МЕШІТ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – БАРШАҒА МІНДЕТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

МЕШІТ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – БАРШАҒА МІНДЕТ

| A | +

Адамдардың өз араларынан шыққан басшыға бағынуы – міндет. Бұл – мұсылман ғалымдарының ортақ пікірі. Сондай-ақ ол қасиетті Құран аяттары мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне негізделген.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан (өздерің сияқты мүмін) болған басшыларыңа бағыныңдар»[1] - дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болса: «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны, оған қарсы келгені шын мәнінде маған қарсы келгені»[2], – деп айтқан.

Имам ибн Хажар әл-Асқалани жоғарыда аталған хадиске түсініктеме бере отырып, былай деп жазады:

«Бұл хадисте күнәдан басқа барлық нәрседе басшыға мойынсұнудың міндеттілігіне нұсқау бар. Ал басшыларға бағыну туралы өсиеттің хикметі – халықтың бірлігін сақтау, өйткені келіспеушілік бүлік мен жамандыққа әкеледі».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесі» құжатына сәйкес «Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті».

Имамдар мешіттің ішкі тәртібін қадағалап, толық сақталуын қамтамасыз етеді. Себебі олар – мешіттің басшысы. Оларға қарсы шығу, айтқанын орындамау басшыға бағынбау болып саналады.  

Жамағат намазы мұсылмандардың арасындағы бірлікті, бауырластықты күшейтіп, имамға бағынуға себеп болады.

Дегенмен мешіт тәртібіне бағынғысы келмейтін, Әбу Ханифа мәзһабы мен салт-дәстүрімізді мойындамайтын, мемлекеттік құқықтық нормаларды сақтамайтын, қоғамымыз бен елімізде қалыптасқан зайырлы құндылықтарды құрметтемейтін жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар имамның сөзі мен мешіттің тәртібіне бағынбай, соның ішінде жамағат намаздағы «әмин» сөзін дауыстап айтатын азаматтардың да бар екенін білеміз.

Ханафи мәзһабы бойынша «Әминді» іштен айтудың дәлелдері:

Бірінші дәлел. «Әмин» сөзі дұға саналады. Оның мағынасы – Дұғаны қабыл ет! –  дегені.

Дұғаны қалай қылу жөнінде Құранда:

«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді»[3] деген.

Осы аятқа қарағанда «әминді» іштен айтудың қажеттігі шығады. Ато ибн Әбу Рабах (Алла рахымына бөлесін): «Әмин – дұға»[4] – деген.

Ибраһим ән-Нахағи (Алла оны рахымына алсын): «Бес нәрсе – «Субханака», «Тағаууз», «Бисмилләһир Рахманир Рахим», «Әмин» және «Аллаһумма Роббанә ләкәл-хамдты» имам іштей құпия айтады»[5] деген.

Екінші дәлел. Әбу Уаил (Алла оған разы болсын) риуаят етеді:

«Омар және Али (Алла оларға разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  Бисмилләһир Рахманир Рахимды да, «әминді» де дауыстап айтпайтын еді»[6],- деген». Хазіреті Али  мен Абдулла ибн Масғуд (Алла оларға разы болсын) сияқты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында әрдайым бірге жүрген, өте ілімді сахабалардың «әминді» іштерінен айтуы да күшті дәлел болып саналады. Ханафи ғұламалары тап осы мағынадағы басқа да аты мәшһүр сахабалардың риуаяттарын келтіреді.

Үшінші дәлел. Намаз – өте маңызды ғибадат. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз парыз болған күннен бастап әр күні намазды жамағатпен оқыған. Ол кісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай намаз оқығанын барлық сахабалар көріп байқап отырған. Егер «әминді» дауыстап айту абзалырақ болғанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның ара-жігін ажыратып берген болып және бұған еш күмән да қалмас еді. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі имам болып, кейде үйрету үшін бірінші саптағылар еститіндей қылып «әмин» дегенінен басқа ешбір дәлел жоқ. Әсіресе, имамға ұйыған кісілердің «әминді» дауыстап айтқандары жөнінде ешбір риуаят жоқ.

Қорыта айтқанда, мешіттің тәртібіне бағыну, имамды мешіттің басшысы ретінде құрметтеп, оған мойынсұну – келушілердің баршасына ортақ міндет. Ендеше мешітке келуші жамағат оның ішкі ережесін сақтап, бүлік шығарудан аулақ болғаны жөн.

Ислам МАРАТҰЛЫ,

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы

[1] («ан-Ниса» сүре, 59 аят)

[2] (Бұхари, Мүслим хадистер жинағы)

[3] («әл-Ағраф» сүресі, 55 аят)

[4] (Бұхари)

[5] (Абдур-Раззақ, «Мусаннаф»)

[6] (Ибн Жәрир, «Тәһзиб әл-әсар», «әл-Жауһар ән-нақи», 1:130)

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ - ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ
Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – ол имандылық. Иманы бар адам ешқашан ешкімге зиян тигізе алмайды.
Әдеп (этика) КІШІПЕЙІЛДІЛІК АСЫЛ ҚАСИЕТ
Кішіпейілдік пен әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі басты ұстанымдардың бірі. Адамның қандай жағдайда да әдептілік сақтауы ұнамды қасиет. Мұсылман  адам – биік адамгершілік қасиеттердің иесі. Оның көркем сипаты – момындық пен ұялшақтық, кішіпейілділік пен адамдарға деген махаббаты, нағыз ер-азаматтың қ...
Әдеп (этика) ДАСТАРҚАН ӘДЕБІ
Қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз. Солардың бірі дастарқан әдебі туралы айтсақ.
Әдеп (этика) АЛЛА БЕЙНЕЛЕРІҢЕ ЕМЕС ЖҮРЕКТЕРІҢЕ НАЗАР САЛАДЫ
Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алла Тағалаға сансыз мадақ болсын! Адамзаттың ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын.
Әдеп (этика) ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ЭТИКАСЫ
Жер бетіндегі діни көзқарас, дүниетаным ежелгі заманнан бері келе жатқаны белгілі. Діндер өздерінде қалыптасқан мойындалатын құндылықтар жүйесін – рухани құндылықтар деп атайды....
Әдеп (этика) ТІЛГЕ ТОҚТАМ БОЛСА...
«Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз... неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік» деген сөздердің өзі айтпақ ойымыздың ауанын дәл басқандай-ақ.....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 05:22

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi