АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «ҚАЛАДА ЖИЫРМА ЕКІ МЕШІТТЕ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «ҚАЛАДА ЖИЫРМА ЕКІ МЕШІТТЕ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ»

| A | +
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ ЕРКІНБЕК ҚАРИ КЕРІМБЕКҰЛЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА "АЛМАТЫ АҚШАМЫ" ГАЗЕТІНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫН ҰСЫНАМЫЗ. 
 
– Ассалаумағалейкүм, Еркінбек Керім­бек­ұлы! Жыл құсындай сағындырып жететін Құрбан айтты барша мұсылман қауым ерекше дайындықпен қарсы алады. Бүгін көптен күткен айтулы мереке де келіп жетті. Құтты болсын!
 
– Уағалейкүмассалам, рахмет! Иә, мұсыл­мандар үшін ерекше қасиетке ие екі айт мейрамы бар: бірі – ораза айты болса, екіншісі – Құрбан айт. Осы екі мейрамды әлем мұсылмандары, соның ішінде халқымыз ғасырлар бойы атап өтіп келеді. Мақсат – Алла Тағаланың бұйырғандарын орындау арқылы, оның разылығына бөлену мен мол сауапқа кенелу. Сонымен қатар, бұл қоғамдық-әлеуметтік тұрақтылықты сақтау күшіне ие, күштіні әлсізге, байды кедейге қарасуға үндейтін, бауырмалдық пен бірлікке, қонақжай болуға шақыратын ерекше төл мерекеміз. Айтқаныңыздай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлады. Яғни биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-сіне, ал арапа күні 20-тамызға сәйкес келді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – сүннет. Бұған қатысты Әбу Қатадан (р.а) жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім)…» делінген. Сондықтан біз асыға күткен осы бір қасиетті айымызды қадірлі қонағымыздай қадірлеп, күте білсек, бізден де Алла Тағала өз мейірі мен кешірі­мін аямасы анық.
 
– Құрбан айт мерекесінің шығу тарихы жайында әңгімелеп берсеңіз?
 
– Құрбан айт деп атап жүрген, мұсыл­мандардың «ид аль-ахда» мейрамы хижраның екінші жылы (мұсылмандардың жыл санауы), яғни 624 жылдан діннің бір бөлігі ретінде тойлана бастады. Бұл мейрамның негізгі шығу тарихы Ибраһим пайғамбардың заманынан бастау алады. Құранда келгендей, Құрбан айт мейрамы Алла Тағаланың Ибраһим пайғамбарға (ғ.с) жалғыз балаңды (Исмаилды) менің жолымда құрбандыққа шал деген пәрменімен басталады. Бұл Алланың досы Ибраһим пайғамбарға (ғ.с) жіберілген сынақ еді. Дегенмен, Аллаға шынайы берілген Ибраһим пайғамбар (ғ.с)  86 жасқа келгенде сүйген перзентін Алла Тағаланың жолына құрбан етуге бел буады. Әке тәлімін көріп өскен Исмаил пайғамбар (ғ.с) да Алла Тағала бұйрығына қарсы келмейді. Содан пайғамбар өз баласын бауыздамақ болады. Бірақ пышақ екеш пышақ та Алланың қалауымен өтпей қояды. Осы әрекетін бірнеше рет қайталай бергенде, Алла Тағала оны тоқтатып, Жәбірейіл періште арқылы сынақтан сүрінбей өткенін сүйіншілеп, баласының орнына жәннаттан түскен көк қошқарды құрбандыққа шалуын бұйырады. Сол кезеңнен бастап Құрбандық маусымында қой мен дінімізде рұқсат етілген мал түрлерін (түйе, сиыр, ешкі) құрбандыққа шалу дәстүрі жолға қойылған.
Бұл мереке, біріншіден, асыл дініміздің негіздерінің бірі, яғни құрбандық шалуға мүмкіндігі бар мұсылмандардың Құдай алдындағы міндеті (уәжіп) болып табылады. Бұған қатысты Алла Тағала Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінің 2-аятында: «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы және құрбан шал» деп бұйырса, ал тағы бір аятта: «Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған ғана бой ұсының­дар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр» (Хаж сүресі, 34-аят), – деп Алла Тағаланың разылығын тілеп, ықыласпен құрбандық шалушыларды сүйіншілейді. Екіншіден, бұл мерекеде қоғамдық қарым-қатынастар біршама реттеліп, адамдардың бір-біріне деген мейір-махаббаты қайта оянғандай болады. Өйткені, бұл күндері алыстағы туған-туыстар бір-біріне айттап келеді, көрші-қолаңдар бір-біріне көңіл бөле бастайды, жағдай төмен отбасыларға жан-жақты көмектер көрсетіліп, құрбан еттерінің бір бөлігі үлестіріледі. Балалар да шат-шадыман көңіл-күйге бөленіп, мерекенің қасиеті мен шарапатын сезе бастайды. Мешіттердегі ер мұсылмандардың бір үйдің баласындай ынтымақта ұйып, қаз-қатар тұрып намаз оқулары да адамға ерекше қуаныш сыйлайды. Жалпы айтқанда, мұсылмандарды бірлікке үндейтін, бір-бірінің көңілін сұрап, әрқашан көмек қолын созуға әзір тұратын етіп тәрбиелеуге осындай Құрбан айт сынды мерекелердің маңызы өте зор. Алла Тағала бізге тек жеңілдік пен жақсылық қалайды.
 
– Айт намазына келудің қандай әдептері бар?
 
– Әдетте бір қандай да бір мерекелік кешке немесе бір маңызды жиынға шақырылсақ, оған бей-жай қарап, қалай болса, солай, аңғал-саңғал бара салмасымыз анық. Керісінше, ерекше дайындықпен барамыз. Сол секілді, ұлы мерекеміз болған айт мерекесін жоғары дайындықпен күту керек. Өйткені, мұсылмандар үшін бұл күнде үлкен жақсылықтар мен игіліктер бар. Сондықтан әрбір мұсылман осы мерекенің қасиетін жете түсініп, таң азаннан ерте тұрып, әдемі киімдерін киіп, хош иістеніп, мешітке ерте келіп отырғаны абзал. Сосын Құрбан айт құтпасын тыңдап, жамағатпен бірге намаз оқиды. Алла Тағалаға мақтаулар айтып, Жаратқаннан қайырлы дұғалар тілеп, құрбандық рәсімін бастайды. (Негізінен, айт намазына нәр татпай шығып, құрбан етімен немесе құрбан айт дастарханымен ауыз ашқан дұрыс). Алланың аты аталып сойылған құрбан еттерінің бір бөлігі – құрбан шалушының өзінде қалады, екінші бөлігі – туыс-туғанға, ал үшінші бөлігі – жағдайы төмен отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, айт намызына келушінің мешітке барарда басқа жолмен, үйіне қайтарда басқа жолмен жүргені абзал. Бұл нәрсе құрбан айт намазына барушыға көп жер куә болсын дегеннен шыққан. Сонымен қатар, балаларымыз бен жақындарымыздың бұл мерекені жақсы көріп, қадір тұтулары үшін, оларға осы күндері тосын сыйлар жасап, көңілдерін аулап, қуанта білуіміз керек.
 
– Құрбандық шалғанда ең бірінші неге мән беру керек? Ислам негіздерінде Аллаға шалған құрбандықтарының қаны мен еті емес, тақуалықтарың жетіп барады дегенді қалай түсінеміз?
 
– Дінімізде жасалған кез-келген іс-әрекет ниетке байланысты делінген, яғни біз жасаған амалымыздың сауабын, яки күнәсін ниетімізге қарай көреміз. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты» деген хадисі дәлел. Соған орай, мұсылмандар, бауырлары­мыз құрбандық шалар кезінде, ең алдымен, ниеттерін түзеп, бір Алланың разылығын көздегендері абзал. Ал сіздің қойған сұрағыңыздағы Аллаға жетпейтін нәрселер мен Оның разылығына жетелейтін нәрселер туралы қасиетті Құранда: «Ұмыт­паңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүрек­теріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп айтыл­ған. Сондықтан біздің ең басты байлығымыз бен қаруымыз – Аллаға деген тақуалығымыз бен шынайы ықыласымыз. Яғни тақуа­лықпен, шынайы ықыласпен жасалған амал, шалынған құрбындық қана қабыл болады.
 
– Құрбандық шалу кімдерге міндет (уәжіп)?
 
– Сұрағыңыз өте орынды. Ата-баба­ларымыз ұстанып келген Ханафи мәзһабы бойынша, ең алдымен, құрбан шалушы адам мұсылман болу керек. Мұсылман емес адамға құрбан шалу міндетті емес. Екіншіден, тұрғылықты адам болу керек, яғни жолаушы адамға құрбандық шалу міндет емес. Үшіншіден, ақыл-есі дұрыс, төртіншіден, балиғатқа толып, оң-солын таныған адам болса, бесіншіден, құрбандық шалушы адам өзінің негізгі қажеттілігінен бөлек, нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болған болса (Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу керек), ол адамға құрбандық шалу міндетті болып табылады. Дегенмен, қаржысы белгіленген нисап мөлшеріне жетпеген адамдар да құрбандық шала берсе болады. Бір ескеретін жәйт, жоғарыдағы талаптарға толыққанды жауап бере алатын мұсылман бола тұра, бірақ құрбандық шалу­дан бой тасалап немесе сараңдыққа салы­нып, дініміздің бұйрық­тары­на немқұрайлы қарайтын болса, ондай адамдарға Пайғам­барымыз (с.ғ.с.) өз хадис­терінің бірінде: «Кімде-кім құрбан шалуға шамасы келе тұра оны істемесе, біз құлшылық қылатын орынға (яғни мешітке) жақындамасын» (Ахмад, Ибн Мажәһ), – деп қатаң ескерт­кені бар. Сондықтан құрбандық немесе басқа да осы тектес құлшылық түрлерін шамамыздың келгенінше, Алланың разылығы үшін орындап қалғанымыз жөн.
 
– Құрбандыққа шалынатын мал қандай талаптарға сай болу керек? Ал қандай малдар жарамсыз?
 
– Жүрсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі болған төрт түлік малды Алла адам баласының игілігі үшін жаратқаны мәлім. Әрі бізге өзіне арнап құрбандық шалуға осы төрт түлік малды (жылқыдан бөлек) таңдаған. Дегенмен, осы төрт түліктен жылқы малын құрбандыққа шалуға болмайтыны секілді, қалған төрт түліктің жас шамасы мен басқа да белгілі кемшіліктеріне қарай құрбандыққа жара­майтын түрлері де бар. Мәселен, құрбан­дыққа шалынатын малдың бір немесе екі көзі соқыр болса, құрбан шалу орнына өз бетінше жетуіне шамасы жетпейтіндей ақсақ болса, тістерінің көбі болмаса, мүйіздері сынған болуы немесе бір мүйізінің түбіне дейін болмауы, құйрығының жартысы не көбі болмауы, малдың тым әлсіз болмауы, тума құйрығы немесе құлағының бол­мауы, лас нәрсемен тамақтанып жүрген болса, бұл – малдар құрбандыққа жара­майды.
Біріншіден, құрбандық шалуға жарай­тын мал жоғарыда келтірген кемшіліктерден ада, он екі мүшесі сау болу керек. Екін­ші­ден, құрбандық малдарының жас ерек­шелігін де ескеру қажет, яғни түйе малы 5 жастан, қара сиыр түлігі 2 жастан, ал қой мен ешкі 1 жастан асқан болу керек. Сон­дай-ақ, түйе мен сиырды 7 адам бірігіп немесе 1 адам да шала алады. Ал қойды 1 адам шалады.
Құрбан айтта қалада құрбан шалатын орын іздеп кететін жандар аз емес. Сон­дықтан осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің келісімімен құрбан шалуға арналған тиісті орындар белгіленіп отыр. Мәселен, Алматы қаласына тиісті 50-ге жуық мешіт бар болса, соның жиырма екі мешітінде құрбандық шалуға рұқсат берілген.
 
– Қала тұрғындарына құрбан шалу мен мешіттердегі қасапханаларға қатысты қандай кеңестер айтасыз?
 
– Әрине, «тазалық – иманның жартысы» дегендей, құрбандық шалушылар, ең алдымен, тазалыққа мән берсе екен. Біздің рәсімдер көбіне-көп қалалы жерлерде орындалатындықтан, тазалық мәселесіне бей-жай қарамауымыз керек. Сонымен қатар, қасапшылар да шариғат талаптарына сай құрбандық шалып, барынша ысырап­шылдыққа жол бермеуі керек. Бұл мәселе бойынша, Алматы Орталық мешіті жылда қасапшыларға арнаулы сенинарлар өткізіп келеді. Мысалы, биыл 6 тамыз күні ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің қолдауымен 50-ден астам қасапшыға арнайы семинар өткіздік. Сондай-ақ, қасапшылар мынадай негізгі талаптарды ескерсе, құрбан шалатын болса, нұр үстіне нұр болар еді: пышақты малға көрсетпей қайрап келу; малды сол жамбасымен жатқызу, кеудесімен құбылаға қарату; құрбан шалуға ниет ету (өз атынан немесе өзгенің атынан); «Бисмилла, Аллаһу акбар!» деп айту, т.с.с. мал бауыздау әдептерін сақтауға кеңес береміз.
 
– Алматы қаласына қарасты мешіттерде құрбан айт мерекесіне орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылмақ?
 
– Алматы қалалық мешіттерінде құрбан айт мерекесінде жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша әр түрлі ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Балалар үшін ойын алаңдары құрылады. Арапа күнінің құрметіне орай «Мектепке жол!» акциясы ұйымдастырылып, жағдайы төмен отбасылардан арнайы тізім бойынша 1000 балаға мектеп сөмкесі табысталып, ал Құрбан айт мерекесінің құрметіне 1000 балаға Құрбан айт сыйлықтары таратылады. Сонымен қатар, Алматы қаласының бірнеше мешіттері мен «Ихляс» қайырымдылық қауымдастығы құрбан айт күні «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын кең көлемде атап өтіп, құрбандық шалушыларға тиімді жағдайлар тудырмақ. Бұған қатысты толық мәліметті Azan.kz сайтынан алуға болады.
 
– Біз мұсылмандар құрбан айт мерекесін қандай дәрежеде қарсы алып жүрміз? Жал­пы, біздің ел мен өзіңіз оқып келген мұсыл­ман мемлекеттерінің Құрбан айт мерекесін тойлауда қандай ерекшеліктерін бай­қадыңыз?
 
– Мұсылман мемлекеттерінің бірі – Ливанда білім алдым. Онда дінге ерекше мән береді. Әсіресе, ораза айт пен құрбан айтқа деген елдің құрметі мен ықыласы айрықша зор. Ол елдің үлкендері өз балаларының бойына ұлттық һәм діни құндылықтарды жастайынан сіңіруге тырысады. Мәселен, Ливанда үлкен кісілер мешіттерге, мешіттерде болатын мерекелік жиындарға балаларын өздерімен бірге ертіп келуге құмар. Бір-біріне сыйлықтар сыйлап, мерекенің қадірін арттыра түсуді де жақсы жолға қойған. Ливандықтар да біздер секілді айт күндері ата-бабалары жатқан қабірлерді зияраттап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, марқұмдардың рухына құран бағыштайды. Осы арқылы өскелең ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа, көпшіл болуға тәрбиелеуде. Сондықтан біз де өзге елдердің осындай жақсы жақтарынан үлгі ала отырып, өзіміздің ата дәстүрімізді дамыта түсуіміз керек деп ойлаймын.
 
– Алматы тұрғындарына, жалпы қазақстандық барша мұсылман қауымына Құрбан айтқа қатысты қандай тілек айтасыз?
 
– Ең алдымен, осындай бейбіт күнге жеткізіп, алаңсыз құлшылық етуді нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкірліктер айтамыз. Еліміздің мұсылмандары бірлік пен ынты­мақтың ақ бесігінде тербеліп, қазақ­тандық әрбір отбасы бақыт құшағында шалқи берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осындай Алланың разылығына жетелейтін мерекелер өз жалғасын таба бергей. Шалған құрбандық­тарымыз қабыл болсын! Құрбан айт мерекесі баршамызға мүбәрак болсын! Әумин!
 
– Әңгімеңізге рақмет!
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КІТАП ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР ҚҰРБАНДЫҚ ХАҚЫНДА ҚОС ТӘМСІЛ (ЖЫР)

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Қажылыққа барғыңыз келе ме?
Қажылық жайлы көркем фильмдерді көрген сайын: «мен қашан барады екенмін?» деген ойда қалатынымыз сөзсіз. Олай болса, Алланың үйіне сапарға дайын болайық.
Ислам күнтізбесі Қадір түніне 7 амал
«Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік», – деп Алла Тағала бұл түннің мәртебесі Құран арқылы көтерілгендігін баяндайды. Араб тіліндегі «القدر» сөзі біздің «қадірлі, ұлы, беделді, мәртебелі» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ,біздің сөздік қорымыздағы «тағдыр» сөзі де негізінен осы әріптерден алы...
Ислам күнтізбесі Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі
Үстіміздегі жылдың 19-қарашасында мұсылман ай күнтізбесінің үшінші айы Рабиул-әууәл басталды. Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі? Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың соңғы Пайғамбары әрі Елшісі, «Пайғамбарлардың мөрі», «Әлемдерге жіберілген Рақым» Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған А...
Ислам күнтізбесі 31-ші тамыз – Арапа күнгі ораза
Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады....
Ислам күнтізбесі Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтар
«Құрбан Айт» деген атпен белгілі қасиетті Ид-әл-Идха мейрамының қарсаңында өткен жылдардағы тәжірибемізге сүйене отырып, жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын жариялап отырмыз....
Ислам күнтізбесі Зүл-хиджа айының алғашқы он күні
Құрметті мұсылман бауырлар! Алланың қалауымен, 2017 жылдың тамыз айының 22-жұлдызында, ақшам намазының кірісімен қасиетті Зүл-хиджа айы басталады. Бұл ай төрт құрметті айдың бірі болып саналады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:18

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi