БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

| A | +

Тумысы туралықтан, тамыры тектіліктен ажырамаған әрбір ұлт бейбітшіліктің бесігінде тербелгенді құп көреді. Тыныштығын ұрлатып тұралап қалған елдер қаншама?! Қаншамасы зеңбірек үнінен мез-зең болып жүр?! Қаншама сәби соғыс дейтін сұрқияның кесірінен бақытты балалық шағы мен алаңсыз өмірін алаңдаушылыққа айырбастады?!

Қарап отырсаңыз, адамзат дәуірінен бастау алған соғыстар пенде шіркінді ешқашан бақытты күндерге жетелемеген. Ал енді біздің жағдайымызға аз-маз көз тастап көрейікші. Жаратқанның шексіз мейірімінің арқасында шекарамызға сұғанақтаған жау мен оның сыртындағы даудан аманбыз. Әрине, әркім де болса өз елінің, жерінің өсіп-өркендеуін аңсайды, өз халқының ашық аспан астында алаңсыз ғұмыр кешуін тілейді. Алайда, сол алаңсыз тірлік кешу үшін де бір идея төңірегінде топтаса білуіміз шарт. Табиғатымыздағы татулық деген ұстынымызды ұсақтатпай, береке мен бірлікті даму темірқазығымыз еткен жөн емес пе?!...

         Қазіргі күні құшағымызға  130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін сыйдырып, тату да тәтті өмір кешіп келеміз. Кеңпейілдігіміз бен қонақжайлығымыздың арқасында егемен еліміз бірлік пен достықтың алтын ордасына айналды.

         Біздің өмірлік тәжірибемізде «бірліктің» мән-мағынасы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Ата-бабамыздың «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтелдері де айтпақ ойымыздың ауанына саяды. Бірлікті бүлікке ұластырып, бітімгершілікті терістейтін кейбір ыдыратушы, ірітуші күштер – күншілдік, іштарлық, араздықтық сынды кеселдерді арқылы халық арасында алауыздық туындатуды көздейді. Олардың өресі төмен өлермендігінің қасында елдіктің береке-бірлігі анағұрлым маңызды. Себебі, бірлік біз үшін – елдіктің, ұлт болып ұйысудың басты кепілі. Кешегі дуалы аузына уәлі сөз қонақтаған би-шешендеріміздің, адамгершіліктің алдаспаны болған ақсақалдарымыздың ел ішіндегі бірлік пен татулыққа ерекше көңіл бөлгені тектен-тек емес.

         Қай заманда болмасын ел ішіндегі береке-бірлік, көрші-қолаңмен татулық ең маңызды рөлге ие болатын. Өйткені, жер бетіндегі өзара келіспеушілік пен дүрдараздықтар белгілі бір мемлекеттің шаңырағының шайқалуына, ел іргесінің сөгілуіне әсерін тигізбей қоймайтын. Сол себептен де  соңына сөнбес қасиет пен өлмес өсиет қалдырған Қаз дауысты Қазыбек би: «Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман, екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман» - десе, Хакім Абай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» - деп, бірлік болмай тірлік өнбесін анық аңғартты.

         Қазақтың бірлігін Хакім Абай да, еңбектерінің негізінде халықты бірлікке шақырып, елін еркіндікке сендіре алған, нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ұлы істер толқыны бола білген ұлт көсемі Әлихан мен Ахмет бастаған Алаш арыстары да армандап өтті.

         Иә, еліміз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, сәт сайын өсіп-өркендеп келеді. Елдің іргесінің бекем болып, кез келген жағдайда шаңырағы шайқалмауының кепілі – бірлік пен тұрақтылық екенін асыл сөзді бабалар өсиетінен анық аңғаруға болады. Бірлік түбі – береке. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі – оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі – әсте де тың құбылыс емес. Бұл ретте, Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

         Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді сақтай отырып дамуда. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Мемлекет мұраты болып саналатын – ұлтаралық татулықтың, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту айрықша маңызға ие. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Тәуелсіз мемлекет атанып, ұлт болып ұйысу сүрлеуіндегі ұлттық келісім мен дінаралық татулықты қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті міндеті болып отыр.

 

Назаров Наурыз Исроилджанович

"Омар ибн Ал Хаттаб" мешітінің наиб имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИНТЕРНЕТ ИІРІМІНДЕГІ ҚҰРБАНДАР ФАНАТИЗМ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам АҚПАРАТ
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы               «Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қазан айында  атқарған жұмыстары туралы ақпарат...
Қоғам ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ИСЛАМ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ РӨЛІ
Елімізде Исламдық бірегейлік Ханафи мазхабының доктринасы контексінде қалыптасты, олар басымдықтар ретінде этикалық императивтерге және басқа діндер мен мәдени дәстүрлерге қатысты төзімділік орнатуды ұсынды....
Қоғам ДІНИ РӘСІМДЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Қазақ халқының бойында  бабалардан келе жатқан өте ерекше бір қасиет бар. Ол – діни рәсімдерге құрмет. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ең үлкен құндылықтарымыздың бірі осы болса керек....
Ислам әдебі ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Дінаралық келісімнің міндеті – түрлі дін өкілдері арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты, толерантты ара-қатынасты орнықтыру. Өз кезегімізде біз дінаралық келісім сақтау арқылы діни саладағы түрлі шиеленістердің алдын алып, берекелі бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз....
Қоғам ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...
Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар. Олар: Отбасы, Сыртқы орта («көше»), Мектеп, Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет. Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді, жалпы мұсылман қоғамының ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істе әрдайым тізе қосып, біріге қи...
Қоғам ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ
Экстремизм түсінігі латын тілінде extremus сөзінен шыққан, яғни «шеттеу», «шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттерге жақын тұратын», соның ішінде тәртіпсіздікті өршіту әрекеті, азаматтық бағынбаушылық, террорлық акциялар, партизандық соғыс әдістері кіреді. Осындай топтардың негізгі ерекшеліктері ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 04:20

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi