АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ?

| A | +

 Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

 

Мұсылман адамның ең үлкен мақсат-мұраты – Жаратушы Алла Тағаланың разылығына кенелу. Ол бұл дүниедегі әрбір ісін, айтатын сөзін,  жасайтын құлшылығын Алланың разылығы үшін арнайды. Өйткені Алланың разылығы – пендеге берілетін ең үлкен нығмет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 72-аятында:

وَعَدَ اللهُ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَمَسَاكِنَ طَيِّبَةً فِي جَنَّاتِ عَدْنٍ وَرِضْوَانٌ مِّنَ اللهِ أَكْبَرُ ذَلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ

«Алла мүмин ерлер мен мүмин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақшалар және ғадын жәннатында көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы – өте зор табыс. Міне, осы – үлкен жетістік», – деп айтқан.

Барлық пайғамбарлардың ғибратты ғұмыры Алла Тағаланың разылығын табу үшін өткен. Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) ілесіп келе жатқан қауымын күтпей, асығыс жүріп межелі жерге жетеді. Оған: «Әй, Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?» – деп сұрақ қойылғанда, Мұса (оған Алланың сәлемі болсын):

وَعَجِلْتُ إِلَيْكَ رَبِّ لِتَرْضى

«Раббым, разы болуың үшін Саған асықтым», – деп жауап бергендігі қасиетті Құранда айтылған («Таһа» сүресі, 84-аят).

Адам баласының өмірінде екі жол бар. Бірі: Жаратушысының разылығына кенелтсе, екіншісі: керісінше Алла Тағаланың разылығынан мақрұм етеді. Сол себепті де екі дүние бақытына кенелуді қалаған жан әркез Жаратушының разылығына жетелейтін істерді атқаруға үлкен мән беруі тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын Алланың разылығына кенелуге себепші болатын істерді жасауды үндейтін. Мысалы, хадис шәріпте:

إِنَّ اللَّهَ يَرْضَى لَكُمْ ثَلاثًا، ويَكْرَهُ لَكُمْ ثَلاثًا، فَيَرْضَى لَكُمْ: أنْ تَعْبُدُوهُ، ولا تُشْرِكُوا به شيئًا، وأَنْ تَعْتَصِمُوا بحَبْلِ اللهِ جَمِيعًا ولا تَفَرَّقُوا، ويَكْرَهُ لَكُمْ: قيلَ وقالَ، وكَثْرَةَ السُّؤالِ، وإضاعَةِ المالِ

«Расында, Алла Тағала сендердің үш істеріңе разы болып, үш әрекеттеріңе наразы болады. Сендердің Аллаға ешбір нәрсені ортақ етпей құлшылық етулеріңе, тұтас болып Алланың дінінен мықтап ұстауларыңа және бөлінбеулеріңе разы болады. Сондай-ақ: алып қашпа сөзге ерулеріңе, қажетсіз көп сұрақ қоюларыңды және мал-дүниені бекер шашуларыңды құптамайды», – деген (имам Мүслим).

Негізі Алланың разылығы үшін атқарылған әрбір ізгі іс пендені Жаратушының разылығына жетелейді. Алайда, мынадай кейбір істерді істеген пенделерге Жаратушының разылығы болатындығы турасында хадис шәріптерде айтылған:

 

Бірінші: Ата-ананың разылығын алу

Ата-ананы разы етіп, олардың ақ батасын алу. Бұл – Жаратушыны разы ететін ең сауапты іс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

رِضَا اللَّهِ فِي رِضَا الْوَالِدَيْنِ، وَسَخَطُ اللَّهِ فِي سَخَطِ الْوَالِدَيْنِ

«Алланың ризалығы ата-ананың ризалығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында», – деген (имам Тирмизи).

Ата-анаға қарсы шығып, олардың айтқанын тыңдамау, ашуына қалу – Алланың аушына себепші болады. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен Алладан басқа тәңірдің жоқтығына, сен Алланың құлы әрі елшісі екендігіңе куәлік беремін, бес уақыт намазымды оқимын, малымнан зекет беремін, рамазан оразасын ұстаймын», –дегенде, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім осы күйде өлсе, жәннаттық болады. Пайғамбарлар, шыншылдар және шаһидтермен бірге болады, егер ата-анасына бойұсынған болса», – дейді. Яғни, кімде-кім ата-анаға бойұсынбаған болса, оларға қарсы келіп, ренжіткен болса, басқа істерінің пайда бермеу қауіпін туғызады екен.

 

Қисса

Бірде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен отырған кезде: «Сендерге Иеменнен бір ру келеді. Солардың ішінде Уайс ибн Әмір деген кісі болады. Оның денесінде тері ауруы болған. Сол ауруынан дирхамның көлеміндей жерден басқасын Алла емдеп жіберген. Егер ол Алладан бір нәрсе сұраса, оның сұрағанына міндетті түрде жауап беріледі. Оның сырқат анасы бар, ол анасына өте көркем игі қарым-қатынас танытады. Уа, Омар! Егер шамаң келсе, оны көрген кезіңде, сен одан Алла Тағала күнәларыңды кешіруін сұрап, дұға етуін өтін», – дейді. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) халифа болған кезінде Иеменнен бір тайпа келеді. Сонда Омар олардан: «Араларыңда Уайс ибн Әмір деген кісі бар ма?» – деп сұрайды. Сонда адамдар таң қалысып: «Бар», –  деп жауап береді. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) онымен кездесіп:  «Уайс ибн Әмір деген сен бе?» – деп сұрайды. Ол: «Иә», – деп жауап қатады. Халифа оған: «Сен Мурад деген рудансың ба? Бойыңда тері ауруы болған екен, Алла шипа беріп, дирхамдай жерден басқа жеріңді жазыпты. Сен сырқат анаңды күтіп, қарауың себепті Алла елшісімен жолыға алмапсың» – дейді. Уайс: «Иә, дәл солай», – деп халифаның айтқандарына таңырқай түседі. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Мұны маған Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып еді. Саған айтар өтінішім, мен үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, дұға етші», – деген екен.

Уайс ибн Әмір  (Алла оны рақымына алсын) анасы сырқаттанып, оны күндіз-түні уайымдап, сол кісіге қараймын деп, Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кездесуге келе алмаған адам. Оның анасына деген игі қарым-қатынасының себебінен Алла оның есімін ардақты Пайғамбарымызға (оған Аланың салауаты мен сәлемі болсын) білдірген.  Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) тірі күнінде жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың қатарында бола тұра Уайс ибн Әмірге барып, өзі үшін дұға етуін өтінуі ата-анаға деген құрметтің пендені қаншалықты үлкен дәрежеге көтеретінін түсінеміз.

 

Екінші: Нығметтерге шүкірлік ету

Жаратушымыздың адамзат баласына берген нығметтері өте көп. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахл» сүресі, 18-аятында:

  وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَةَ اللَّهِ لَاتُحْصُوهَا إِنَّ اللَّهَ لَغَفُورٌ رَحِيمٌ

«Алланың нығметін санасаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Әлбетте Алла жарылқаушы, (әрі) рақымшыл», – деп айтқан.

Жаратушы берген нығметтердің қадірін біліп, Оған шүкірлік етіп, оған мақтаулар айту – Алла Тағаланың разылығына жетелейтін іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 172-аятыда:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ وَاشْكُرُوا لِلَّهِ إِنْ كُنْتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Біз сендерге ризық етіп берген нәрселеріміздің жақсыларынан (адалдарынан) жеңдер. Және Аллаға шүкірлік етіңдер, егер (шын мәнінде) оған құлшылық ететін болсаңдар», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ اللَّهَ لَيَرْضَى عَنْ الْعَبْدِ أَنْ يَأْكُلَ الْأَكْلَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا أَوْ يَشْرَبَ الشَّرْبَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا

«Расында Алла тамағын жегеннен кейін Аллаға мақтау айтқан әрі сусынын ішкеннен кейін Аллаға мақтау айтқан құлына разы болады», – деген (имам Мүслим).

Ғалымдардан: «Кімде-кім Алланың берген аз нығыметіне ризалық білдірсе, Алла ол адамның аз ісіне риза болады», – деген сөз қалған.

Шүкірлік үш түрге бөлінеді:

  1. Жүрекпен шүкіршілік ету. Жүрегімізбен нығметті берушіге разы болуымыз жүрекпен шүкір етуге жатады.
  2. Тілмен шүкіршілік ету. Тілімізбен Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақ айту.
  3. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету. Алла Тағаланың разылығын көздеп, Оның бұйырған бұйрықтарын орындау. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) келген хадисте былай делінген:

كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا صَلَّى قَامَ حَتَّى تَفَطَّرَ رِجْلَاهُ قَالَتْ عَائِشَةُ : يَا رَسُولَ اللَّهِ أَتَصْنَعُ هَذَا وَقَدْ غُفِرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ ؟ فَقَالَ : يَا عَائِشَةُ أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі намаз оқығанында аяқтары ісіп кеткенше тік тұратын. (Мұны көрген) хазіреті Айша анамыз: «Уа, Алланың елшісі! Алла Тағала сіздің бұрын-соңды күнәларыңыздың (барлығын) жарылқаған ғой, осыншама неге (өзіңізге қиындық) жасайсыз?» – дегенде, Алланың елшісі: «Мен шүкір етуші пенде болмаймын ба?» – деп жауап берген (имам Бұхари, Мүслим).

Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқу арқылы Жаратушысына шүкір еткендігі баяндалған.

 

Үшінші: Намазды уақытында оқу

Намаз – Исламның бес парызының бірі әрі құлшылықтың ең абзалы. Жаратушымыз Алла Тағала қасиетті Құраның 87 жерінде намаз оқуды бұйырған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды «Діннің тірегі»«Мүминнің миғражы»«Жұмақтың кілті»«Көзімнің нұры» деп түрлі атаулармен атаған. Бұның барлығы намаз оқудың қаншалықты маңызды екендігінің көрінісі. Абдулла ибн Масғуд жеткізген хадисте:

سَأَلْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : أَيُّ الْعَمَلِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ ؟ قَالَ :الصَّلاةُ عَلَى وَقْتِهَا

«Бірде мен Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың, бәрінен де жақсы көретін ісі қайсы?» – деп сұрадым. Ол кісі: «Өз уақытында оқылған намаз», – деп жауап берді», – деген (имам Мүслим).

Қазақ халқы: «Халыққа жағам десең қазанды бол, Құдайға жағам десең азанды бол» деу арқылы, намаз оқу Жаратушының разылығына жетелейтін үлкен іс екендігін айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ عَمَلِهِ صَلَاتُهُ فَإِنْ صَلُحَتْ فَقَدْ أَفْلَحَ وَأَنْجَحَ وَإِنْ فَسَدَتْ فَقَدْ خَابَ وَخَسِرَ

«Қиямет күні пенденің жасаған істерінен ең әуелі сұралатыны – намаз. Егер намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Егер намазы дұрыс болмаса, онда апатқа ұшырап, қайғыға түседі», – деген.

Осы себепті адам баласы әрбір намазына ерекше мән беріп, оны уақытында әрі шынайы ықыласымен оқуға барынша тырысуы қажет. Қиямет қайымда ұлы Раббымыз пендесінің барлық істерінен хабардар бола тұра періштелеріне: «Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық орындап па, кемістігі бар ма»? – дейді. Егер оның парыз намаздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазылады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Алла Тағала: «Құлым нәпіл намаздарын толық оқыған ба екен?» – дейді. Егер ол нәпіл намаздарын толық оқыған болса, Алла Тағала: «Құлымның нұқсан болған парыз намаздарын нәпілдерімен толтырыңдар», – дейді. Одан кейін парыз болған басқа да істері осылайша есепке тартылады» (имам Тирмизи).

 

Төртінші: Тазалық

Тазалық – иманның жартысы. Алла Тағала әркез таза жүрген құлдарын жақсы көріп, оларға риза болады. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 222-аятында:

  إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِين

«Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәның артынша қатты өкініп) тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді», – деп айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

السِّوَاكُ مَطْهَرَةٌ لِلْفَمِ مَرْضَاةٌ لِلرَّبِّ

«Тіс тазалағыш – ауызды тазалайды әрі Алланың ризалығын алып келеді», – деп, ауыз қуысының тазалығына мән беріп жүрудің өзі Жаратушының разылығына жетелейтін іс екендігін айтқан (имам Ахмад).

Осыны ескерген мұсылман жан әркез денесінің, киімінің, айналасының тазалығына үлкен мән беруі тиіс. Тағы бір хадисінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар», – деп біздерге Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көріну үшін тазалыққа мән беруіміз керек екенін білдіреді (имам Тирмизи).

Ендеше, асыл дініміз Исламда тазалық жолында жасалған әрбір әрекет жоғары бағаланады және оны іске асырған пендеге мол сауап пен Жаратушының разылығы уәде етілген. Мұсылман адамның ғибадат-құлшылығының қабыл болуы тазалығына байланысты. Таза емес пендеге намаз оқуға, қасиетті Кағбаны тауаф етуге және Құран кітабын қолмен ұстауына болмайды.

 

Қадірменді жамағат!

Жаратушының разылығын көздеп ізгі іс істеген пенде ақыретте де ризалыққа кенеледі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ләйл» сүресі, 19-21-аяттарында:

وَمَا لِأَحَدٍ عِنْدَهُ مِنْ نِعْمَةٍ تُجْزَى. إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ رَبِّهِ الْأَعْلَى. وَلَسَوْفَ يَرْضَى

«Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. Бірақ ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді. Сондай-ақ ол, таяуда разы болады», – деп айтқан.

Ендеше, қадірменді жамағат, кейде мән бермей, «рахмет» деген сөздің баламасы ретінде қолданып, өзіміз айтып жататын: «Алла разы болсын!» деген сөз – мұсылманның мұсылманға тілейтін ең үлкен жақсылық дұғасы әрі ақыретте пендеге берілетін ең үлкен мақам, биік дәреже. Хадис шәріпте: «Алла Тағала жәннаттық адамдарға: «Уа, жәннат иелері! Өздеріңе берілген нығметтерге разы болдыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Сен бұрын-соңды ешбір пендеңе бермеген нығметіңді бізге бердің. Біз қалайша разы болмайық?» – дейді. Сонда Алла Тағала: «Сендерге бұдан да абзалы беріледі», – дейді.  Адамдар: Уа, Раббымыз! Бұл нығметтерден артық бізге не берілуі мүмкін?» – деп таңырқайды. Алла Тағала: «Мен сендерге разы боламын әрі ешуақыт қаһарыма душар етілмейсіңдер» – дейді» (Ибн Хиббан).

Алла Тағалаға баршамызды Өзі разы болатын игі істерге бекем етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ ХАСАН БАСРИ ҒИБРАТЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – ҮЛКЕН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы МИҒРАЖ ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы МҰСЫЛМАН – МҰСЫЛМАНҒА БАУЫР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ДІННІҢ ҚОҒАМҒА ІЗГІ ӘСЕРІ МЕН ТӘРБИЕСІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ӨЗГЕНІ ӨЗІҢНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ – ІЗГІЛЕР СИПАТЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:13

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi