Мариям әпке: «Мен үшін Рамазан айы – Аллаға барынша жақындау мен шүкірлік ету уақыты»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Мариям әпке: «Мен үшін Рамазан айы – Аллаға барынша жақындау мен шүкірлік ету уақыты»

| A | +
Алланың қалауымен, Ислам дінін жаңадан қабылдаған Мәскеулік, орыс ұлтты мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз. Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасы жайлы ойымен және Рамазан жайлы тәжірибесімен Мәриям әпкеміз бөліспек.
 
Мәриям, ассалаумағалейкум. Ең алдымен, Исламды қашан, қай жылы қабылдағаның жайлы айтып өтсең?
 
- Уағалейкум ассаләм. Исламды 2010 жылы, жаз кезінде, Рамазан айы қарсаңында қабылдадым. Тілімді кәлимаға келтірдім де, бірнеше күннен соң ораза тұта бастадым. Мен үшін жаңа өмір басталғандай болды.
 
Демек, сенде «оразаны бірден ұстаймын ба, әлде ұстамаймын ба» деген сұрақтың болмағаны ғой? Ораза тұту өзіңнің міндетің екенін білгендіктен күмән мен қырық құбылу болмағаны ма?
 
- Иә, дәл солай болды. Күнәлардан тазарып, жаңа өмір бастауды қатты қаладым, сондықтан да сол оразаны тазару, Жаратушыға жақындау деп қабылдадым. Жаратушыға мені тура жолға салғаны үшін мадақтап, шүкірлік айтуға қатты құлшындым. Алғашқы тұтқан оразам шынайы әрі тек Раббымның разылығы үшін ғана болды деп ойлаймын.
 
Яғни, сен бұл оразаны тазару деп қабылдадың ба?
 
- Иә, мен үшін ол күнәдан арылу секілді болды. Мен қатты ықылас пен талпыныспен ораза тұттым.
 
Ұзақ уақыт ішпей - жемей жүру қорқынышты көрінбеді ме?
 
- Басында, әрине біраз қорықтым, 30 күн ауыз бекіту оңай емес болып көрінді. Шыдай алмаймын деп күдіктендім, оның үстіне мен сол уақытта дүкенде сатушы болып жұмыс істеп жүрген едім.  Әлбетте, барынша күш- жігерімді салуды талап еткен белгілі бір қиындықтар болды, бірақ ол қиындықтардан мен рахат алдым, себебі өзіңмен өзің жұмыс істеуді Алла үшін жасау деп түсіндім. Шамадан тыс күш салып, зорығып кеттім деп айта алмаймын, керісінше, Жаратушы үшін жанды пида етуге қатты ынталандым. Себебі ол кезде намаз оқымай, орамал тақпағандығыма байланысты діннен ұстанарым – жалғыз ораза болған еді.
 
Бұл кезде намаз оқуды бастамаған ба едің?
 
- Намаз оқуға тырыса бастадым, дұрыс білмеген соң қағазға қарап, жүйесіз оқи бастадым. Сондықтан да, ораза менің Алла үшін жасай алатын әрі қолымнан келетін жалғыз амалым болды. Ол кезде орамал да тақпадым, сондықтан да Жаратушы алдында ұялып, Ол үшін тым болмаса бір нәрсе жасауым керектігін сезіндім.
 
Осылайша бір ай бойы үзбей (үзірлі кезден өзге уақытта) ораза тұттың ба?
 
- Иә, солай. Менде оразаны толық әрі соңына дейін ұстауға сондай бір тұп- тұнық ықылас болды. Сонымен қатар, Рамазан аяқталған соң, айт мерекесінен кейін, Шәууал айындағы сүннет оразаны да ұстауға тырыстым.
 
Тіпті, Рамазандағы ораза аз болып көрінде ме?
 
- Иә, өйткені Исламды қабылдау мен Рамазан дағы ораза мен үшін маңызды оқиғалар болғандықтан, менің ықыласым ерекше күшті еді. Мен мұның барлығын үлкен шабытпен қарсы алдым, себебі бұл кезең менің өмірімде ашылған таза парақ іспетті болды. Барлық ескілікті Исламды қабылдаған соң артта қалдырдым, өйткені Исламды Алланың маған берген сыйы деп білдім.
 
Рамазан айынан соң өміріңде өзгерістер байқадың ба? Дінді көбірек ұстанып, ішкі жан дүниеңде өзгерістер байқалды ма?
 
- Әлбетте, құлшылығымды күннен күнге арттыра бергім келді: намазды дұрыс оқып, өзге де оразаларды ұстап, сауапты амалдар жасап. Менің өмірім өзгерді, маған Ислам келіп жетті, сондықтан да шынай мұсылман қыздың бейнесіне лайық болуды қаладым. Қазірде де сондаймын деп айта алмаймын, бірақ қатты тырысамын.
 
Сенде дін үшін көбірек жақсылық жасауға деген құлшыныс пайда болды ма?
 
- Иә, бәрін артығымен жасағым келді, намазды жүйелі түрде оқитын болдым. Орамал таға алатын және намаз оқи алатын халал жұмыс табу жайлы ойлай бастадым. Өмірімді шынай мұсылманның өміріндей етіп құрғым келді және де ар – ұятымды тізгіндеп, шынайы мұсылманша өмір бастадым. Әлбетте, бұл оңайға соқпады, бірақ уақыт өте келе маған қол ұшын созған адамдар да пайда болды.
 
Сұраудың реті келіп тұр екен, алғашқы Рамазаныңда жалғыз болдың ба әлде қасыңда мұсылман құрбыларың болды ма?
 
- Менің жанымда ингуш ұлтты бір құрбым болды. Өте жақсы адам, екеуміз бірге бірнеше рет мешітке бардық. Басқа ешкім болмады.
 
Тарауық намазын оқуға тырыстың ба?
 
- Иә, осы кезде мен дін жайлы көп білуге тырыстым, көбінесе ғаламтордан. Сөйтіп, тарауық намазын оқуға тырыстым, бәріне үлгергім келді, бәрін көргім келді, өйткені жоғарыда айтқандай, қатты ықылас болды. Сол ықылас әрдайым қалса екен деп сұраймын. Сондай талпыныс болуы үшін дұға етуіміз қажет.
 
Келесі жылы өмірімде үлкен өзгерістер болды. Біраз уақыт араб мемлекетінде (Сирия) тұрдым, бірақ кейін Мәскеуге қайта қайтуға тура келді. Халал жұмыс таптым, халал дәмханада аспазшы болып істедім. Ол жерде біраз жеңіл болды, еркін намаз оқып, орамал тақтым. Адамдарға тәуелділіктен арылдым, сырт келбетім өзгелерге ұнайды ма, жоқ па, орамалыма қарай ма, жоқ па - ендігі жерде бәрібір болып қалды. Бұл - Алладан жаныма жақсы адамдарды, бауырлар мен құрбыларды жіберуін сұраған дұғама жауап болды, өйткені алғашқы жылы жалғыз едім. Келесі жылы Рамазан айында мен мұсылман ортада болдым. Біздерге тамақтануға да мұсылмандар келді әрі ұжымда тек мұсылмандар ғана жұмыс істеді. Жалғыз болып, ешкіммен араласа алмағандықтан көп дұға еткен едім, Жаратушы Алла тағала дұғамды қабыл алып, бұрынғы ортам жоқ болып, жаңа достар таптым. 

Рамазан айын қалай қабылдайсың? Жақсы амалдар жиі жасайтын береке айы деп қабылдайсың ба?
 
- Бұл өзіміздің Жаратушыға деген махаббатымыз бен шынайылығымызды өте жақсы кейіпте көрсететін уақыт. Бір нәрсені Алла разылығы үшін жасау мүмкіндігі, өйткені ораза кезінде біз ішіп - жеуден Алла үшін бас тартамыз, бос, боқауыз сөзден, ғайбаттан Раббымыз үшін бас тартамыз. Барлық жамандық атаулыдан бас тартуға тырысамыз, тіпті рұқсат етілгеннен де бас тартып, барынша өзімізді, ынтамызды, күш - жігерімізді Раббымызға арнауға тырысамыз. Оған шынайылық пен шүкіршілігімізді көркем бейнеде білдіретін уақыт. Бәрі үшін шүкіршілік – Ислам үшін шүкіршілік ету, себебі біздің тура жолда жүруіміздің өзі үлкен байлық. Бұл уақытта Оған өзіңнің махаббатыңды, бойсұнғыштығыңды барынша көрсетуге тырысасың, өйткені ең тиімді уақыт Рамазан айы ғана. Егер осының барлығы біздерге ауырға соқпай, оларды шынайы ықыласпен, махаббатпен, ләззат ала жасайтын болсақ, тіпті керемет. Рамазан – Жаратушыға шынайы шүкір етіп, Оның берген ризығына алғыс айтатын жалғыз ай.
 
Рамазан айынан соң өзіңді жақсы сезінесің бе? Алғашқы Рамазан айында өмірімде үлкен өзгерістер болғанын байқадым дедің, кейін ше, кейін де сондай жақсы сезімде бола алдың ба?
 
- Иә, бұл уақыт мен үшін өзінше бір есеп – міне, Рамазанға да жеттік деген. Осы кезде біз Аллаға алғыс білдіреміз. Және де осы айда кез келген шынайы мұсылман баласы тек Рамазанды ғана өз құрметіне лайық өткізу үшін ғана емес, келесі Рамазанды да осы қарқынмен өткізуге ниет етеді. Әрине, бұл өз-өзіңмен жұмыс жасау айы болғандықтан, ауыр, бірақ соған лайықты адам болуымыз керек. Өзгелер бізден қорықпауы үшін, Ислам жайлы жаман ойда болмауы үшін мұсылмандар көркем мінезімен үлгі болуы керек.
 
Рамазан айында қандай кемшіліктен арылу қиынға соқты?
 
- Ең қиыны, әйел баласы болғандықтан, бос сөзбен күресу болды. Не сөйлеп жатқанымды қадағалауға тырыстым. Жұмыста жүргендіктен көп адамдармен сөйлесуге тура келді. Өзіміз байқамай біреуді сыртынан әңгімелеп жібереміз, күнә бола тұра өсек айта саламыз. Маған бұл өте ауыр, себебі әйел баласы болғандықтан көп сөйлегенді ұнатамыз, оның үстіне әйелдер ұжымының ортасында өсек пен бос сөз көп болды. Таң ертең тұрғанда өзіме: «ойланып сөйле, артық сөз айтушы болма» - дейтінмін. Қиын болды, бірақ мен өзімді қадағалауға тырыстым.
 
Айтуға ұмытып кетіппіз: адамдардың көбі Рамазан айында демалыс алуға асығады, ал сен болсаң жыл сайын Рамазан айында жұмыс істедің. Бұл саған қиын болмады ма?
 
- Иә, халал дәмханада жұмыс істедім (алғашында аспазшы, кейін орынбасар), біздің бастығымыз жақсы кісі болды, ол бізге Рамазан айында жұмысқа кешірек келуге рұқсат берді, бізге еркіндік берді. Ерте келуге тура келетін уақыттарда, қонақтар кеткен соң, жатып, ұйықтап алуыма да рұқсат беретін. Халал жұмыс – үлкен артықшылық. Бұл халал жұмыс орнымда еді, ал алғашқы Рамазан айымда дүкенде істегендіктен, жұмыс уақытым жай жұмыс күніндей болған.
 
Бірақ Рамазан айында дәмханаларыңызға адамдар келсе, аузыңыз берік бола жүріп оларға қызмет еттіңіз бе?
 
- Иә, түскі үзілістегі іскерлік асқа, көбіне мұсылман еместер келетін.
 
Аузың берік болып тұрғанда өзгелердің тамақ ішіп жатқанына қарау біртүрлі болды ма?
 
- Жоқ, керісінше, өзгелер тамақтанып жатқанда еш азғырылмастан, дәмді астан бас тарту мен үшін пайдалы болып көрінді. Тіпті, мен мына адамдардан артықпын, өйткені қаншама дәмді астар бола тұра азғырылмаймын, деген ой да болатын.
 
Дәмханаларыңызда ауызашар жасайтын ба едіңіздер?
 
- Иә, ақшам уақытына қарай залды даярлап, ауызашарға келген мұсылмандармен бірге біз де оразамызды ашатынбыз. Сен секілді  Алла разылығы үшін ораза ұстап, күш жұмсаған жандар келуі бауырмашылықтың күшті лебін беретін, сондықтан да оларды тамақтандыру ерекше ұнайтын. Осы сәтте өзіңді өз ортаңда жүргендей сезінесің.
 
Туыстарың дінді ұстануың жайлы не ойлайды, әсіресе оразаң жайлы?
 
- Менің туыстарым, Аллаға шүкір, бұған жақсы көзқараста. Айта кету керек, мен Бакуда, дәстүрлі мұсылмандар арасында өстім, сондықтан да туыстарым дінді ұстануыма жақсы көзқараспен қарайды. Күні бойы ішпей, жемей жүргеніме анам алаңдайды, денсаулығымды ойлайды. Жалпы туыстарымның барлығы дінге құрметпен қарайды.
 
Біздің білуімізше, үлкен ұлың да Исламды сенімен бірге қабылдаған. Ол ораза ұстайды ма?
 
- Өкінішке орай, ол әзірге ораза ұстамайды. Анам ұстады мен де ұстаймын деп емес, ораза ұстау үшін оны түсіну керек, не ұстап жатырсың және не үшін ұстадың, бәрін. Алла тағала оған дінді шынайы түрде қабылдауды нәсіп етсе, баламда ораза да, басқа да болады деп үміттенемін.
 
Ауыз ашқанда және бекіткенде қандай жемістер жейсің? Ерекше жақсы көретін жемісің бар ма?
 
- Ауызашарға не қалаймын, соны жеймін: балық, ет, көкөніс, жеміс, бәлкім бұл денсаулық мәселесінде зиянды шығар. Әдетте, сорпа секілді сұйық тамақ ішкім келеді. Бірақ сәресіге қарай дұрыс тамақтарды жеуге тырысамын. Көбіне сүтті өнімдерді немесе ботқа жеймін. Оның үстіне, қазір түн қысқа болғандықтан көп жей де алмайсың.
 
Алғашқы  оразасын ұстамақ болып, алайда жүрексініп жүрген мұсылмандарға не айтасың? Өзін оразаға қалай дұрыс дайындау керек?
 
- Өзіңді Алланың разылығы үшін ораза ұстаймын деп дайындауың керек. Себебі Рамазан – бір жылда бір келетін ең берекелі уақыт. Біздің оразамыз – көзге көрінбейтін нәрсе, сыртымыздан ішіп- жеуден және өзге де нәрселерден тыйыламыз, бірақ ораза материалдық кейіпке енер болса, Аллаға біз сондай әдемі, жарқыраған нәрсемізді арнаған болар едік. Қорықпай, оразаны рақаттанып ұстаңыздар. Баршаға белгілі, Исламдағы ораза денсаулыққа да пайдалы, бірақ ол қосымша нәрсе. Ең бастысы, рухани тазару, қуаныш, шүкіршілік, махаббат. Бұл кезде мүлде тамақ ішпейміз деуге болмайды, күн ұясына кірген соң, не қаласаңыз да жей аласыз. Күні бойы тамақсыз, сусыз жүргендіктен бұл уақытта астың да қадірі жоғарылайды. Алла тағала адамдарға оразаны бекер парыз еткен жоқ. Демек, ораза өте маңызды әрі пайдалы.
 
Алла тағала барша бауырларымызға Рамазанды сый қылып тартсын. Әмин.
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті» Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»

Тақырып аясындағы мақалалар

Рамазан РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ
Адамзатқа тура жолдың нұрын төккен Алланың ұлы сөздері «Құран Кәрім түскен қасиетті Рамазан айы сағындырып, қуандырып бізге жетті. Он бір ай бойы шөлдеп, шаршаған рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын тәрбие айын әрбір мұсылман асыға күтуде. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Тақ...
Рамадан Можно ли отравиться водой в пост?
Что произойдет с организмом постящегося, если он быстро выпьет во время ифтара большое количество воды? Какова максимальная норма питьевой воды в час? Что такое водное отравление? Ответы на эти и другие вопросы вы найдете в материале Al Jazeera....
Рамадан О возможности сокращения часов поста для северных широт
В таких странах как: Россия, Великобритания, Норвегия, Дания, Швеция, часы поста могут быть продолжительностью 18-20 часов. Некоторые люди утверждают, что долгие часы поста в «странах, находящихся в северных широтах» следует сократить, поскольку Ислам не возлагает трудностей на своих последователей....
Рамадан Как получить максимальную пользу от Рамадана
Для многих людей, к сожалению, Рамадан приходит и уходит, не принося никаких изменений к лучшему. И очень немногие люди умеют извлечь пользу из этого великого месяца. Наши устазы советуют нам жить целый год таким образом, как будто Рамадан длится весь год. Чтобы это стало реальностью, я приведу вам ...
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»
Алланың көмегімен біз, Ислам дінін жаңадан қабылдаған орыс ұлтты мұсылман әпке-қарындастарымыздың өздерінің алғашқы Рамазан айы туралы, алғашқы оразалары жайлы және Рамазан айының оларға қандай әсер қалдырғандығы туралы айтқан әңгімелерін жинақтап, мақала етіп жарияламақпыз. ...
Ислам күнтізбесі Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны бастан-аяқ шарлап шықтым десем де болады. Алайда бұл сусын жайлы ...
Ислам күнтізбесі Рамазанды тиімді өткізгіңіз келсе...
Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайтыны бір – «Рамазан айын қалай ең жақсы түрде өткізуге болады?»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:43

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi