БАЯНДАМА: "Исламдағы дінаралық келісімнің орны"
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

БАЯНДАМА: "Исламдағы дінаралық келісімнің орны"

| A | +
Адам баласының болмысы ұлы социолог ғалым Ибн Халдун айтқандай қалалық өмірге бейім, қоғамшыл болып табылады. Оның бұл қасиеті тарихтың таңынан бастап топтасу, жиналу сияқты әрекеттерге жетеледі. Мұндай нәтижеден кейін адам қоғамының мүшелері өзара ықпал мен қарым-қатынасқа тап болды. Әрине, бұл үшін қоғамдық өзара келісімдер мен түсіністіктер қалыптасу керек еді.
Міне осы тұста мақсат орындалу үшін адамзат қоғамы өзара диалог жүргізуге кірісті. Ал жиырмасыншы ғасырда, диалог жеке көтеріліп, ең өзекті мәселе болып қарала бастады. Өркениет және дінаралық диалог жүргізіп, әлем халықтарының арасында келісім орнату мақсатымен түрлі шаралар өткізілуде. Соның айғағы ретінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында үш жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады. Бұл бастама әлем жұртшылығының тарапынан кең тұрғыда қолдау тауып отыр. Діні мен мәдениеті әртүрлі ондаған елдердің діни өкілдері қатысып келеді. Олардың арасындағы өзара сұхбат татулық пен түсіністіктің дәнекері екені бүкіл әлемге жария етілді.           
Осылайша, еліміз егемендік алғалы, алқалы жиындарда бой көрсетіп, әлем жұртшылығы алдында танылуда. Тіпті, өзара қырқысқан кейбір алпауыт елдерді мәмілеге шақыру сынды бейбіт іс-шаралары, татулық, сенім және келісім жолындағы табанды ұстанымының арқасында қазақ елі әлем жұртшылығы алдында беделге ие болып, саясат сахнасында өзіндік орны бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл игі іс-шаралар Америкалық Фукаяма мен Хантингтон сияқты саясаттанушы-сәуегейлердің «Өркениеттер қақтығысы» атты теориясымен тұспа-тұс келгендіктен, маңызы тіптен арта түсті.
Қай ғасырда, қай жерде болса да адамдар көзқарасының әртүрлі болуы, әркім өз пікірінің дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында олардың арасында пікірталастар пен өзара сұхбаттың орын алуы болмыс заңдылығы. Себебі, бұл заңдылық жаратушы тарапынан бекітілген. Адамдар арасындағы айырмашылық турасында Құран Кәрім: "Аспандар мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы оның (құдірет) белгілерінен, әлбетте білгендер үшін бұл мәселеде ғибраттар бар" ­ дейді [1, 30:22].      
Жоғарыда аятта айтылған сыртқы көріністегі айырмашылық адамдардың ойларының, пікірлерінің, қалауларының, бағыттарының әртүрлі болуының заңдылық екеніне үлкен дәлел. Сонымен қатар Құран: «Егер Раббың қаласа адамдарды бір ғана халық етіп жаратар еді, бірақ олар өзара таласа береді, Раббың рақым еткен адамның жағдайы басқа, олар сол үшін жаратылған еді» ­- дейді   [1, 11:118, 119].      
Осы орайда айта кету керек мәселе, ислам шариғатында өзге дін өкілдерін ортақ сөзге шақыру бұйырылған. Бірақ, міндетті тек шақырып қана қоюмен шектейді. Алла тағала: «Дінде еш зорлық жоқ...» [1, 2:256] «егер олар қабылдамай теріс қараса, сенің міндетің тек жеткізу ғана,» [1, 14:82] деген аяттар арқылы қазіргі заманда жалпыәлемдік ұран болып тұрған төзімділік-толеранттылық ережесін он төрт ғасыр алдын айтып кеткен.
Демек, Ислам діні адам баласының пікірлеуде, ойлауда, қалауында өзара қайшы келуін және таласуын оның болмысының ажырамас бөлігі деп біледі. Сондай-ақ, барша адамды бір дінге жинау міндетінің мүмкін емес екенін мойындайды. Ғалымдар мен данышпандарға шамасы жеткенше адамдар арасында ақиқатты таратуды жүктейді. «Сондықтан олар қарапайым халықты бастап жүру міндетін атқаратын болғандықтан, әрбір сөзінде, берер пәтуасында жан-жақты зерттеп, толығымен ізденіп сөйлеуге тиісті». [2]   
Кейде өкінішке орай ислам діні, ислам әлемі, ислам мұрасы турасында әлем жұртшылығының көзқарасында теріс ұғымдар бар екенін байқаймыз. Себебі, мұсылмандардың және ислам әлемінің өзара ішкі проблемалары сыртқы көзді ислам үмметіне қатысты керағар көзқарасқа жетелеп отыр. Мұның өршуіне әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының да қосып жатқан үлесі жоқ емес. Міне осындай жағдайлар етек алып бара жатқан шақта, «ислами терроризм, экстремизм, радикализм, фундаментализм немесе ислам диалогқа жарамсыз және басқаны мойындамайды, қабылдамайды» деген даурықпа жалаларға жауап беру заман талабы болып тұрғандай.
Астана қаласында өткен дін өкілдерінің бас қосулары осындай көптеген керағар пікірлер мен көзқарастарға өз жауабын берді. Мұндай жиындар біздің ата дінімізге жат құбылыс емес, керісінше, оның бұлақ көзі Алланың сөзінен бастау алады. Өзге дін өкілдерін сұхбат арқылы ортақ мүддеге шақырған қасиетті кітап – Құранда бұл туралы: «(Елшім), былай де: Ей, кітап иелері! Келіңдер, сендер мен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік....» [1, 3:64] - деп айтылады.
Осылайша, христиандар мен яхудилерді ортақ мүддеге шақырған Құран, мұсылмандарға басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Аллаға сенбейтіндерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауды тапсырады. Алла тағала: «Олардың Алладан өзгеге сыйынғандарын сөкпеңдер, білместікпен Аллаға тіл тигізіп жүрер, осылайша әрбір топқа өз істерін әсемдеп қойдық.... » - дейді [1, 6:108].
Құранды негіз етіп алған хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дәуірінен бастап, өзге дін өкілдері мұсылман өлкелерде тыныштық пен сенімде өмір сүрді. Сол заманнан бастап басқа дін өкілдерімен келісім шартқа отырып, олардың құқығына қол сұқпай, діндері мен өздерін құрметтеу ресми түрде қалыптасты. Осы сөзіміздің айғағы ретінде «Медина қаласындағы яхуди тайпалары, яғни Бану Құрайза, Бану Қайнуқағ және Бану Ан-надирлермен болған өзара келісім шарттарды айта білеміз» [3, 253-254 б.].
Мұның бәрі де мұсылмандардың ислам дінінің әлемдік жолдау екенін түсінгендіктен еді. Ислам тарихындағы ең алғашқы диалог мұсылмандар мен құрайш мүшіріктерінің арасында болды. Тарихтағы дінаралық диалогтың мысалы ретінде, сахабалар Эфиопия еліне көшіп барған кезде мұсылмандар мен Нажжаши патшаның арасында «ислам діні Иса алайһи салам мен оның анасы турасында не дейді» деген тақырыпта өткен сұхбатты айтса болады. 
Пайғамбар (с.ғ.с.) Медина қаласына көшіп келгеннен кейін яхудилермен арада кең ауқымда диалог жүре бастады. Құран көптеген аяттарда Пайғамбардан (с.ғ.с.) кітап иелерімен сұхбат жүргізуді талап етті. Сол аяттардың көпшілігі «Ей, кітап иелері!» [1, 4:171, 5:15, 19, 59, 68, 77]  деген қаратпа сөзбен басталатын еді. Құран иудашылар мен христиандарды “Әһл кітап” яғни қасиетті кітап түсірілгендер санатына қосып, басқа дін өкілдерінен ерекшеледі. Мұсылман елінде бейбіт жағдайда күн кешіп, тең дәрежеде өмір сүрген иудашылар мен христиандардың ішінен әр кезеңде ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері де шығып отырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрайш мүшріктерінің талап-тілектерін қабыл алып, олармен Худайбия келісімін де жасаған болатын.
«Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «ислам жерінде кімде-кім мемлекеттің қамқорлығына алынған басқа дін өкілдеріне тіл тигізсе, азар берсе ол Алла мен исламның қорғауын жоғалтады» деген сөзі өзге дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне кепіл болды. Осылайша, қоғамдағы көпұлттылық, сенім мен нанымның түрлілігін мойындау ислам мәдениетінің абсолюттік ерекшелігі болды» [4].
Пайғамбар дәуірінде Нажран өлкесінен Медина қаласына христиандардың бір тобы келіп бірнеше күн тұрақтайды. Сол келгенде олар тек жата бермей, ислам Пайғамбарына келіп пікір алмасады. Енді бір қызығы, олар христиан дінінің өкілдері бола тұра, Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға мұсылмандардың мешітінде құлшылықтарын жасауға рұқсат берді. Сахабалар оларды тоспақ болып ентелеген кезде, «тимеңдер оларға» деп тоқтатты [5, 511 б.]. Бұл оқиғаға байланысты Али Имран сүресінің басында сексеннен аса аят келеді. 
Ислам дінінің тарих таңынан қаншалықты кең және төзімді болғанын жоғарыда айтылған оқиғадан анық көреміз. Басқа дін өкілдері ислам негіздері мен ережелеріне сәйкес құлшылық жасамайтыны белгілі. Солай бола тұра, оларға деген төзімділікті сақтауды Пайғамбар (с.ғ.с.) «тимеңдер оларға» деген сөзі арқылы үйретуде.
Сол секілді, Пайғамбар (с.ғ.с.) Ади ибн Хатим Аль-Таииді мешітте күтіп алды. Ол қоғамындағы өз дініне қайшы болып жатқан істерді әңгімелеп берді. Пайғамбар (с.ғ.с.) олардың қателігін даналықпен айтып, дұрыс бағытты көрсете білгендіктен, келген қонақ ислам дінін қабылдап еліне қайтты [6, 2108 х.].
Ислам билеген тарихтың басқа дін өкілдерін ескермеген кезін көре алмаймыз. Мұсылмандардың екінші халифасы (патша) болған хазіреті Омар бірде қайыр тілеп жүрген қария еврейді көргенде, «қалай ғана жас күніңде сенен "жизиа" (Әһл кітаптың салығы) алып пайдаланып, қартайған шағыңда тастап қоямыз» деп оларға мемлекеттің есебінен қаржылай көмек бөлуге бұйрық шығарды.
Шам маңында монғол әскерімен бітімге келген мұсылмандардың елшісі тек мұсылмандар ғана емес, өзге дін өкілдері де тұтқыннан толық босатылмай, келісімге келмейтіндігін айтқан. Сүйікті Пайғамбарының: «Сіздерге Әһл кітапты, яғни христиандар мен иудашыларды аманат етемін» деген хадисін бұлжымас әмір ретінде қабылдаған болатын. Оның сөзіне таңырқай қараған қарсы тарапқа «өзге дін өкілдерінің мұсылмандар үшін аманат екенін айтып, аманатқа қиянат жүрмейтінін» мәлімдеген.
Қоғамдағы басты әлеуметтік қағидалардың бірі ретінде ислам діні халықтың мүддесін қорғау үшін «өзара қарайласу» ісін жүзеге асыруды мемлекеттің басты қызметтерінің бірі етті. Сондай-ақ, оның оның атқарылуына мемлекет өзі кепіл болды. [7, 133 б.].
Тарихтан белгілі Андулусияның талқандалып, оның бейбіт тұрғындарын жаппай қырып-жоя бастағанда құрып кету қаупі туған жергілікті яхудилер Осман мемлекетіндегі мұсылмандарды паналаған еді. Мысалдар тізбегін осылайша жалғастыра беруге болады.
Бұл орайда біздің айтпағымыз, адамгершілік қасиеттерді ардақтап, қастерлеу және адам құқығын аяққа таптатпай, асқақ ұстау – ислам дінінің басты принциптерінің бірі. Сондықтан, исламды кеңдік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің діні деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда және қадым тарихтан бері қазақ елінде көптеген сенім өкілдерінің тату-тәтті ғұмыр кешуі де бұл сөзіміздің бір айғағы іспеттес.
Олай болса, әлемдік қауымдастықтың 2001 жылды «Өркениеттер диалогы жылы» деп атауының өзіндік маңызы мен мағынасы бар екені белгілі. Себебі, адам баласы жер бетінде пайда болғалы, өмір сүру қағидаттары болып қалыптасқан құндылықтар бар. Осы құндылықтарды сақтаудың нәтижесінде қоғам қалыптасып, тату-тәтті өмір сүру үрдісі пайда болды. Бұларды адам баласының өміріндегі жақсы қасиеттер мен үйлесімді өмір салтына жетелейтін әдіс-тәсілдер деуге де болады.
Бұл құндылықтарды адам баласы мектептен, институтқа оқуға түсумен, университетте білім алумен немесе диссертация қорғаумен ғана үйренбейді. Адамзаттың болмысымен, табиғатымен бірге келе жатқан қасиеттер. Мысалы адам баласы шындықтың жақсы, ал жалғанның жаман қасиет екенін әуел бастан білген. Адам баласы осы құндылықтарды дұрыс түсінбеген немесе сақтай алмаған кезде үйлесімді өмір сүру салтынан айрылады. Адам қоғамында қарама-қайшылықтар мен қолайсыз жағдайлар етек ала бастайды.
Сондықтан қазіргі кезде әлемдік деңгейде жүргізіліп жатқан жаһандану саясатының бағыттары мен шараларын адами және моральдық, соның ішінде әділдік пен теңдік секілді құндылықтармен азықтандыру өте маңызды деп санаймыз [8].    
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  1. Алтай Х. Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі – Медина: Екі Харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шариф басым комбинаты 1990 – 604 б.;
  2. Нажиб Шариф А., Ғалымдар мен дағуатшылардың қателіктері жөнінде ақыл иелерінің ұстанымы // http://www.saaid.net/Doat/Najeeb;
  3. Аль-Хадрами М.О. Сират Аннаби аль-мухтар – Бейрут: Дар аль-Хауи, 1997 – 512 б.;
  4. Исламдағы диалогтың мағынасы және қазіргі замандағы шынайы өмір // http://ar.jurispedia.org/index.php/;
  5. Ибн Хишам. Пайғамбар өмірбаяны – Бейрут: Рисала баспасы, 1998 – 670 б.;
  6. Имам Табарани. Муғжам Кабир – Мусил: Мактаба аль-ғулум уа аль-хикам, 20 томдық, 1983ж.;
  7. Рифаъи М.Ф., Ислам мәдениеті – Алматы: Дәуір, 2007 – 240 б.;
  8. Сабит А., Өркениеттер диалогы... саясаттың едені мен мәдениеттің шатыры//http://www.islamonline.net/servlet/Satellite?c=ArticleA_C&cid=1184649258800&pagename=Zone-Arabic-ArtCulture%2FACALayout.
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Алматы қаласы бойынша өкілі,
Алматы Орталық мешітінің Бас имамы
Е.К.Шохаев
Авторы Еркінбек Шоқай

Алматы Орталық мешітінің бас имамы

Предыдущий Следующий
БАС МҮФТИ: МҰХАРРАМ АЙЫ – МҰСЫЛМАНША ЖЫЛ БАСЫ КІТАП ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Муфтият: қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денистің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тілейміз, қайғысына ортақпыз.
Исламдағы қаржы мәселесі Еврей ұлы Джад қалай Исламды қабылдады?    
50 жылдай бұрын Францияда Ибрагим есімді қарт түрік тұрған, оның шағын азық-түлік дүкені болыпты. Бұл дүкен бір пәтерінде еврей жанұясы тұратын ғимаратта орналасқан екен, ол жанұяда жеті жасар Джад есімді ұл болған. Кішкентай Джад Ибрагим ағаның дүкеніне өз жанұясына қажетті тамақ алу үшін күнде кел...
Қоғам Орамал төңірегіндегі ой
Қазіргі уақытта дініміз бұйырған шарттардың ішінде жұрттың көңілі толмай, арасында күмән тудырып, наразылыққа да ұшырап, үлкен дауға айналған тақырып – хижаб мәселесі....
Қоғам Туыстық байланыс
Біз туыстық байланыстың құндылығы жайында көп айтамыз, бірақ, туыстық байланыстың Алланың заңынан жоғары болмайтынын айта бермейміз. Біз ата-ананың жоғары дәрежесі жайында көп сөз қозғаймыз, бірақ, кейбір ата-аналардың Өздерін жаратқан Раббысының разылығы...
Қоғам Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді: «Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің араласуыңызды қалайтындарға осы жайлы сұрақ қойыңыз. Не үшін?...
Қоғам Әйеліме лайк басшы, бауырым!
Біз әлеуметтік желілердің парақшаларында хиджаб киген тұрмыстағы қыз-келіншектердің суреттерін ауық-ауық көріп тұрамыз. Кейде олар өз суреттерін өздері шығарады, кейде күйеулері жариялап жатады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 01:29

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi