ЕКІ ДҮНИЕ СӘРУАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЕКІ ДҮНИЕ СӘРУАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

| A | +

Мұсылмандар анасы Айшадан жиені, табиғин Ұруа бин Зұбайыр Пайғамбарымыздың мінез-құлығын айтып беруін сұрайды. Сонда, Айша анамыз: Сен Құран оқымайсың ба? Оның мінезі Құран еді деген екен. Ұруа өмірінде бірде бір күнін Құран оқымай өткізбейтін ғалым еді. Демек, ардақты пайғамбардың әрбір сөзі мен ісі Құранның көрінісі болған.

Құран Кәрімде:

‏قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

«(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы шынымен жақсы көрсеңдер, маған ілесіңдер. Сонда Алла Тағала сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт», ("Әли Имран" сүресі, 31-аят) - дейді. Демек, әлемдер Раббысына деген махаббат Пайғамбар жолын ұстанумен болмақ. Ал, пайғамбарды жақсы көрген жан Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне бөленеді. Міне, мұны жоғарыдағы аят сүйіншілеуде.

Ғалымдар: «Алла елшісіне мадақ айтып, қадірлеп құрметтеу тұтастай дінді мадақтап, қадірлеу болмақ. Ал, Пайғамбарды құрметтемеу тұтас дінге құрметсіздік», - деп тұжырымдайды. Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Сендер мені ата-анасынан, бала-шағасынан және барша адамдардан артық жақсы көрмейінше кәміл иманды болмайсыңдар», - деп айтылған. (Бухари) Ендеше, Пайғамбарға деген махаббат қалай болмақ? Оның тұлғасын танымай, өмір жолын оқымай жақсы көру мүмкін емес. Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті оның көзін көрген сахабалардан үйренуіміз керек.

Меккеде мұсылмандардың жағдайы қиындап кеткен шақ болатын. Адамдар иман еткені үшін қысым көретін. Пайғамбарымыз Ясрибтен Кағбаға тауап етуге келген кісілермен кездесіп, оларды иманға үндеді. Олар мұсылман болып, Пайғамбарды өз қаласына көшіп келуге шақырды. Содан кейін Алла елшісі мұсылмандарға қауіпсіз қала Ясрибке хижрет етуді бұйырды. Осылайша, ұлы көш басталды. Әбу Бәкір де көшпек боп рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбарымыз: «Асықпа, Алла саған бірге шығатын серік беріп қалар», - деп кідіруін сұрады. Көп өтпей-ақ көктен Пайғамбарымызға хижрет ету бұйрығы келді. Уахиді Әбу Бәкірге айтқанда: "Уа, Алла елшісі сізге серік боламын ба?,-деп сұрады. Пайғамбарымыз: "Иә, серік боласың", - деді. Айша анамыз: «Уаллаһи, сол күні әкем Әбу Бәкірдің жылағанын көрмейінше кісі қуаныштан жылайды деп ойламадым», - дейді. (Бухари)

Худайбия келісімі мұсылмандардың жаңа кезеңге аяқ басуына ықпал етті. Сахабаларымен Меккеге бет алған Пайғамбарға мүшріктер қалаға кіріп, кіші қажылық жасауына үзілді-кесілді қарсы болды. Худайбияда бірқатар келіссөздер жүрді. Мекке тарапынан елші боп келген Ұруа бин Масғұд сахабалардың Пайғамбарға деген құрметіне тәнті боп: "Уаллаһи, мен көптеген патшалардың қабылдауында болдым. Батыстың да, шығыстың да патшаларын көрдім. Бірақ Мұхаммедті жолдастары қадірлеп, құрметтегені сияқты ешбір патшаның ұлықталғанын көрмедім", - деген екен. (Бухари)  

Бадр шайқасының қарсаңында мұхажир және ансар сахабалардан Пайғамбарымыз: "Не ойларың бар айтыңдар?", - деді. Сол кезде Әбу Бәкір Пайғамбар көңілінен шығатын сөз айтты. Артынан Омар сөйледі. Үшінші боп Миқдад ибн Амр сөйледі. Үшеуі де мұхажир сахабалар еді. Пайғамбарымыз тағы да: "Ойларыңды айтыңдар", - деді. Сонда ансарлардың туын көтерген Сағд бин Мұғаз: "Уа, Алла елшісі! Сіз біздің ойымызды білгіңіз келіп тұрған сияқты. Біз сізге иман еттік. Сіз әкелген дін ақиқат деп куә болдық. Сізге құлақ салып, бағынамыз деп уәдемізді бердік. Уа, Алла елшісі! Бізді өзіңіз қалаған іске салыңыз. Сізді ақиқат дінмен жіберген Алла атымен ант етейін, сіз теңізге батсаңыз біз де біріміз қалмай соңыңыздан еріп теңізге батамыз. Ертең жаумен бетпе-бет келуден қорықпаймыз. Біз шайқаста сабырлымыз, жауға қарсы келгенде сөзімізді растаймыз. Ертең бізге көңіліңіз толатын жайтты Алла көрсетер. Алланың берекетімен бізді бастап шығыңыз", - деп шексіз сүйіспеншілігін көрсеткен болатын. (Табарани). Хазреті Әлиден: "Алла елшісін қалай жақсы көрдіңіздер?", - деп сұрағанда, ол: "Уаллаһи, ол кісі бізге өзімізден де, мал-дүниемізден де, бала-шағамыздан да, әкеміз бен анамыздан да жанымызға жақын еді», - деген екен.

Сәубан деген Пайғамбарымыздың қызметшісі бар болатын. Оның Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі ерекше еді. Оның ұзақ уақыт көрмей қалса, ұнжырғасы түсетін. Бір күні ол өңі бозарған, жүзінен мұң байқалған күйде келеді. Алла елшісі: "Түріңе не болған?", - деп сұрады. Сонда Сәубан: "Уа, Алла елшісі! Менің ешбір сырқатым жоқ. Бірақ, сізді көрмесем, жалғызсыраймын. Ақыретте сізді көре алмаймын деп ойласам, тұла-бойымды қорқыныш билейді. Сіз Пайғамбарлардың жанында боласыз. Маған жәннат бұйырса да, сіздің мәртебеңізден әлдеқайда төмен жерде боламын. Ал, жәннатқа кіру нәсіп етпесе, мәңгілікке сізді көрмеймін», - деп мұңын айтқан екен. Сәубанның шексіз сүйіспеншілігі құрметіне «Кімде-кім Аллаға және пайғамбарына лайықты түрде мойынсұнса, міне, солар жәннатта Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, сыддықтармен, шейіттермен және ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші!» ("Ниса сүресі, 69-аят) деген аят түскен екен.

Амр бин Ас (р.а.) ақылды, парасатты кісі еді. Құрайыштың мүддесін көптеген патшалар құзырында қорғаған саясаткер болатын. Ол бастапқыда мұсылмандарға көп қысым жасағандардың бірі еді. Дүниеден өтер алдында баласына: "Алла елшісін менен артық жек көретін адам жоқ еді. Сол шақта мүмкіндік тауып, оны өлтіруді қаладым. Егер сол күйімде өлсем мен тозаққа барар едім. Алла жүрегіме иман сыйлағанда Пайғамбарға келіп: "Қолыңызды беріңіз, серт етемін", - дедім. Оң қолын созған кезде қысып ұстап алдым. "Ей, Амр не болды?", - деп Пайғамбарымыз сұрағанда, мен: "Бір шартым бар", - дедім. "Ол не шарт?", - дегенінде: "Күнәмнің кешірілуін қалаймын", - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сен білмеуші ме едің, Ислам өзінен алдыңғыны толықтай жояды. Һижрет те өзінен алдыңғыны жоқ етеді. Қажылық та өзінен алдыңғыны жояды", - деген еді. Сол күннен мен үшін Алла елшісінен сүйікті кісі болмады. Менің көзімде одан қадірлі жан жоқ еді. Оны ерекше құрметтегенімнен дидарына тік қарауға дәтім жетпейтін. Біреу Пайғамбарды суреттеп бер десе, жүзіне тік қарамағандықтан суреттеу қолымнан келмейтін еді", - деп айтқан екен (Мүслім). Міне, бұл - сахабалардың сүйіспеншілігінің теңізден тамшыдай ғана  көрінісі.

...Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жер бетіне жіберілуі - үлкен нығмет. Ардақты Пайғамбарымыз бақилық болған соң сахабалар ол жайлы естеліктер айтып, сағынышын басатын. Сахабалар мен табиғиндер пайғамбарымызға деген сүйіспеншілікпен өмір сүрді. Олардың әрбір ісі сүннетке сай еді. олардың әр сөзі мен әрекетімен Пайғамбарымызға деген ерекше құрмет пен сағыныш сезіліп тұратын. Сондықтан екі дүние сұлтанының өмірін оқу және жұртшылыққа насихаттау аса маңызды.

Бернард Шоу: «Әлем Мұхаммедтей тұлғаға өте мұқтаж. Қазіргі таңда әлем тізгінін Мұхаммед қолына алса біздің барлық мәселеміздің шешім бейбіт жолмен табар еді», - дейді. Британ жазушысы әрі тарихшы Томас Карлайл: «Мұхаммедтің табиғаты риядан және жасандылықтан таза болғаны үшін жақсы көремін» деп жазады.

Бүгінгідей құндылықтар құлдырап, жетімнің күнін кешіп жатқан заманда кемел адам бейнесіндегі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін насихаттау әрі жас пен кәріге үйрену ауадай қажет. Тарихы терең мерейлі мәуліттің мақсаты - Пайғамбардың өнегелі өмірін ел-жұртқа жеткізу. Мың сырлы сүннетін адамдарға насихат ету. Кешегі ата-бабамыз  мәуліт айында бас қосып, Құран тиләуат етіп, Баржанзидің мәуліт жырын оқып, салауат айтып, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббатын білдіретін. Ендеше бүгінгі, біздің мақсатымыз да сол ізгі жолды лайықты түрде жалғастыру болмақ.

 

MUNARA ГАЗЕТІ №20 (50)


Оспан Төлеби Дәділұлы

Алматы қаласының бас имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДІНИ РӘСІМДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ЖАНЫМ - АРЫМНЫҢ САДАҒАСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны МҮБАРАК МӘУЛІТ АЙЫ
Мәуліт - арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы - Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбардың дүниеге келген уақытына байланысты атап өтілетін күн - мәуліт деп аталады. Бұл алғашқы кезде діни мереке болмаған,  кей...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА САЛАУАТ ЖӘНЕ СӘЛЕМ АЙТУ
«Расында Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып және шын ықыластарыңмен сәлем жолдаңдар» (Ахзап сүресі 56-аят)....
Пайғамбар өмірбаяны РАМАЗАН БУТИ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ?
Рамазан әл-Бути – әлемдік ғұлама. Университетте ислам ғылымдарының ішінде пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырынан дәріс оқитын. Бірде ол оқыған лекцияларын кітап етіп, «Фиқһ сира» атымен басып шығарды. Кітап санаулы күнде таусылып кетті де, қайтадан шығаруға тур...
Пайғамбар өмірбаяны МӘУЛІТ АЙЫ МҮБАРАК БОЛСЫН
Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп а...
Пайғамбар өмірбаяны ӘЛЕМДІК ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰХАММЕД ЖАЙЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫ
М.Харт кітабында: «Мұхаммед тарихта қос бағытта: дін және мемлекет саласында айқын жетістікке жеткен жалғыз қайраткер. Ол ешбір теңдесі жоқ дін мен мемлекеттік дара одағын құрды. Бұл жетістігі оны адамзат тарихында ең ұлы тұлғаға айналдырады»,-деп ой толғайды....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР һәм МӘДЕНИЕТ
Мәдениеттілік – әрбір адамға қажет асыл қасиет және ол әдептіліктің, тазалықтың белгісі. Адам баласы өз ортасында мәдениеттілігімен, тазалығымен орын алады, сол арқылы танылады. Кімнің қандай адам екені оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқынан білініп тұрады. Сондықтан адам баласы қоғамда өз орнын таба ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi