АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:42

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

| A | +

Неке – ер мен әйелдің шариғат бойынша адал жолмен отбасын құру келісімі[1]. Отбасын құрып, шаңырақ көтеру – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес, дін негізінде де дұрыс орындалуы тиіс. Қазіргі таңда елімізде АХАТ[2] арқылы некеге тіркелу мынандай көріністе атқарылуда:

1.Үйленуге ниет білдірген ер мен әйел некеге тіркеу өтінішін оффлайн немесе онлайн тапсырып, белгіленген уақытта неке куәлігін алады.

Шариғи тұрғыдан неке дұрыс болу үшін оның арнайы рүкіндері мен шарттары орындалуы тиіс. Рүкіні – ижаб пен қабул, яғни ер мен әйелдің өзара разылығы[3].

Шарттары:

  • Ижаб пен қабулдың бір орында болуы;
  • Тараптардың бірінің сөзін екіншісі естуі;
  • Тараптардың сөздері бір-біріне қайшы келмеуі;
  • Үйленуге тыйым салынған әйелдер санатынан[4] болмауы;
  • Екі куәгердің (екі ер кісі немесе бір ер, екі әйел) болуы[5].

Сонымен қатар қазіргі қалыптасып отырған жағдайды ескеруі, яғни отбасын құратын қыз бала ата-анасының келісімін алуы міндетті[6].

АХАТ бөлімінің ер мен әйелдің өзара келісімін ғана есепке алып, неке куәлігін табыстауы шариғи некеге жатпайды. Өйткені мұнда шариғат талап еткен шарттар толық орындалмай отыр.

  1. Салтанатты түрде неке қию рәсімін жүргізеді. Салтанатты түрде неке қию некеге тұрушылардың тілектерімен ғана орындалады. Ол некеге тұрушылардың келісімі бойынша Неке сарайында немесе АХАТ қызметкерімен некеге тұрушы тұлғалардың өзара келісімімен басқа жерде тіркеледі. Мұнда үйленетін ер мен әйелдің өзара разылығымен және екі куәгердің немесе уәкілдерінің алдында неке қиылады. Некенің шарттары орындалғандықтан некелері дұрыс саналады. Дегенмен үйленетін ерлі-зайыптыларға неке шарттарын, олардың өзара міндеттемелерін түсіндіру үшін, сондай-ақ ақ батасын беріп, неке құтпасын оқитын ҚМДБ-ның діни қызметкерінің болғаны абзал.

ҮКІМ: 

  1. Шариғи тұрғыдан некенің шарттары дұрыс орындалуы үшін неке қию рәсімін діни қызметкер атқаруы тиіс.
  2. АХАТ бөлімі ер мен әйелдің өзара келісімін ғана есепке алып, неке куәлігін табыстауы шариғи некеге жатпайды.
  3. Салтанатты түрде неке қию рәсімі шариғаттың шарттарына сай орындалса, неке дұрыс болып саналады.
  4. Неке сахих (дұрыс) болуы үшін шариғи талаптар орындалуы тиіс.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] Мухаммад Абу Заһра, әл-ахуалу әш-шахсия, 17.

[2] Азаматтық хал актілерін тіркеу

[3] Ижаб – үйленгелі жатқан тараптың бірі отбасын құруға ұсынысын, ал қабул – екінші тараптың ұсынысына келісімін, разылығын білдіретін сөз.

[4] Анасына (әжелеріне), қыздарына (ұл-қыздарының қыздары және төмен қарай), әпке-қарындастарына (әке-шеше бір не бөлек), немере және нағашы әпке-қарындастарына, бауырының қыздарына және одан төменгі қарай, әпке-қарындастарының қыздарына және төменгі қарай, әйелінің анасына, өгей қызына, өгей ұл-қыздарының қыздарына, келініне, сүт анасына, емшектес қарындасына, әпке-сіңлілерді (сондай-ақ әйелді немере әпкесімен, немере әпкесі мен бауырының қызын, әйел мен нағашы әпкесін, нағашы әпкесі мен сіңлісінің қызын) қосып үйленуге, әйелді қызымен қосып үйленуге, біреудің әйеліне, идда мерзімін күтіп отырған әйелге, кітап иелерінен басқа дін өкіліне үйленуге болмайды. Алайда мұсылман ер адамға әһлі кітап, яғни христиан немесе яһуди сеніміндегі әйелге үйленуіне рұқсат.

[5] Мухаммад Қадри Баша, әл-әхкәму әш-шарғияту фи әл-әхуәли әш-шахсия, 1/42-46.

[6] Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, 13.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ЫНЖЫҚ ЖӘНЕ ПЫСЫҚ БАЛА ӘДЕТ - ҒҰРЫП

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап ҚАЙ УАҚЫТТА ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Ислам дінінде балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс,қарызы мен қажеттілігінен артық өсімді мал-дүниесі (ақша, алтын, күміс, сауда заттары және жайылымдағы төрт-түлік малы) нисап мөлшеріне жетіп, сол нисапқа бір жыл бойы иелік еткен мұсылманның мал-мүлкінен зекет беруі – парыз (Фатху бабил ғиная, 2 том, 5...
Сұрақ-жауап МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІНЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҒА АЛА МА?
Шариғатта мұсылман әйелге мұсылман емес ер кісіге тұрмысқа шығуына рұқсат етілмейді. Үйленген жағдайда, араларындағы неке дұрыс саналмайды[1].
Сұрақ-жауап ШАРИҒАТ АПИТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕЛУГЕ НЕ ДЕЙДІ?
Апитерапия – адам денсаулығын жақсарту үшін бал араға шақтыру арқылы уымен емдейтін, сондай-ақ бал араларынан тікелей келетін өнімдерді қолданатын баламалы терапия түрі....
Сұрақ-жауап ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУДІҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Елді қорғау үшін міндетті түрде қуатты әскер қажет. Жауға қарсы тұру әрі оларға әскери күш әзірлеу – Ислам дінінің талабы әрі сауапты іс. ...
Сұрақ-жауап ЖАНУАР АҒЗАСЫН АДАМҒА САЛУҒА БОЛА МА?
Қазіргі таңда медицинаның, ғылым мен технологияның едәуір дамуының арқасында жануарлардың ағзаларын адамға транспланттауға қол жеткізілді. Әралуан түрге жататын тіршілік иелерініңағзасын немесе тінін бір түрден екінші түрге ауыстыру медицинада ксенотранспланттау деп аталады. ...
Сұрақ-жауап АРТЫҚ САУСАҚТЫ АЛДЫРУҒА БОЛА МА?
Кейбір адамдар қолы немесе аяғының бір саусағы артық болып туады. «Артық саусақ адамның бір ағзасы ма әлде негізгі жаратылысында туындаған кемшілік пе?» деген мәселеде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:42

Ақшамға дейін 00:03

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi