Туыстық байланыс
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Туыстық байланыс

| A | +
Исламды аз да болса үйреніп жүрген адам туыстық байланыстың құндылығы мен маңызын жоққа шығара алмасы хақ: ол туралы Құранда және Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерінде баяндалады. Бұл мәселеге ғұламалар қалам тартып, кітап жазса, ұстаздар дәрістерінде баяндайды, имамдар мінберден әңгімелейді. Туыстық қарым-қатынасты үзу көптеген жағымсыз салдарларға алып келеді, ал, оны сақтау Алланың разылығын және берекесін береді. Қысқаша айтар болсақ осылай.  Осы тақырып қозғалған сайын, аса мән берілетін нәрсе де осы.

Тарихқа үңілер болсақ, Исламның бауырлар бір-біріне, ұлы әкесіне қарсы шығып, туыстық қарым-қатынас қатыгездікпен шорт кесіліп жатқан ахуалда қалыптасқандығын көреміз. Бұл өз дініңді сақтап қалу үшін және оны емін-еркін, алаңсыз, тиісті түрде ұстану құқығына қол жеткізу мақсатында оны қорғап қалу үшін мәжбүрлі түрде қабылданған шара болатын. Бұл дерек әлдеқайда сирек айтылады, десе де, ол бар және оны да ескергеніміз абзал. Кейбір жағдайларда Алланың разылығы немесе адамдардың разылығы (тіпті олар жақын туысқандарың болса да) деген таңдауға кезіккен мұсылманға осы тарихи дерек бағыт-бағдар көрсетуі керек.

Кейбіреулерге Ислам тарихы оның іліміне қайшы келетіндей көрінуі ықтимал. Бірақ, олай емес. Ислам туыстық қарым-қатынасты қадірлеуге үндейді және оны қолдап отыруды талап етеді, бірақ, дінге зиян келтірмей. Туысқандық қарым-қатынас үшін Исламның міндетті үкімдерінен бас тартуға болмайды. Әйткенмен, сол үшін туыстарыңа соғыс жариялау да міндет емес. Бірақ, өкінішке орай, мұндай жағдайдан туыстарымен қақтығыспай өту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті керек десеңіз, кейде бұл, кейбір апалар мен аталар кеңес ететіндей, дініңді егде жасқа келгенге дейін жүректе сақтап, қартайғанда ғана құлшылық жасау емес, оны осы кезден шынайы ұстанудың бірден-бір жолы болуы әбден мүмкін. Бір қызығы, соны айтатын апалар мен аталардың өздері мосқал тартқан жаста болса да, неге екені белгісіз, дін үкімдерін орындамайды. Жас кездерінде ерте болды, ал, енді тым кеш шығар, шамасы. Бұл ет қосылған бәліш жайлы ескі әзілге ұқсайды:
 
- Еті қайда?
- Әлі жеткен жоқсыз.
- Енді қайда?
- Өтіп кеттіңіз. 

Мұнда үлкен мәселе жатыр. Мәселе, әрине, бәліште де, етте де емес. Қазіргі буынның бұрынғы буыннан артық екенінде де емес. Мүлде олай емес, яки әрдайым олай бола бермейді. Мәселе – біздің ата-аналарымыздың және ата-аналарымыздың ата-аналарының буыны Исламнан мақұрым болғанында және барып тұрған жалған жолда жүргенінде. Ол жолдың жалған екендігі анықталғанда олар бұрынғы адасуларына жаңа адасулар жамап, тағы да басқа жалған жолға бет бұрды. Қарапайым тілмен айтсақ осылай. Бұл тақырып біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі әрі терең. Бірақ, біз оның тереңіне бойламаймыз, бұған кімнің кінәлі екенін де анықтап жатпаймыз. Тек мұның соңы неге әкелгенін әңгімелейміз. 
 
Бұл діни надандық қана емес, жалпы надандыққа алып келді. Себебі, жалған идеологияға негізделген білім, ұстанымдар және құндылықтар өмір жайлы, ең бастысы, өмірдің мәні жайлы бұрмаланған түсінік қалыптастырады, сондай-ақ, ол тек жаңа адасуларды туғызады, сол адасулар бірінің үстіне бірі жамалып, идеологиялық, интеллектуалдық, рухани және адамгершілік тұрғыдан кесірлі быламыққа айналады. Жөні түзу діндар адам ондай быламықты өмірлік қағидасы етіп ұстана алмайды. Соның нәтижесінде, біздің туыстарымыз (әсіресе, бұл бізге билік ете алатын және бізден беделі басым жақындарымызға қатысты) Исламға апаратын жолдағы ең бірінші әрі басты кедергіге айналуда. Солардың ең басында ата-аналар тұрады.

Олар «исламдық лаңкестіктен», Әл-Каида және Бен Ладеннен шошып қалған, сондықтан, балаларының діни сектаға кіріп кетуінен қорқады деп, бәрін соған әкеп тіреудің қажеті жоқ. Олар бұдан да қауіптенуі мүмкін, бірақ, бұл олардың дінге деген төзімсіздігінің бірден-бір, тіпті басты себебі емес. Алайда, неофит балалары үйіндегілердің дүкеннен алған кез-келген етін жемей, ішімдік қойылатын дастарханға отырудан бас тарта бастағанда, мұндай қорқыныш міндетті түрде туындайтыны сөзсіз. Ал, егер олар Жаңа жыл және 8-ші наурыз секілді «қасиетті» мейрамдарды тойлаудан жалтара бастаса (бұл әбден мүмкін, тіпті олар дінді алғаш ұстана бастаған кездеріндегі құлшыныстың күшімен мұндай мәселеде абайсыздық танытуы да мүмкін), оларға «экстремист» деген таңба таңылатыны анық.

Әзірге экстремизм жайлы сөз болып жатқан жоқ, десе де, дін жайлы әңгімелердің бәрінде оның көлеңкесі басты «козырь» ретінде қосарланып жүреді. Ал, ол «козырьге» қарсы уәж табылмасы анық. Мұнда университетте оқу, жұмыс, мансап, үйлену немесе тұрмысқа шығу, «жас кезіңде күліп-ойнап қал» санатындағы жастық шақтың қуаныштары және т.б. сынды қарапайым нәрселер жөнінде сөз болып отыр. Иә, әрине, бұл ата-ананың баласына қамқорлығының, оған жақсылықты тілегенінің салдарынан десек болады. Бірақ, шынымен де жақсылық сол ма? Бар мәселе сонда. 

«Имамға сұрақ» айдары жұмыс істеп тұрған кезде бізге орамалға байланысты көптеген хаттар мен қоңыраулар кеп түсіп жатты. Орамал таққан жас әпке-қарындастарымыз әке-шешелерінің, әсіресе, аналарының тарапынан нағыз қудалауға ұшырай бастаған. Долы әйелдер қыздарына деген махаббатын, қамқорлығын және тағы басқа да игі ниеттерін сылтау етіп, қыздары хиджаб кисе, өз-өздеріне қол салатындарын айтып үркіткен, естерінен танып құлаған, қалтырап, дірілдеген, ауыздарынан көбік аққан, тілазар, қайырымсыз қыздарын төмпештеп ұрған, бастарынан орамалдарын жұлып алған, өздерінің және қыздарының шаштарын жұлған, өкірген, қыңқылдаған, наразылық білдіріп, шағымданған, «жедел жәрдемді» шақырған, сондай-ақ, қыздарына «не орамал, не анаң» деген таңдау қойған.

Анағұрлым сабырлы және естілері орамалдың оқуға, мансапқа, тұрмысқа шығуға және бастың терісіне келтірер «зияны» жөнінде әңгіме-дүкен құрған. «Сені ешкім жұмысқа алмайды», «тұрмысқа шықпай қаласың» немесе, керісінше, «тележұлдыз болудың орнына тұрмысқа шығып алып, өмір бойы балалармен төрт қабырғаға қамалып отырасың!» және т.б. Қысқасы, әркім қолынан келген қулығын қолданып баққан. Көп жағдайда қамқор ата-аналар осындай алдын-алу шарасына мүмкін деген адамдардың бәрін қатыстырып жатады: аталарын, апаларын, ағаларын және тағы басқа да туыстарын, көршілерін, мұғалімдерін және заманға сай жүретін құрбыларын. Сөйтіп, солардың бәрі «ортағасырлық қараңғылық, артта қалушылық» шыңырауына құлап бара жатқан әлгі қызды әлемді құтқарғалы тұрған сұлулығын жасырудан айнытуға тырысып, барын салады. Керек десеңіз, бұған имамдарды да араластырады. Бәрінен де таң қалдыратыны, қыздың әке-шешесіне кимешектің маңызы мен құндылығы жайында айтудың орнына оған кимешек киме дейтін таланттар да табылып жатады.
 
Үйінен шығып бара жатқанда, анасының басындағы орамалды жұлып алғандығын бірнеше жыл бұрын бір қарындасымыз айтып берген еді. Ал, ол есіктің алдында жатқан еден жуатын шүберекті алып, басын жапқан. Содан кейін ғана анасы қызының хиджабты шешпейтінін, түсініп, оны жайына қалдырған.
 
Орамалды былай қойғанда, қазіргі заманғы өлшем бойынша, ерте тұрмысқа шығу да мәселе болып табылады. Мұнда 13 немесе 15 жаста күйеуге шығу жайлы сөз болып тұрған жоқ. Біздің заңымыз бойынша, кәдімгі кәмелетке толған қыз балалар жөнінде сөз болуда. Жарайды, 20 жас делік. Бұл ерте ме? Біздің ертеректегі ата-бабаларымыздың өлшемі бойынша, бұл тіпті кеш. Бірақ, біз ата-бабаларымыздан әлдеқайда білімді болғандықтан, олардың өлшемімен өмір сүрмейміз ғой. Ал, білімділер сол білімді алулары керек, содан соң алған білімдерін жүзеге асырулары керек (әйтпесе, не үшін оқыды?), содан кейін барып қана жастық шағы сола бастағанда отбасын құру туралы ойлана бастайды. Балаларының жаны бар, тәні бар тірі адам екендіктері, олардың физиологиялық қажеттіліктері бар екендігі, сол қажеттіліктерді қалай да өтеу керек екендігі олардың ата-аналарына маңызды емес. Сол қажеттіліктердің некеден тыс өтелуі үлкен күнә екендігі де маңызды емес. Олардың түсінігінде жалпы күнә деген ұғым атымен жоқ. Сол себепті, олардың сол қажеттіліктерін қалай және қайдан өтейтіндері маңызды емес, әйтеуір некеде өтемесе болды.

Олар қажеттіліктерін өздерінің табыстылығына, сырт келбетіне, тартымдылығына және қарама-қарсы жыныс өкілін өзіне қаратуға қажетті басқа да сипаттарына сәйкес өтейді. Несін айтамыз, өзің қаласаң болды, қалайтындар табылады. Негізінде, жастық шақтың өзі – тартымды дүние. Сондықтан, жас кезде қыдырып та қалыңдар, жастық шақтарыңды ерте бастан қайдағы бір орамал, намаз, тұрмысқа шығу және үйлену сияқты нәрселермен құртпаңдар. Сендерді ата-аналарың ол үшін дүниеге әкелген жоқ.

Осының нәтижесінде, нағыз керек шағында әпке-қарындастарымыз тұрмысқа шыға алмайды, ал, бауырларымыз үйлене алмайды. Бұл не жасырын некеге, не таза зинақорлыққа алып келеді, бірақ, бұл істі таза деп атау орынсыз болар, сірә. Егер ұл бала өзінің хиджаб киген қызға үйленгісі келетінін, қыз бала намазханға тұрмысқа шыққысы келетінін, екеуінің некеге тұру керектігін айтып, ата-анасын көндіре алса, жаңа кедергілерге есік ашылады. Енді тойсыз неке қиюға, ішімдіксіз той жасауға болмайтындығы анықталады. Ал, егер жастар одан бас тартып, одан да жаманы, өз дегендерінен қайтпай тұрып алса, олар ата-аналарын сыйламайтын, қайырымсыз өзімшілдер болып шыға келеді.

Ең жақын деген туыстарыңның ғана ортасында, қарапайым той да өткізуге болмайды. Себебі, шақырмауға болмайтын адамдардың бәрін шақыру керек қой. Ал, шақырмауға болмайтын адамдар жетіп артылады. Әсіресе, олардың арасында қоғамда сыйлы, ықпалды жандар болса. Сол үшін ұлан-асыр той жасауға ақшаң болмаса, не несие алу керек, не қарыз алу керек, немесе, айналайындарым менің, тұрмыстарың жақсарғанша шыдау керек. 

Егер балалар әке-шешелеріне қарсы шықса, олардың ата-аналық батасын алмайды. Олардың отбасылық өмірінде мұның әсері білінуі мүмкін. Өйткені, ата-ананың батасында Алланың берекесі бар, тіпті сол ата-ана не істеп жатқандарын өздері білмесе де. Ал, олардың отбасылық өміріне сызат түссе, әке-шешелері: «Айтып едік сендерге, тыңдамадыңдар, міне, енді не болғанын көрдіңдер ме!» - дейді.

Әрине, біз балалар бәрін дұрыс істейді деп отырған жоқпыз. Олар жас, қызба және тәжірибесіз болғандығы себепті көптеген өзіндік қателіктерге бой алдырады. Мұндағы мәселе, олар дұрыс бағытта енді ғана тәй-тәй басып келе жатқанда әке-шешелері оларға қолдау көрсетпегенімен қоймай, балаларына бөгет жасап, оларға нағыз керек болған баталарынан айырады. Бұл некеге ғана емес, Исламмен байланысты нәрселердің бәріне қатысты, мейлі, ол несиеден, ипотекадан, харам жұмыстан, спирттік ішімдіктен және ешқандай игілігі жоқ зиянды нәрселерден бас тарту болсын.
 
Мәселен, біздің бір танысымыздың анасына оның әйелінің жұмыс істемейтіні жанына маза берер емес. Сондықтан, ол үнемі келінін жұмысқа шығаруға көндіреді де жүреді. Бұл жанұяда кикілжіңге әкеп соғады. Өйткені, ұлы әйелінің үймен және балалардың тәрбиесімен айналысқанын қалайды, себебі, балаларды тәрбиелеу мен үй шаруасы – бар жан-тәніңмен беріліп, толық айналыссаң, кеңседегі жұмысқа қарағанда әлдеқайда игілікті, пайдалы һәм еңбегі зор жұмыс. 
 
Өйткені, ондай әйел мансабын жасап, балаларын өз жайларына қалдырып қоймайды, оларға өзі тәрбие береді. Өйткені, ол шаңырағында жұмыстан кейін үйге қайтқың кеп тұратындай жайлы жағдай жасап отырады. Өйткені, ол үйде отыру арқылы бөтен адамдардың назарынан, бөгде еркектермен араласудан, сондай-ақ, Ислам тыйым салатын және құптамайтын нәрселердің бәрінен қорғаныста болады. Өйткені, ол сол ісімен Алланың разылығына қол жеткізеді, ең бастысы – сол. Алайда, мүлде басқа қағидалармен өмір сүретін адамға мұның бәрін түсіндіру мүмкін емес болғандықтан, біздің танысымыз өз құқығын әйтеуір қалайда қорғау үшін, нақтырақ айтсақ, Шариғат бойынша өмір сүру деген парызын орындау үшін өз анасымен текетіреске түсуге мәжбүр. Әйтпесе, ол анасына ерік берер болса, ол отбасында өз қағидаларын орнатады, ал, мұсылман адам ондай қағидалармен өмір сүре алмайды.
 

Мұндай мысалдар осы мақалаға бөлетін уақытымыздан да және оны оқып шығуға жететін сабырдан да әлдеқайда көп. Көптеген жағдайлар үлгілік келісімшарт секілді бір сарынды, басқалары болса, данышпанның (өкінішке орай, зұлым данышпанның) айшықты қолтаңбасы сияқты ерекше. Десе де, олардың көпшілігін біріктіретін нәрсе – надандық, сандырақ және барып тұрған ақымақтық. Әсіресе, бұл кейбір этникалық мұсылмандарға қатысты. Олар өздері мұсылман болса да, Исламнан алыс екендері соншалық, діннен шығып кетететіндей сөз айтып немесе бірдеңе жасап қоймасын деп, олармен дін туралы сөз қозғауға да қорқасың.

Біздің ата-ана туралы айтып отырған себебіміз, ата-ана мәселесі бәрінен де күрделі. Бір жағынан әкеңнің алдында да қарыздарсың, екінші жағынан, Жәннат анаңның аяғының астында, туыстық қарым-қатынасты да үзуге болмайды. Оның үстіне, Исламға сәйкес, дұрыс өмір сүру керек. Әке-шешеден басқа көптеген құқықтарға ие және өмір жайлы Исламнан алыс түсініктегі басқа да туыстарың бар. Олар да өз назарындағы адамдарға өз көзқарастарын таңып қалуды өз міндеті деп біледі. Осының бәрінің арасында ешкімді ренжітпей, тепе-теңдікті табу қиынның қиыны. Соның салдарынан, үзуге болмайтын байланыс дұрыс бағыттағы кез келген қимылыңды шектейтін бұғауға айналады, егер тек табандылығыңды көрсетіп, қайсарлық танытпасаң. Не дінді, не туыстық қарым-қатынасты құрбан етуге тура келеді, себебі, қанша қаласаң да, ол екеуін бірге алып жүруге шамаң жетпейді. 

Әлбетте, адамдар бізге осындай мәселелермен келіп жатқанда біз әдетте үйреншікті ақыл-кеңесімізді береміз: дау-дамайдан мейлінше аулақ болу, кикілжіңнің алдын-алу, Алладан тауфиқ, хидаят және жағдайды жеңілдетуін сұрап, өзің үшін және туыстарың үшін көбірек дұға қылып, Шариғат үкім еткен міндеттеріңді үнсіз ғана орындай беру. Бірақ, қызы хиджаб кигеніне бола анасын «жедел жәрдем» алып кетсе, анасының өмірі мен денсаулығының жауапкершілігін мойнына алып, орамалды қайта киюге сол қыздың батылы жете ме? Мұндай жағдайға өзің түспек түгілі, бәлен деп ақыл айту да қиын. Ол сенің анаң болмаса да, сенің қызың болмаса да. Бірақ, тек біздің өміріміз бен денсаулығымыздың Алланың билігінде екеніне толық сенімде боламыз.

 

Қырғызстандағы шейх Чубак Ажыға қыздарына хиджаб тағуға тыйым салатындар туралы тікелей эфирде сұрақ қойылғанда ол: «Өздерің Тозаққа бара жатқандарыңмен қоймай, балаларыңды да Тозаққа жетелемеңдер», - деп жауап берген болатын. Лайым Алла Тағала оны батылдығы мен туралығы үшін сауапқа бөлегей. Мұны кім болсын, қашан болсын, әйтеуір айтуы керек болатын.

 

Біз туыстық байланыстың құндылығы жайында көп айтамыз, бірақ, туыстық байланыстың Алланың заңынан жоғары болмайтынын айта бермейміз. Біз ата-ананың жоғары дәрежесі жайында көп сөз қозғаймыз, бірақ, кейбір ата-аналардың Өздерін жаратқан Раббысының разылығын алуға сәл де болса талпыныс жасап жүрген балаларынан да жаман болып жатқанын айта бермейміз. Біз сабыры әлі аз жастарға сабырлы болуды, даналыққа әлі жете қоймаған жастарға дана болуды, жібі түзу тәрбие алмаған жастарға тәрбиелі болуды насихат етеміз. Бірақ, өздері қалай болса солай өмір сүретін, онымен қоймай, балаларына да дұрыс өмір сүруге кедергі келтіретін ата-аналарға ештеңе демейміз.

Лайым Алла Тағала мұсылмандарға қиындықта жәрдем бергей, бізге және біздің ағайын-туыстарымызға тауфиқ бергей.

Предыдущий Следующий
Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті» Исламды қабылдаған 65 жасар атеисттің әңгімесі: «Мен ешқашан Ислам жайлы ойланбаған едім»

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді: «Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің араласуыңызды қалайтындарға осы жайлы сұрақ қойыңыз. Не үшін?...
Қоғам Әйеліме лайк басшы, бауырым!
Біз әлеуметтік желілердің парақшаларында хиджаб киген тұрмыстағы қыз-келіншектердің суреттерін ауық-ауық көріп тұрамыз. Кейде олар өз суреттерін өздері шығарады, кейде күйеулері жариялап жатады. ...
Қоғам Арман Қуанышбаевтың ұағыздағаны сәләфизм мен араб құндылықтары ма?
Арман Қуанышбаев әһлү сүннет уәл жамағатында және ханафи мәзһабын ұстанады. Оның ешқандай уағызында сәләфизмді насихаттағанын естіген емеспіз.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 01:00

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi