ӘЙЕЛ ӘДЕБІМЕН СҰЛУ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӘЙЕЛ ӘДЕБІМЕН СҰЛУ

| A | +

Күллі әлемнің Раббысы Алла Тағала бар жаратылысты асқан сұлулықпен жаратты. Соның ішінде ерекше әдемілікке бөленгені – әйел заты. Әрине көпшілік нәзік жандыларды ерекше ажары мен келбетіне, дене бітіміне қарап «әдемі» деп саралайды. Бірақ шынайы сұлулық әйелдің түрінің бергі бетінде емес, кеудесінің арғы түпкірінде екенін, көп адам байқай бермейді.

Қазақта «Әдемі әйел – көзге ұнайды, Жақсы әйел – жүрекке ұнайды» деген жақсы сөз бар. Жүрек жақсы көрген әйелдің жаны сұлу болады. Ал жан сұлулығы иманнан, көркем мінезден, адамгершіліктен бастау алады. Сондай-ақ Алла Тағала әйел затын жаратқанда оған ешкімге ұқсамайтын ерекше міндет жүктеген. Әлбетте ең әуелі Құранда айтылғандай, Алла Тағала барша адамзат пен жынды Өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Сонымен бірге әйелді өзіне ғана тән тағы бір ізгі мақсатпен жаратқан екен. Адам ата ұйқыда жатқан кезде Алла Тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптап, одан Хауа анамызды жаратқан. Құранның «Ниса» сүресінде бұл жайлы былай делінген: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар».

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Әуелі Алла Тағала Адам атаны жаратты. Жәннатта Адам ата жалғызсырай бастады. Сөйтіп ол ұйқыға кеткенде қабырғасынан Хауа ананы жаратты. Ұйқысынан оянғанда алдында тұрған сұлу мүсінді көрген Адам ата таңырқап: «Не үшін жаратылдың?» деп сұрады. Сонда Хауа анамыз: «Сенің маған тұрақтауың үшін», – деп жауап берді». Мұны ғалымдар былайша тәпсірлейді: «Алла Тағала Адам атаға серік болып, көңілінің тыныштық табуы үшін Хауа анамызды жаратқан». Осыған дәлел ретінде Құранның «Рум» сүресінің 21-аятында Алла Тағала: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар».

Яғни әйелдің мақсұты – ер азаматынының көңіліне жай сыйлау, бабын табу. Ал қазіргі қоғамда әйелдер сол қабілетін қалай қолданып жүр? Әйелдер жамағатымен жұмыс істеген 13 жыл ішінде азды-көпті түйгенім, күйеуін тыныштандырмақ түгілі көп әйелдің өз көңілі тыныш емес. Бір әйелдер мансап қуып шапқылап, жан-жағына қарамай, отбасына жеткілікті көңіл бөлмей жатады. Енді бірі басқа түскен сынақтарға сабырсыздық танытады, асығып «бәрі тез бола қалса» деп шыдамсызданады. Өзіне не керек екенін түсінбейтін, үнемі бірдеңе жетіспей тұрғандай ештеңеге көңілі толмайтын, депрессияға жиі түсетін әйелдер де баршылық. Әуелі Алла Тағаланы, сосын өзін-өзі танымаған әйелдер қалайша басқа біреуге тыныштық сыйлайды? Демек өзгеге жайлылық сездіру үшін алдымен әйелдің жаны Аллаға байлаулы болуы керек. Өйткені Құранның «Рағыд» сүресінің 28-аятында: «Жүректер Алланы еске алу арқылы тыныштық табады», – делінген. Демек әйелдер Алланы еске алу, иман деңгейін көтеру, көркем мінезге жету арқылы өзінің әуелгі міндетін атқарып, сұлу болады.

Имам Мүслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл дүние – өткінші бір ләззат қана. Дүниедегі өткінші ләззаттың қайырлысы – салиқалы, жақсы әйел», – деген.  Алла Тағала Құранның «Ниса» сүресінің 34-аятында былай дейді: «...Ізгі әйелдер – Аллаға толық мойынсұнатын және ері алдындағы міндетін бұлжытпай орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ері қасында болмаған кезде де ерінің құқығын аяқасты етпей (ар-ұятын, отбасылық сырды, отбасына тән абырой мен ерлері тапқан мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар». Осы жерден әйелдердің тағы бір әдемілігін байқауға болады. Шариғат шеңберінде, Алла Тағала рұқсат еткен барлық мәселеде күйеуіне бойұсыну – нағыз ізгі әйелдердің сипаты. Алланың әмірлерін орындаса, күйеуіне бағынса, жәннатқа лайық сұлу әйел болады. Өйткені Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер әйел бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса және ар-намысын қорғап, күйеуіне бойұсынса, оған: «Жәннаттың қалаған қақпасынан кір», – деп айтылады» (Имам Ахмад риуаят еткен).

Әдемі, салиқалы, ізгі әйел қандай болады? Ол үшін Ислам тарихына көз жүгіртіп, Алла алдындағы дәрежесі жоғары асыл аналарымызды үлгі тұтуымыз қажет. Мәселен, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті жары, алғашқы жұбы Хадиша анамыз (Алла оған разы болсын) алғаш болып иман келтіріп, Исламды қабылдады. Яғни күйеуіне сенді, оны ерекше құрметтеді. Пайғамбарымыздың жеткізген Хақ діні жолында өзінің мал-дүниесін, дәулетін сарп етті. Ол жайлы Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда), (Хадиша) маған иман келтірді. Адамдар мені өтірікші деген кезде, ол маған сенді. Адамдар мені (мал-дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен демеді және Алла маған ол арқылы әйелдердің басқасына нәсіп етпеген перзент берді» деген болатын.

Фатима (Алла оған разы болсын) анамыз – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем қасиеттерді бойына сіңіріп өскен кенже қызы. Ол Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы болса да, тәкаппарлықтан ада болды, басына түскен жоқшылыққа сабыр етті. Осындай мысалдар жетерлік. Жақсылыққа ұмтылған әрбір әйел Хадиша, Айша, Фатима, Әсия, Мәриям, Билқис тағы басқа Ислам тарихындағы асыл аналарымыздың өмірбаянын оқып, үлгі тұтуы тиіс.

Сондай әйелге тән сұлулыққа оның көркем мінезін жатқызуға болады. Аллаға тәуекел ету, шүкірлік, қанағат, сабырлық, күйеуінің алдында кішірейе білу, жарына сенім білдіріп, қолдау көрсету, жолдасының тапқанын үнемдеп, ақылмен үйлестіру – әйелдерге тән ізгі қасиеттер. Бұл жайында біздің қазақ «Асыл болса алған жар – ханым емей немене, Жайлы болса мінезі – жаның емей немене?», «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?», «Әйел қылығымен сүйдіре де біледі, күйдіре де біледі» дейді. Расында әйелдің жаратылысындағы ерекшелігі – қылығы, еркелігі, нәзіктігі. Осы қыры арқылы әйелдер ер адамдардан өзгеленіп тұрады. 

Әйелдің күйеуін әрдайым көтермелеп, мерейін асырып жүру – нағыз сұлулықтың белгісі. Күйеуінің тапқан табысын азсынбай, «Алла берекесін берсін» деп шүкірлік ету, оның күшіне таңдана сеніп, қолдау көрсете білу – нағыз даналықтың нышаны. Даналыққа жету – өмір бойы шыңдалатын күрделі жұмыс. Сондықтан тәжіміз – иман, әшекейіміз көркем мінез болсын деп тілейміз!

 

Динара ҚҰТҚОЖАҚЫЗЫ,

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі

«Мұнара» газеті, №7, 2022 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
АСАР - АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ САЛТ БЕКЖАН ТҰРЫС: ҚАНМЕН БІТКЕН ҚАСИЕТ ЖАНМЕН БІРГЕ ӨМІР СҮРСЕ ЕКЕН

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті»
Бұл менің он төртінші Рамазаным. Исламды қабылдаған кезімде 27 жаста едім. Сол себепті, Исламды қабылдағанға дейінгі 27 жылда тек қана христиандық мерекелерді атап өтетінмін. Рамазан айы келгенше жаңа қабылдаған дінімді әжептәуір үйреніп қалдым. Әрдайым Ислам дінінің бір мүшесі екенімдігі сезінген с...
Ислам күнтізбесі Хадиша әпке: «Ораза ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»
Алланың қалауымен, дінді жаңадан қабылдаған орыс ұлтты, Мәскеулік мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз . Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасына қатысты әсері мен алғашқы Рамазан айы жайлы тәжірибесімен Хадиша әпкеміз бөліспек....
Ислам күнтізбесі Мариям әпке: «Мен үшін Рамазан айы – Аллаға барынша жақындау мен шүкірлік ету уақыты»
Алланың қалауымен, Ислам дінін жаңадан қабылдаған Мәскеулік, орыс ұлтты мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз. Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасы жайлы ойымен және Рамазан жайлы тәжірибесімен Мәриям әпкеміз бөліспек....
Ислам күнтізбесі Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»
Алланың көмегімен біз, Ислам дінін жаңадан қабылдаған орыс ұлтты мұсылман әпке-қарындастарымыздың өздерінің алғашқы Рамазан айы туралы, алғашқы оразалары жайлы және Рамазан айының оларға қандай әсер қалдырғандығы туралы айтқан әңгімелерін жинақтап, мақала етіп жарияламақпыз. ...
Ислам күнтізбесі Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны бастан-аяқ шарлап шықтым десем де болады. Алайда бұл сусын жайлы ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:40

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi