ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАН ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛА МА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАН ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛА МА?

| A | +

Белгілі бір компания өз жобаларын қаржыландырғысы келсе, арнайы құнды қағаз (сукук) шығарады және әрбір құнды қағаздың номиналды құны болады. Бұл құнды қағаз акция (пай) немесе облигация болуы мүмкін.

Облигация – белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация иемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Облигацияда өсім қамтылғандықтан шариғат бойынша оны қолдануға тыйым салынады[1].

Облигацияның зекеті қарыздан берілетін зекеттің үкімімен бірдей. Негізгі капиталы нысапқа жетіп бір жыл айналса, содан ғана зекет береді. Ал пайызынан құтылу қажет[2]

Акция – акционерлік қоғам шығарған және иесіне сол акционерлік қоғамның пайдасынан белгілі бір табыс (дивиденд) алуға құқық беретін бағалы қағаз[3]. Акция – қор нарығында сауда-саттық құралы ретінде қолданылғандықтан мүлік болып саналады. Шариғат заңы бойынша нысап[4] мөлшеріне жетіп, бір жыл айналған және қарызынан, қажетінен тыс мүліктен зекет берілуі тиіс.

Акцияның зекеті акционерлік қоғамның қызмет түріне қарай беріледі. Олар  үшке бөлінеді:

  1. Ауылшаруашылықпен шұғылданатын акционерлік қоғам. Мұның зекеті дақылдар мен жемістердің зекеті секілді беріледі.
  2. Сауда тауарымен айналысатын акционерлік қоғам. Мұнда салымшы акцияны мудараба[5] келісімі негізінде пайда көру мақсатында сатып алған болса, оның зекеті сауда тауарының зекеті тәрізді беріледі. Яғни акция құны 85 гр алтынға жетіп, бір жыл айналса әрі қарызынан және қажетінен тыс болса, пайдасымен қоса капиталының 2,5%-нан зекет беруі тиіс. Зекетті беру барысында акцияның құны сол күнгі базардың нарқымен есептеледі[6].

Имам әл-Кәсәни: «Бұның (сауда тауарының) нысап мөлешері – алтын мен күмістің нысабы секілді 2,5%-нан беріледі. Өйткені сауда тауарының нысабы алтын мен күмістің құнымен белгіленген. Сондықтан алтын мен күмістің зекеті 2,5%-нан берілгендей, бұның да зекеті осылай есептеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

هَاتُوا رُبُعَ عُشْرِ أَمْوَالِكُمْ

«Мал-мүліктеріңнің оннан бірінің ширегінен (2,5%) (зекетті) беріңдер»[7], – деп, жалпылай айтқан»[8], – деген.

  1. Өнеркәсіптік (мысалы, өнімдерін сатып табыс табатын зауыт немесе жалға берілген үй, көлік т.б. яғни мүліктің өзін сауда мақсатында емес, табыс табу көзі ретінде пайдаланатын) акционерлік қоғам. Салымшы акцияны түскен пайдадан табыс көру мақсатында сатып алса, онда зекетті түскен табысынан береді. Бұл жерде акция иесі негізгі капиталынан зекет бермейді. Пайдасы нысап мөлшеріне (85 гр алтын) жетіп, бір жыл айналып, зекеттің шарттары толық орындалса ғана зекет береді[9]. Егер нысапқа жетпесе, бірақ одан бөлек қаражаты болса, онда екі табысты біріктіріп зекет береді[10].

Егер акцияны бағасы көтерілген уақытта сату ниетімен сатып алған болса, сол акцияның өзі сауда тауары болып саналады. Мұндай жағдайда акционерлік қоғамның қызметі өнеркәсіптік немесе коммерциялық болса да, сатып алған акциясы нысап мөлшеріне жетіп, бір жыл айналса, пайдасымен қоса капиталының 2,5%-нан зекет береді. Зекетті беру барысында акцияның құны сол күнгі базардың нарқымен есептеледі[11].

Компания өзіне үлескер адамдардың атынан зекетін есептеп беретін болса, үлескерлердің мойнынан ол міндеттеме түседі. Ал компания үлескер адамдардың атынан зекетті бермесе, онда акцияға үлескер адамдардың әрқайсысы зекетті жеке-жеке береді. Акция иелерінің бірі зекетін бермесе, оған екіншісі жауапты болмайды[12]. Мысалы, бір адам сауда тауарымен айналысатын компанияның 20% акциясын сатып алып, пайданы теңдей алып отыруға келісті делік. Жылдың соңында пайдасы жиырма пайызға жетсе, онда компания иесі зекетті (80+10) = 90-нан, акцияға үлескері (20+10) = 30-дан береді.  

 

ҮКІМ:

  • Облигация қарыз үкіміне жататындықтан, оның негізгі капиталынан ғана зекет беріледі. Ал үстінен түскен пайызынан құтылу тиіс.
  • Ауылшаруашылықпен шұғылданатын акционерлік қоғамға үлескер акцияның зекеті дақылдар мен жемістердің зекеті секілді беріледі.
  • Сауда тауарымен айналысатын коммерциялық акционерлік қоғамға үлескер акцияның зекеті сауда тауарының зекеті тәрізді пайдасымен қоса капиталының 2,5%-нан беріледі.
  • Өнеркәсіптік акционерлік қоғамға үлескер акцияның зекеті тек түскен пайдасы нысап мөлшерге жетсе ғана беріледі.
  • Акцияны бағасы көтерілген уақытта сату ниетімен сатып алған болса, сол акцияның пайдасымен қоса капиталының 2,5%-нан зекет береді. Зекетті беру барысында акцияның құны сол күнгі базардың нарқымен есептеледі.
  • Компания өзіне үлескер адамдардың атынан зекетін есептеп беретін болса, үлескерлердің мойнынан ол міндеттеме түседі. Болмаса компанияның акциясына үлескер адамдардың әрқайсысы активіне сай жеке-жеке зекет беруі тиіс.

 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

 

 

[1] Ислам фиқһ академиясының журналы, 6-саны, 2/1273. 7-саны, 1/73.

[2] Қадая әз-зәкәти әл-муғасара, 234. Әхкәму әз-зәкәти уә ән-нузури уә әл-кәффәрәти, 101.

[3] Орысша-Қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (қаржы саласы), 18.

[4] Нысап – шариғат бекіткен байлықтың зекет беруге жеткен ең аз мөлшері. Ол байлықтың түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, қойдың нисабы қырық. Егер қойлардың саны отыз тоғыз болса, ол нисабқа толмаған болып есептеледі, одан зекет шығару міндет болмайды.

[5] Мудараба – табыс табу мақсатында екі адамның бірі (салымшы) капиталды, екіншісі (басқарушы) кәсіпкерлік қабілетін ұсынып, түскен пайданы өзара келісім бойынша алатын серіктестік келісімшарт.

[6] https://www.aliftaa.jo/Question.aspx?QuestionId=3279#.YojsJuhByUkhttp://dar-alifta.org/Home/ViewFatwa?ID=13528

[7] әд-Даруқұтни, №1882.

[8] Әл-Кәсәни, Бәдәиу әс-санаиғ, 2/415.

[9] 2001 жылы Кувейтте өткен Ислам фиқһ академиясының түскен табыстан пайда табу мақсатында сатып алынған акцияның зекетіне қатысты VII отырысында қабылданған №121 (3/13) қарары.

[10] Али Мухиддин әл-Қараһдағи, Бухусу фи фиқһ қадая әз-зәкәти әл-муғасара, 226-234.

[11] Али Мухиддин әл-Қараһдағи, Бухусу фи фиқһ қадая әз-зәкәти әл-муғасара, 232-233.

[12] Мустафа Зарқа, Фәтәуә, 140.

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
БАУЫРЫҢА ӨКПЕЛЕМЕ «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап МОНОПОЛИЯНЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
«Монополия – (гректің monоs) – жалғыз және (poleo) сатамын» деген екі тіркестен туындаған сөз, ал шариғат терминологиясында «ихтикар» деп аталады.
Сұрақ-жауап АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Неке – ер мен әйелдің шариғат бойынша адал жолмен отбасын құру келісімі[1]. Отбасын құрып, шаңырақ көтеру – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес, дін негізінде де дұрыс орындалуы тиіс. Қазіргі таңда елімізде АХАТ[2] арқылы некеге тіркелу мына...
Сұрақ-жауап ҚАЙ УАҚЫТТА ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Ислам дінінде балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс,қарызы мен қажеттілігінен артық өсімді мал-дүниесі (ақша, алтын, күміс, сауда заттары және жайылымдағы төрт-түлік малы) нисап мөлшеріне жетіп, сол нисапқа бір жыл бойы иелік еткен мұсылманның мал-мүлкінен зекет беруі – парыз (Фатху бабил ғиная, 2 том, 5...
Сұрақ-жауап МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІНЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҒА АЛА МА?
Шариғатта мұсылман әйелге мұсылман емес ер кісіге тұрмысқа шығуына рұқсат етілмейді. Үйленген жағдайда, араларындағы неке дұрыс саналмайды[1].
Сұрақ-жауап ШАРИҒАТ АПИТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕЛУГЕ НЕ ДЕЙДІ?
Апитерапия – адам денсаулығын жақсарту үшін бал араға шақтыру арқылы уымен емдейтін, сондай-ақ бал араларынан тікелей келетін өнімдерді қолданатын баламалы терапия түрі....
Сұрақ-жауап ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУДІҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Елді қорғау үшін міндетті түрде қуатты әскер қажет. Жауға қарсы тұру әрі оларға әскери күш әзірлеу – Ислам дінінің талабы әрі сауапты іс. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:42

Ақшамға дейін 00:54

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi