ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА САЛАУАТ ЖӘНЕ СӘЛЕМ АЙТУ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА САЛАУАТ ЖӘНЕ СӘЛЕМ АЙТУ

| A | +

«Расында Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып және шын ықыластарыңмен сәлем жолдаңдар» (Ахзап сүресі 56-аят).

Алла Тағала мүміндерге салауат және сәлем айтуды әмір етеді. Кәлима шәһадатта да оның атының аталуын парыз етіп, аты аталмаса иманның толық болмайтынын білдірген. Хазіреті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзбен, яки іс-әрекетпен құрметсіздік көрсету харам болып табылады. Оны мойындамау Алла Тағалаға мойын ұсынбау, оны мазақ ету болып есептеледі. Өйткені, Ол – бізді надандықтан және адасушылықтан құтқарып, Ислам нұрымен шарапаттандырған, он сегіз мың әлемнің Елшісі, мейірімділік пен жақсылықтың көпірі. Алла Тағала былай дейді: «Ант етемін! Сендерге өздеріңнен сондай бір Пайғамбар келді. Сендердің қиналғандарың, оған өте ауыр тиеді. Ол сендерге өте мейірімді, өте жұмсақ және ерекше қайырымды » (Тәубә сүресі 128-аят).

Жоғарыдағы аятта Алла Тағала Өзінің және періштелерінің Елшісіне салауат айтатынын білдіргеннен кейін, құлдарына сендер де біз сияқты салауат айтыңдар, құрметтің ең жоғарғы дәрежесін көрсетіңдер деп әмір етеді.

Демек салауат аятта айтылғандай үш түрлі жол арқылы келеді:

Бірінші – Алла Тағаланың салауаты; екінші – періштелерінің; үшінші – мүминдердің салауат айтуы.

1. Алла Тағаланың Пайғамбарына салауат айтуы. Бұл Алла Тағаланың оған деген мейірімі мен ризалығын білдіруі деген сөз. Сонымен қатар оған жәрдем етуі, оның абыройын асқақтатуы, істерін берекетті етуі, атының дәріптеліп, ақырет сыйлықтарын беруі және айтылған салауатты қабыл етуі деген мағыналарды білдіреді.

2. Періштелердің салауат айтуы. Періштелер Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өте қатты жақсы көреді. Олардың салауат айтуы оған ең жоғарғы мәртебелердің берілуін, дінінің және шариғатының жан-жаққа таралуын, Елшісінің жоғары дәрежелерге қол жеткізуі үшін Алла Тағалаға дұға жасап, кешірім тілеп, ал оған салауат айтқандарға да Алла Тағаладан жақсылықтар тілеуі!

3. Мүминдердің салауат айтуы. Оны құрметтеп, ілтипатпен мадақтап, ол үшін дұға ету деген сөз. Сондай-ақ Алла Тағаладан дінінің жайылуын, абыройының жоғарылауын тілеп, жәннәттағы Мақамы Махмудты және үмметіне шапағатшы болуын жаратушыдан сұрауы дегенді де қоса қамтиды.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат және сәлем айтудың қасиеттеріне байланысты көптеген хадистер бар. Хадистерде кімде-кім бір салауат айтатын болса, Алла ондай пендесі үшін он күнәсының кешірілетінін, бір сәлем берсе он рет сәлеміне жауап беретінін білдірген. Абдулла ибн Абу Талха әкесінен риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні жүзінде күлкі ұялаған қуанышпен келеді. Сахабалар: «Уа, Алла Елшісі, жүзіңізден қуанғаныңызды көріп тұрмыз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған Жәбірейіл (а.с.) келіп мына сүйінші хабарды берді. Алла Тағала былай деді: «Үмметіңнен біреу саған бір салауат айтса, Мен оған он рет истиғфар етемін. Ол саған бір сәлем айтса, Мен оған он сәлем айтамын. Бұл сені қуандырмай ма?», - деді мен де «иә» дедім (Нәсәи, Сәһу 55).

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат және сәлем айту Алла Тағаланың ризашылығын алуға себепкер болады, олай болса бізге Ислам нұрымен һидаят (тура жол) берген Пайғамбарымызға шынайы ықыласымызбен салауаттар айту борыш болып саналады. Тағы бір хадисінде: «Қиямет күнінде адамдардан маған ең жақын болатындар маған ең көп салауат айтқандар болады», - деді (Тирмизи, Уитр 21). Адам баласы жақсы көргенін тілінен тастамай әр уақыт еске алып, оның атын айтып жүреді. Әрбір мұсылман Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінен де жақсы көріп әрдайым аты аталғанда оған салауат және сәлем айтуды ұмыт қалдырмауы тиіс. Сүйікті Пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деп аты аталғанда ерекше әдептілік танытып құрметпен «оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын», «Аллаһумма салли ала Мухаммед», «Саллаллаһу ала Мухаммед» немесе «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм», дейтін болсақ салауат айту міндетін орындаған боламыз.

Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадис шарифте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған салауат айтқандарыңда, мен үшін Алла Тағаладан «уасила» сұраңдар» деді. Сахабалар, Уа, Алла Елшісі! «Уасила» деген не - деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уасила – жәннәттың ең жоғарғы дәрежесі, ол жерге тек қана бір кісі барады. Ол мен болуым мүмкін» (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 2, 256). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үшін уасила сұрау, оның шапағатына бөленуімізге себепші болады. Ал азан шақырылғаннан кейін дұға оқу, қиямет күні Алла Тағаланың рұқсатымен Пайғамбарымыздың шапағат беретініне  ишарат етеді.

Уа саллаллаһу ала сәийдина Мухаммәдин уа ала әлиһи уа сахбиһи уа сәллим.

 

Саясат Көкенай

«Байкен» мешітінің

наиб имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
МҮБАРАК МӘУЛІТ АЙЫ РАМАЗАН БУТИ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны РАМАЗАН БУТИ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ?
Рамазан әл-Бути – әлемдік ғұлама. Университетте ислам ғылымдарының ішінде пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырынан дәріс оқитын. Бірде ол оқыған лекцияларын кітап етіп, «Фиқһ сира» атымен басып шығарды. Кітап санаулы күнде таусылып кетті де, қайтадан шығаруға тур...
Пайғамбар өмірбаяны МӘУЛІТ АЙЫ МҮБАРАК БОЛСЫН
Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп а...
Пайғамбар өмірбаяны ӘЛЕМДІК ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰХАММЕД ЖАЙЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫ
М.Харт кітабында: «Мұхаммед тарихта қос бағытта: дін және мемлекет саласында айқын жетістікке жеткен жалғыз қайраткер. Ол ешбір теңдесі жоқ дін мен мемлекеттік дара одағын құрды. Бұл жетістігі оны адамзат тарихында ең ұлы тұлғаға айналдырады»,-деп ой толғайды....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР һәм МӘДЕНИЕТ
Мәдениеттілік – әрбір адамға қажет асыл қасиет және ол әдептіліктің, тазалықтың белгісі. Адам баласы өз ортасында мәдениеттілігімен, тазалығымен орын алады, сол арқылы танылады. Кімнің қандай адам екені оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқынан білініп тұрады. Сондықтан адам баласы қоғамда өз орнын таба ...
Пайғамбар өмірбаяны Оның мінез-құлқы Құран еді...
Қасиетті Құран Кәрім Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түскендіктен, екі дүние сәруары Алланың сөзіне айрықша мән беріп, оған амал етіп, оны бірден жаттауға тырысатын....
Пайғамбар өмірбаяны Мәуліт мейрамының тарихы
«Мәулід» - тілдік тұрғыда «туған күн» немесе «туылған жер» деген мағыналарды білдіреді. Діндегі мағынасы - Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні. Яғни, мәулид делінгенде ең бірінші пайғамбарымыздың туған күні еске келеді. Пайғамбарымыз миләди 570 жылы (кей есеп бойынша 569 немесе 571 жыл), Р...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:30

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi