсің, тек жамандық әкеледі. Ол қызған темір сияқты лебімен жүзіңді, киіміңді күйдіреді немесе будақтаған жағымсыз иісімен саған зиян келтіреді. Уа, Алла, бізді мүмінмен дос болатын, асымызды тақуа адам жейтін құлдарыңнан қылғайсың.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов