Орамал төңірегіндегі ой
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Орамал төңірегіндегі ой

| A | +
Қазіргі уақытта дініміз бұйырған шарттардың ішінде жұрттың көңілі толмай, арасында күмән тудырып,  наразылыққа да ұшырап, үлкен дауға айналған тақырып – хижаб мәселесі. Біреулер әуретін жапқан мұсылман қызын «ортағасырда қалып қойған» әлде «заманына сай жүргісі келмейтінге» баласа, бәз біреулер хижаб десе тіпті шошып, оны ислами экстремизмнің сипаты деп санайды, ал, әрбір оранған қызды көрсе, оны лаңкес әрекеттерге баратын терроршы болуы ықтимал деп сенеді. Осы пікірлер себепті, жас қыздарымыз хижабты қартайған шақта, зейнеткерлікке шыққасын ғана кие жатармыз, жас кезімізде «жүректе иман» болса, сол да жеткілікті, ал, оқу, жұмыс пен сәтті мансапқа жету, бақытты тұрмыс құруда хижаб кедергі болады деп ойлайтынға көшіпті.

Әрі қарай, Алланың қалауымен осы жайында сөз өрбітетін боламыз.
 
***
 
Ең алдымен мына жайтты білейік: әйел баласына оранып жүру бұйрығы тікелей Жаратушының Өзі – Алла Тағаладан келген.
 
«Нұр» сүресінде Алла Тағала айтады:
 
«Ей, Мұхаммед! Мүмін әйелдерге де айт: “(бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көрік- зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін...» (24:31).
 
Ал, Құранның  «Ахзаб» сүресінде былай делінген:
 
«Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді! » (33: 59).
 
Хижабты дәлелдейтін хадистердің ішінде танымал болған мына хадисте:
 
«Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткені: Әбу Бәкір қызы Әсма (Алла ол екеуіне разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), қасына жұқа киіммен кіріп келеді. Сонда Пайғамбарымыз (ған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), оған қарап: « Әй, Әсма! Қыз бала балиғат жасына жеткен күннен бастап, мыналардан басқа жерлері көрінбеуі керек», – деп, беті мен екі қолын (білезігіне дейін) көрсетті» (Әбу Дауд).
 
Осы секілді, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), әйел қауымын қатаң ескертіп отырған: «Киімі бар, бірақ, сонда да жалаңаш, шайқалған жүрістерімен еркектерді еліктіретін әйелдер Жәннатқа кірмейді, тіпті оның жұпар иісін де сезбейді» (Әбу Һурайрадан жеткен хадис, имам Муслимнің жинағында келген)
 
Байқағанымыздай, әйелдің жабық жүруі аяттар мен хадистерде міндеттелген, сол себепті, дін мамандары хижаб киюді парыз амалына жатқызады, парызды елегісі келмейтіндер күнә жасаған болады, ал, оны мүлде мойындамайтындарға келсек, олар күпірлік етушілерден болады, себебі Құранның анық аяттарын жоққа шығарады.
 
Сондықтан, бір себептермен хижаб кигісі келмей немесе мұны өзіне ауыр санайтын мұсылман қыздарына айтарымыз, хижаб жайында өз сөздеріне өте абай болса екен, мысалы, хижабты ортағасырлық дін мамандарының ойдан шығарғаны деп санау, әйелдің өмірін қиындату үшін ер адамдардың ойлап тапқан қисынсыз қалауы деп айтудан аулақ болған жөн.
 
 Хижаб қандай болуы тиіс?
 
Енді хижабтың пішіні мен түсіне келсек, бұған қатысты көптің арасында дау да, жаңсақ пікірлер де жиі кезігеді. Кейбір білімсіз адамдардан еститініміз, олар хижаб біздің елге таңсық, басқа елдің өзіндік киімі ғана деп есептейді, мысалы, ауғандықтардың шапаны, арабтардың қара түсті «абайя» дейтін, әйелді аяғынан басынан дейін жауып тұратын киімі секілді. Ал, тағы бір мұсылмандар  арабтардың әлгі «абайясы» мен түріктердің «чаршафынан» (түрік мұсылман әйелдерінің дәстүрлі киімі) өзгесі хижаб емес, болған күнде де ол толық хижаб болмайды деп, үзілді-кесілді пікір айтады әрі қыз-келіншектерге де солай үйретеді. Сонда, егер қарапайым көйлек пен белдемше немесе туника (бұлар хижабтың шарттарына сай келсе де) киетін болса, ол әйел дініміздің шартымен жабық киінген болып саналмайды. Мұндай үзілді-кесілді ой айту енді ғана әуретін жауып бастаған қыздарымызды шошытып әрі діннен алыстататыны белгілі.
 
Ал, енді, мән - жайдың анық-қанығына келсек:

Хижаб (дәлме-дәл аудармасы « жамылғы», яғни, жасыратын зат) ретінде төмендегі шарттарға сай кез-келген киімді айтуға болады:
 
  • бет, екі қол (білезікке дейін) және ханафи мәзхабы ғұламалары пікірінше, екі аяқ табанынан өзге бүкіл денені жауып тұрады;
  • еркін киілетін (дене пішінін білдіртпейтіндей) кең болуы;
  • өте жұқа болмауы тиіс;
  • иіс сулар және өзге де парфюмерия түрі себілмеген;
  • өзгенің назарын аудармас үшін, көзге түсер өте ашық түстер болмауы керек.
 
Хижабтың қара түсті болуы шарт па?

Бұл туралы ислам ғұламаларының пікірлері төменгідей:
 
Кейбір мұсылман бауырларымыз хижаб қара түсті болуы керек деп, оған дәлел ретінде Умм Сәләмадан Әбу Дауд жеткізген мына хадисті келтіреді:
 
«Біздерге «Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді! » («Әл-Ахзаб», 59) деген аят түскенде ансарлық әйелдер құтты бір бастарында қарға бар секілді (өз үйлерінен) шыға бастады.
 
Яғни, мұндағы «қарға секілді» дегені бастарына тартқан жаулықтарының түсі қара болған еді.
 
Дегенмен, дін мамандары хадиске түсіндірме берген кезде сахаба әйелдер хижабтың қара түсті болуы - шарт деп емес, бұл түстің көзге аз түсетіндігі үшін кигенін айтқан.

Сенімді хадистерден байқайтынымыз, сахаба әйелдер қарадан өзге түсті хижабты да киген. Айша анамыз (Алла оған разы болсын):
 
«Рифа'а әл-Къурази өз әйелімен ажырасты, оның әйеліне  Абдур-Рахман ибн аз-Забир үйленді. Ол әйел жасыл орамалда еді», - деп айтқан. (Әл-Бұхари)
 
Ибраһим ан-Наха'и былай әңгімелейді: бірде  ол Әлқама және әл-Әсуадпен бірге Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), әйелдеріне келді, ал, олар қызыл түсті киімде болатын. (Ибн Әби Шейба)
Са'ид ибн Жүбайрдың айтуынша, ол Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейбір әйелдерінің Қағбаны айналып жүрген сәттерінде көрген,олардың киімдері қызғылт сары түсте еді. (Ибн Әби Шейба)

Міне, осыдан ұғатынымыз, хижабтың қара түсті болуы шарт емес, әрі сүннетте де бұл түстің артықшылығына қатысты нұсқау келмеген. Яғни, әйелдер  өздеріне ұнамды болған түсті өзге де кие алады.
 
Десек те, белгілі бір себептермен қара түсті киім таңдайтын әйелдерді «уаххабшы» немесе «террорист» деп атап, оларға «қара қарға» т.б. сол секілді күлкілі лақап аттар ойлап табу шектен шығу болып табылады. Мұсылман қызы өзге бауырын бұлай келемеждеуден алыс болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, мұндай қара түсті киімді сахаба аналарымыз және Исламның бірінші ғасырларында өзге де тақуа әйелдер киген еді,  егер, бұған сын айтып, келемеждейтін болсақ, сол аналарымызға тіл тигізген боламыз.
 
Тағы бір ұғып алатын жайт, уаххабизм – бұл идеология және адасушы ағым, ал, оның  белгілі бір киімге немесе сыртқы көрініске (қара киім, ерлердің сақал қоюы т.б. сол секілді) ғана қатысы жоқ.

Сәнді хижаб пен мұсылмандық мода...  Хижаб - бұл көзбояушылық емес!

Қазіргі мұсылман қыздары ұрынып жүрген арбаудың бірі – сән, яғни мода. Өздерін «ортағасырда қалып қойған», «жабайы, түк көрмеген» деп  кінә тағылудан арылу үшін кейбір әпке-сіңлілеріміз хижабты сәнді «брендке» айналдырып, сән көрсетулерін өткізіп, оны «исламдық мода» деп атап алыпты. Сол көрсетулерде боянған қыздар биік өкшелі аяқ киіммен хижабқа шамамен ғана ұқсас киімдерді жарнамалап жатқан күйі бар. Ал, біз мынаны білуге тиіспіз, хижабтың мағынасы белгілі бір киімді ғана қамтымайды, хижаб - әйелдің әдебі, оның жүріс-тұрысы, өзін барынша ұяң ұстауы, тіпті, қажеттілік болмаса бөгде ер адамның да көзіне түсуден өзін сақтауы.
 
Осы жайында ғұламалар пікірі:
 
 Дініміздегі шынайы әйел киімінің мақсаты - әйелдің әдемілігін жасырып, өзгенің артық назарын түсірмеу.  Ал, сән көрсету кезінде, керісінше, адам өзін көрсетіп, бәрінің назарын аудартады. Сондықтан да, «исламдық мода» термині мүлде орынсыз және шариғатқа  қайшы нәрсе.
 
Сән көрсетілімі, сәнді киім - мұның бәрі әйел адамды қажетсіз үйден шығуға итермелейді, ал, негізінде шариғат әйел баласын себепсіз үйден шықпауға шақырады. Үйден шыққан күннің өзінде де, әйел өзінің әдемілігін көрсетпеуі керек.  Қасиетті Құранда былай дейді:
 
وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُنَّ وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ الْجَاهِلِيَّة
«Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы (исламға дейінгі) надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар (көріктеріңді ашпаңдар)» («Әл-Ахзаб» сүресі, 33)
 
 Сәнді киімнің мақсаты – адамның назарын аулау, хижаб әйелдің сұлулығын жасырса, сәнді киім оны өзгеге паш етеді, демек, хижаб пен сән бір-біріне қарама-қайшы ұғым. Аталмыш сәннің исламмен ешбір байланысы жоқ, сондықтан, оны исламдық сән көрсетілімі деп атау – исламға қатысты үлкен әділетсіздіктің біріне жатады. Шариғат бойынша әйел адам үйде күйеуіне арнап әдеміленіп, сәнденсе оған рұқсат, ал, біз бұл тұста «исламдық мода» дегеннің әйелі мен күйеуінің жеке отбасылық өмірінен мүлде алыс екенін, ол тек қоғамдық көрсетілім үшін ғана арналғанын ұмытпай, әрбір ісімізді есепке тарта жүрсек екен.
 
(Мүфти Сухайл Тармахомед)
 
Ғаламтор әдебі турасында жазған мақаламызда кейбір мұсылман қыздарының әлеуметтік желіде өз парақшаларына  «селфи»  - ойнақы кейіпте, қылымсып жымия түскен хижабтағы жеке түскен суреттерін салуы туралы айтқанбыз, олардың  осы  қылықтарынан соң  хижаб тағы да ер адамның назарын еліктіру құралына айнала бастады.
 
Орамал тағудың пайдасы мен ондағы даналық
 
Жабық киінудің ыстық күнде де пайдалы екенін тіпті зайырлы қоғам ғалымы – дәрігерлер мен психологтар да мойындап келеді.
 
Дәрігерлер теріні күн сәулесінің зиянынан қорғап, кез-келген ауа ағымы денені салқындата алатындай, табиғи таза матадан тігілген, денені тарылтпайтын киім таңдауға кеңес береді. Себебі, тар киім денені ысытып жібереді.
 
«Күн астында жалаңаш жүру жалпы пікірлерге қарамастан, гипертермияға (дене температурасының өсуі, қызыну) әкеп соғады. Өйткені, ыстық күнде дене терлеп, тер денені салқындатады, ал, тікелей күн сәулесі астында тер буға айналады да, дене содан ыси бастайды. Денеде  киім болса тердің буға айналуын болдырмайды және дене салқындайды», - дейді,  Би-Би-Си «Тайны выживания» деректі филімінің авторлары.
 
Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук барлық әйел қауымына мұсылман әйелдерінен үлгі алуды ұсынады:
 
«Ыстық күнде шешініп жүруді тіпті ойға алмаңыз, одан да, Араб Әмірлігі тұрғындарынан үлгі алуымыз қажет, киім денені толығымен жапқаны дұрыс, - дейді ол - Сонымен бірге,  ыстық күндері адам басына міндетті түрде бас киім - кепеш, панама, қалпақ киіп, үшкіл орамал тағып жүруі тиіс. Егер адамның басы қызатын болса, онда күн өтуі де әбден мүмкін»
 
Егер әйел атаулы барынша жабық, ұяң қалпын сақтап киінер болса, бұл қоғам үшін де пайдалы болмақ. Әйелдер  өзге еркекті азғыруын тоқтатса, қоғамда некесіз қарым-қатынас, отбасылық өмірде кезігетін көзге шөп салу, ажырасу дерттері азайып, жанұя беріктігі сақталар еді. Табиғатынан нәзік әйел баласы нәпсіқұмар еркектерден, олардың тарапынан ерсі қалжың мен қырыңдауларынан да қорғалған болар еді. Ер адамдар да бұдан кейін әйелді тек нәпсісін тойдыратын құмарлық объектісі деп қана қарамай, оны  жеке тұлға ретінде құрметтеп, сыйлай бастайды.
 
Әйелдердің тәні жартылай ашық-шашық күйде әркез еркектің алдында жүруі ер адам денсаулығына өзіндік зиянын тигізеді. Жалаңаштанып әрі безеніп-жайнап тұрған әйел денесіне көзі түскен еркек өзінің тәнқұмарлығын әрең тежесе бұл да оның денсаулығына кері әсер етеді. Ол адам невроз, қабыну (простатит аденомасы), белсіздік, рак  ауруларына ұщырауы мүмкін. Міне, осылай, әуреті жабық әйел ер атаулының  денсаулығы  мен олардың қоғамда үлес санын сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. (Яғни, ер адам белсіздікке душар болса, әйелдің бала көтере алмасы белгілі).
 
Хижаб киюге жаңадан ниеттеніп жүрген қыз-келіншектерге айтар кеңесіміз
 
Ең маңыздысы, әйелдің оранып жүруі - Жаратушымыз тарапынан бұйырылғанын ұмытпаңыз. Хижаб киіп, әуретіңізді жапқаныңыз - Алланың бұйрығын орындағаныңыз, ал, бұдан бас тарту - күнәға жатады әрі Алланың ашуын тудырады.

Қиындықсыз ешнәрсе болмайды демекші, бұрын көңіліңіз жарасып,  ұрсу дегенді білмеген ата-ата, жақындарыңыз  орамал  таққаныңызды бірден түсіне қоймасы анық, бұл - алғашқы қиындықтың бірі. Кейде өкінішке қарай, ата-анасы қызының намаз оқып, ораза тұтқанын, харам астан бас тартып, ішімдік қойылатын кештерге бармауын құптап, салқынқанды қарайды да, ал, егер қызы сырт киімін өзгерткісі келсе,оны өте қатаң соққыға алады.
 
Ислам дінінде  ата-ана – біздің тарапымыздан аса үлкен махаббат пен құрметке ие жандар, бірақ,  олар Алланың бұйрығына қарсы келіп жатса, біздің оларды тыңдамауымызға болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқандай:
 
«Жаратушы бұйрығы тұрғанда, жаратылғанның бұйрығы жоқ».
 
Сондықтан, киім киісіңізге ата-анаңыздың қарсылығы хижабтан бас тартуға сылтау бола алмайды. Дегенмен, иә, күнделікті жиі айыптау мен қорқытуларды ести беру де оңай емес. Бірақ, діни міндеттеріңізді сізді біреу өлтіремін деп қорқытып, өміріңізге қауіп төніп, зақымдануы мүмкін жағдайда (қауіп төніп тұрғанына көзіңіз жетсе) ғана тоқтата аласыз. Ал,  ата-ананың мұндай іске баруы екі талай, сол себепті де, әке-шешеңізден әлдебір ауыр, қорқыту  сөздерін естісеңіз, оны шыдаммен тыңдап қана құтылған дұрыс болар.
 
Бұл тұста мынадай кеңестер бере аламыз: біріншіден, барлық жайтқа дайын болып, бойдағы сабырды күшейту керек. Ата-анаңыз исі бөлек ортада, білімсіз, атеистік қоғамда өмір сүрді, оларды да түсінуге тырысайық, сіздің қалауыңызды бірден құптап, дінге ілесе кету оларға өте қиын. Қандай жағдай болмасын, олар сіздің әке-шешеңіз, сізді жақсы көреді және бұл әрекеттерінің бәрі сіз үшін уайым шегетіндіктерін айтып тұр. Олардың санасындағы түсінік үшін  қалыптасып кеткен стреотип, қоғамдық пікір мен бұқаралық ақпарат құралдарының да тигізген кесірі бар.
 
  • «Сені кім бұл күйіңде тұрмысқа алады?»;
  • «Біздің әжелеріміз бұлай жүрмеген, бұл - арабтардың киімі!»;
  • «Көшеде ел сені саусақтарымен көрсетеді, туған-туыс пен көршілердің алдында тіпті ыңғайсыз!»

- бұл, айтылатынның біразы ғана, міне, осы секілді сөздерді тыңдауыңызға тура келеді. Өзіңізді сабырға шақырып, қарсы шығудан, ұрыс пен жанжалға себеп болар сөздерден аулақ болыңыз, дөрекі сөйлемеңіз және арпылдаса жауап қайтарудан бас тартыңыз. Керісінше, оларды қалай сүйетініңізді білдіріп, сыртқы өзгерісіңіз оларға деген қарым-қатынасыңызға еш әсер етпейтінін, әлі де сіз оларлың сүйікті қызы болып қала беретініңізді сездіріңіз, мүмкін, ата-анаңыз сізді өзгеріп кетеді деп қорқатын болар. Сіздің тайсалмастығыңызды олар да сезіп, ерте ме, кеш пе сізді өз жайына қояр.
Енді әлгі ата-ананың әлі де ақылы тола қоймаған қызына айтып, оны қорқытпақшы болатын сөздерінің  мәнісіне тоқталсақ.
 
Шындығында да, біздің апа-әжелеріміз хижаб дегенді білмеген бе?..  Кейде діннен жетік хабары жоқ кісілер: «Хижаб – біздің халыққа жат, ол арабтың киімі» деген пайымды алға тартумен әуре. Алайда, бұл пікір иелері хижаб деген не, оның мақсаты қандай деп ізденген де емес, олар жоғарыда келтіргеніміздей, хижабты абайя әлде паранджа секілді ғана деп біледі. Бұрынғы КСРО кезеңінің өзінде әрбір халықтың ұлттық киімі ұзын етекті көйлек пен сарафаннан тұратын немесе белдемше, блузка және басты жабатын жамылғы, орамал болатын. Ал, қазіргі джинсы, қып-қысқа белдемше, жеңі қысқа кофта дегенді біздің әжелеріміз кимек түгілі білмеген де болар!
 
Мына суреттерге мән берер болсақ:

Қазақ мұсылман қыздары

Татар халқының әйелдері

Дағыстанның әртүрлі халқының ұлттық киімдері

Тіпті өзге діндегі православты  қыздар да толығымен оранған күйде!

****
 
Ал, енді, жұрт аузындағы «хижаб киген қыздың тұрмысқа шығуы қиын болады» деген пікірге келер болсақ. Бұл жерде бәрі керісінше, әуреті жабық, әрі өзі ұяң қызды ер адамдар да бағалай біледі, сол себепті, ол қыз жарқыратып боянған, жартылай жалаңаш қызға қарағанда үйленуге ниет қойған жас жігіттің назарына тез ілігеді. Ал, кейбір қыздардың ойы былай екен, «Қазір орамал тағуыма ата-анам қарсы, хижабты кейін тұрмысқа шыққасын киемін!» дейді. Бірақ, ол қыз ойланып көрсінші, тұрмысқа шығып, хижаб киюі үшін, алдымен ол дінді ұстанатын жігітті кезіктіруі керек, ал, ондай иманды жігіттер де өздеріне орамал таққан, ұяң қыздарды іздейді. Сол үшін, қыз алдымен өзі әуретін жабуға тырыспаса, иманды жігіттің де оған ниет білдірмейтіні анық.
 
Сөз соңында бірнеше тәжірибелік кеңестермен бөлісейік. Сіз егер туған-туыс, таныстарыңыз діннен алыс болған ортада өмір сүріп жатсаңыз, сіз үшін бірден толыққанды хижаб киіну, яғни, ұзын әрі кең көйлек кию, (мысалы ұзын белдемше мен туника кию) орамал тағу, қиынға соғуы мүмкін. Бұл жағдайдан шығудың әдісі - «екі аралықты ұстап», сәл де болса кең шалбар, үстіңізге кең кофта, туника немесе жейде кию. Бүкіл басыңызды жабатын орамал таға алмасаңыз, оны артқа да байлауға болады, ал, алқымыңызға шарф байлап немесе ұзын жағалы кофта, әлде «водолазка» киіп, бас киім, орамалыңызды соған түйреуішпен қыстырсаңыз болғаны. Тағы бір әдіс – капюшоны бар кофта алып, капюшон ішінен бас киім әлде үшкіл орамал (косынка) тағыңыз. Сонда киіміңіз жабық, әрі өзіңіз бен өзгелер үшін үйреншікті көрінеді. Дегенмен, әрине, біраз уақыт өткесін хижабты толық шарттарына сай кие бастаған жөн, осы әдіспен бірте-бірте киінгеніңіз өзіңізге де, ортаңыздың да көзі де тез үйреніп кетуіне ықпал етеді.
 
 

 Орамал төңірегінде жиі қойылатын сауалдар:

 
Орамал тақпайтын адамның намазы қабыл бола ма?
 
Егер әйелдің намаз уақытында әуреті жабық болып, бірақ, өзге уақыттарда хижаб кимейтін болса, оның намазы қабыл болады, инша Алла. Құлшылық кезден бөлек хижаб кие алмау -  намазға әсерін тигізбейді. Керісінше, егер ол адам үнемі намазын қалдырмай оқып жүрсе, түбінде оның орамалға да ниеті ашылады деген үміттеміз. Құранда айтылғандай, намаз - адамды жақсылыққа үйретіп, арсыздықтан қорғайтын құлшылық.
 
Құран оқу кезінде, зікір мен дұға еткенде орамалда болу міндетті ме?
 
Құран әдебіне сай, оған құрмет ретінде әйел адамның басымен бірге бүкіл денесі жабық болғаны абзал. Ал, Құранды тыңдау барысында айналасында бөгде (махрам емес) ер адамдар болмаған жағдайда басына орамал тағу міндетті емес, десекте, Құранға құрмет көрсетіп, әуреті жабық болса, сонысы үшін инша Алла сыйға бөленіп, Алланың разылығын алады (Мүфти Сухайл Taрмахомед).
 
Қорытындылай келе, әпке-сіңлілерімізге тағы айтарымыз: өзіңізді қоршаған қоғамға қарсы тұру, әлбетте, оңай нәрсе емес, бірақ, мына дүниенің өткінші әрі қысқа екенін естен шығармаңыз, өлімнен соң бәрімізді істеген істерімізге сай есеп күтіп тұр, Алланың бұйрығымен өмір сүрген сыйға бөленеді, Оның тыйымдарын бұзған жазаға ие болады. Ал, егер сіз өзіңізді мазақ етіп, сізге кінәрат тағып жүрген адамдар себебінен хижаб киюге батпай жүрсеңіз, мынаны біліңіз, есеп берер Қиямет күні: «Алланың әмірін неге орындамадың?», - деп сұраққа алынғанда, әлгі адамдар сіз үшін жақтаспақ түгілі, көмекке де келе алмайды.
 
Алла баршамызға Оның дінін ұстануды нәсіп етіп, тыйғандарынан аулақ болуды жазсын.
Авторы Муслима (Аня) Кобулова

Мақалалар авторы, аудармашы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті» Қазақтардың шынайы ақидасы

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Ислам күнтізбесі Кешірім айы Рамазанға бір қадам
Бірде бір бауырымыз өзгелердің Рамазанды асыға күтіп жүргенін көргенде: «Шөлдеу мен ашығу айын өзгелер не үшін асыға күтеді екен?»,- деп өзінің ораза тұтып жүргенін елестете алмағандығын айтып берді....
Қоғам Муфтият: қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денистің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тілейміз, қайғысына ортақпыз.
Әдеп (этика) Мешіт әдептері
Белгілі табиғин Саид ибн әл-Мусайаб, рахимахуЛлаһ, былай айтқан: «Мешітте отырған адам, негізінде Жаратушы Алланың жиынында отыр». (Тәпсір Қуртуби, р.6, 560 бет). Атақты муфассир (Құран тәпсіршісі), имам Абу Абдулла Қуртуби, рахимахуЛлаһ, мешітке қатысты келесі әдептерді ерекше атап көрсетеді:...
Әдеп (этика) Уақыттың қадірін біліп жүрсіз бе?
Уақыт деген нені білдіреді? Уақыттың негізі мен оған себеп болатын факторлар қандай? Ол өлшеуге болатын нәрсе ме? Оның жылдамдығын азайтуға немесе көбейтуге бола ма? Ислам діні неліктен уақытты соншалықты қадірлейді? Ал, біз уақыттың қадіріне жетіп жүміз бе? Осы секілді сұрақтарға жауап беруге тырыс...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Туыстық байланыс
Біз туыстық байланыстың құндылығы жайында көп айтамыз, бірақ, туыстық байланыстың Алланың заңынан жоғары болмайтынын айта бермейміз. Біз ата-ананың жоғары дәрежесі жайында көп сөз қозғаймыз, бірақ, кейбір ата-аналардың Өздерін жаратқан Раббысының разылығы...
Қоғам Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді: «Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің араласуыңызды қалайтындарға осы жайлы сұрақ қойыңыз. Не үшін?...
Қоғам Әйеліме лайк басшы, бауырым!
Біз әлеуметтік желілердің парақшаларында хиджаб киген тұрмыстағы қыз-келіншектердің суреттерін ауық-ауық көріп тұрамыз. Кейде олар өз суреттерін өздері шығарады, кейде күйеулері жариялап жатады. ...
Қоғам Арман Қуанышбаевтың ұағыздағаны сәләфизм мен араб құндылықтары ма?
Арман Қуанышбаев әһлү сүннет уәл жамағатында және ханафи мәзһабын ұстанады. Оның ешқандай уағызында сәләфизмді насихаттағанын естіген емеспіз.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:39

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi