МҰСЫЛМАН – МҰСЫЛМАНҒА БАУЫР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

МҰСЫЛМАН – МҰСЫЛМАНҒА БАУЫР

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Асыл дініміз Ислам иман еткен жандардың өзара туыс, бауыр екендігін айтады. Қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 103-аятында Алла Тағала:

وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا

«Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатының алғашқы кезеңінен бастап мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екендіктерін жариялаған. Бұл біздердің өзара бірлікте болып, бауырмал болуымыздың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігінің көрінісі.

Ғалымдарымыз бауырмалдық пен бірлікті жайқалып өскен тоғайға теңеген.  Себебі, тоғай өсіп,  бұтағы көбейген сайын қуатталып, оған қатты жел әсер ете алмайтынындай, ауызбіршілігі мен бауырмалдығы мығым елге ешқандай жамандық теріс әсерін тигізе алмайды.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ  وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Денені құрайтын ағзалардың бірігіп дұрыс жұмыс жасағанында  дененің сау болатындығы сияқты, қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, өзара бауырмалдық пен бірлікте болса, ол қоғам өркендеп гүлденеді.

Мұсылман адам өзге адамдармен қарым-қатынаста өзара бауырмалдықтарын арттыратын амалдарды атқарып, бауырмалдық пен бірлікке сызат түсіретін істерден сақ болуы қажет. Бауырмалдықтың артуына себеп болатын амалдар мынадай:

 

Бірінші: Жақсы көру

Адам баласының тура жолда екендігінің бір көрінісі – өзге мұсылмандарға деген жүрегінде сүйіспеншіктің болуы. Осы себепті де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының қарым-қатынасы терең махаббаттың аясында болуына аса мән берген. Хадис шәріпте:

ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلَّهِ وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ

«Үш сипат бойында табылған адам иманның дәмін сезінеді: Алла мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көрген. Бір адамды жақсы көрсе, тек Алла ризалығы үшін жақсы көрген. Отқа қалай түсуді қаламаса,  дәл солай күпірлікке оралуды қаламаған адам» – деп айтылған (имам Бұхари).

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі мұсылмандардың арасындағы өзара сүйіспеншіліктің ең көркем үлгісін көрсете білді. Тіпті әрбір сахабасына деген жеке құрмет пен ілтипат танытуынан олардың әрбірі: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мені барлығынан да артық жақсы көретін болар» деп ойлайтын.  Кей уақыттарда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына деген сүйіспеншілігін білдіртіп те отыратын. Мысалы, Мұғаз (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  оның қолынан ұстап:

يَا مُعَاذُ وَاَللَّهِ إِنِّي لَأُحِبُّكَ فَقَالَ أُوصِيكَ يَا مُعَاذُ لَا تَدَعَنَّ فِي دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ تَقُولُ: اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ ، وَشُكْرِكَ ، وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Иә, Мұғаз! Алланың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін! Иә, Мұғаз! Мен саған әр намаздан кейін мынаны айтуды міндеттеймін: «Иә, Алла! Маған Өзіңді есімде ұстауға, саған шүкіршілік етуге және көркем түрде құлшылық етуге көмектес», – деп айтқанын жеткізген (имам Әбу Дәуд).  

Яғни, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізіп, айтып отыруы ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсетіп кеткен көркем өнегелерінен. Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын): «Бір кісі Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында тұрғанда, олардың жанынан әлде бір кісі өтіп кетеді. Сонда әлгі кісі Пайғамбарымызға: «Иә, Алланың елшісі! Мен мына адамды жақсы көремін», – деді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол кісіге:  «Сен бұл жайында оған айттың ба?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ», – дейді. Сонда Алланың елшісі  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда бұл жайында оған хабардар ет!» – дейді. Әлгі  кісі өтіп кеткен адамды қуып жетіп: «Расында, мен сені Алланың разылығы үшін жақсы көремін» – деді. Ол болса: «Мені Кім үшін жақсы көрсең, Ол да сені жақсы көрсін!» – деп жауап қайырды», – дейді.

Мұсылманның өзгелерге деген сүйіспеншілігі тілмен ғана емес, оларға жанашыр болуы, жәрдемдесуі сияқты ісінде де көрініс табуы қажет.

 

Қисса

Ардақты Пағамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  хадисінде мынадай қиссаны баяндаған: «Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырымен көрісу үшін жолға шығады, ал Алла Тағала оған жолда кездесетін бір періштені жібереді. Ол адаммен жолда кездескенде: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Мен ана ауылда тұратын бауырыммен жолығуға бара жатырмын», – деп жауап береді. Періште: «Сен оған бір жақсылық жасаған шығарсың, ал енді сол жақсылығыңнан бір пайда тапқың келіп бара жатқан шығарсың?» – дейді. Ол адам: «Жоқ, расында, мен оны Алла Тағала үшін жақсы көремін», – деп жауап береді. Сонда періште: «Мен болсам, шындығында сен ол адамды Алла үшін қалай жақсы көрсең, Алла да сені солай жақсы көреді! – деп айту үшін саған Алладан жіберілдім», – дейді» .

 

Екінші: Сыртынан дұға ету

Мұсылман адам өзі әрі өзгелер үшін де үшін жақсылық тілеп, дұға етуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мұхаммед» сүресі,19-аятында:

وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ

«Күнәларыңның кешірілуін тіле.  Әрі мүмін ерлер мен мүмін әйелдердің (де күналары үшін жарылқау тіле)», – деп бұйырған. Бұл аяттарда Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   өзі әрі басқа да мүміндер үшін дұға етуін бұйырған.

Қасиетті Құранда және де ардақты Пайғамбарымыздың хадистерінде айтылған дұғаларға назар аударар болсақ, мұсылман адам өзі үшін дұға еткеннен кейін өзгелер үшін де дұға етуі керектігі баяндалады. Мысалы, қасиетті Құранның «Хашыр» сүресі, 10-аятында:

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالإِيمَانِ وَلاتَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلاًّ لِّلَّذِينَ آمَنُوا

 «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің», – делінген дұға айтылған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   хадисінде:

دَعْوَةُ الْمَرْءِ الْمُسْلِمِ لأخِيهِ بِظَهْرِ الْغَيْبِ مُسْتَجَابَةٌ ، عِنْدَ رَأْسِهِ مَلَكٌ مُوَكَّلٌ ، كُلَّمَا دَعَا لأخِيهِ بِخَيْرٍ قَالَ الْمَلَكُ الْمُوَكَّلُ بِهِ : آمِينَ وَلَك بِمِثْلٍ

«Мұсылманның  бауырының сыртынан жасаған дұғасы қабыл. (Өйткені)  оның басының жанында өкілетті періште тұрып,  ол бауырына жақсылық дұға тілеген сайын өкілетті періште де: «әмин, сағанда сол нәсіп болсын», – деп айтады», – деген (имам Мүслим).

Хадистен түсінгеніміздей қандай да бір мұсылман өзге мұсылман үшін дұға ететін болса, ол адам үшін періштелер жақсылық тілеп, дұға етеді. Осыны ескерген мұсылман жан дұғасында  бауырларын да тастамай, қамтығаны жөн. Мысалы, Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын): «Мен намаздан кейін жетпіс бауырыма аттарын атап тұрып дұға етемін», – деген екен.

 

Үшінші: Жақсы ойда болу

Жақсы ойда болу деп – мұсылмандар турасында жақсы пікірде болып,  оларға дәлелсіз күдік танытпау, күнәлары мен айыптарын тіміскілемеуді айтамыз. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресі, 12-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيرًا مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ

«Әй мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі күнә», – деп айтқан.

Мұсылман адам өзге бір мұсылман турасында ешбір дәлелсіз жаман ойлауына, сол ойға сүйеніп, негізсіз пікір айтуына болмайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إيَّاكُمْ وَالظَّنَّ ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ

«Жаман ойлаудан сақ болыңдар, өйткені жаман ой – сөздің ең жалғаны», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Мұсылмандық ұстанымға сай қандай да бір мәселенің нақты анық-қанығын білмесе, адам баласы әуелі жақсы ойда болуы қажет. Өзге адам жайында жақсы ойда болу – адамның жан дүниесіндегі тазалықтың көрінісі. Ал керісінше басқалар жөнінде дәлелсіз жаман ойда болу – жүректің рухани дертке шалдыққандығының  белгісі.  Сол себепті де бұрынғы даналардан: «Егер бауырыңның бойынан бір кемшілік көрсең, оған жетпіс түрлі ақтау ізде. Ол жетпіс түрлі ақтауды қабыл ете алмасаң: «Не деген қатайған жүрек едің?!» – деп жүрегіңді айыпта», – делінген сөз қалған.

Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Бауырларыңның бір күнә істегенін көрсеңдер, «Раббымыз оны масқара қыл! Уа, Аллам оған лағынет жаудыр» деген сөздер айту арқылы, шайтанға жәрдемші болмаңдар. Керісінше, «Раббымыз оны жарылқай гөр! Оған тура жолыңды нәсіп ет» деп айтыңдар. Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың салауаты мен сәлмі болсын) сахабалары ретінде біз ешкім жайында оның қай жолда өлгенін білмегенімізше, ешнәрсе айтпайтынбыз. Өмірі жақсылықпен аяқталса, «Жақсылыққа қауышты» деп айтатынбыз. Егер жамандық жолында дүние салса, ол жайында бірнәрсе айтудан қорқатын едік», – деген.  

 

Төртінші: Кешірімді болу

Адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, қателігіне кешіріммен қарау – жақындық байланысты үзіп алмас үшін аса маңызды амал. «Кешіру» оңай амал көрінгенімен, адам нәпсісіне өте ауыр іс. Себебі, кешірім қажетті жағдайда нәпсі адамды терең ойландырмай, жүрекке ренжіген адамға деген жеккөрініш, ыза мен кек  салады. Осы кезде Алланың разылығын ойлап, Оның кешірімін үміт ете отыра, өзгенің қателігін кешіре білу – ұлы амал. Хасан Басри (Алла оны рахымына бөлесін) сол үшін де: «Мүминнің ахлағының ең абзалы – кешірімділік», – деп айтқан. Өкпелеу, ренжу, көңілге алу әркімнің де қолынан келеді. Алайда, кешіру – жүрегіне иман ұялаған, Алла Тағаланың кешірімін үміт ететін құлдарға тән қасиет. Осы себепті де қасиетті Құран Кәрімдегі «Шура» сүресінің, 43-аятында:

وَلَمَنْ صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الأُمُورِ

«Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», – деп айтқан. 

Ислам діні адамның ашуланып, қайта сол ашуының басылатын табиғатын ескеріп, өзара ренжіскен мұсылмандардың татуласулары үшін арнайы уақыт береді. Осы уақыт аралығында ренжіскен екі мұсылманның біреуі не екеуі өзара татуласуға қадам жасап, кешірім сұрасуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لا تَبَاغَضُوا ، وَلا تَحَاسَدُوا ، وَلا تَدَابَرُوا ، وَلا تَقَاطَعُوا ، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إخْوَانًا ، وَلا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يَهْجُرُ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلاثٍ

 «Бір-біріңе өш болмаңдар, бір-біріңе көралмаушылық қылмаңдар, бір - біріңнен теріс бұрылмаңдар. Бір-біріңмен қарым-қатынасты үзбеңдер.  Алланың құлдары, бір - біріңе бауыр болыңдар. Мұсылманға бауырын үш күннен артық уақытқа тастап кетуіне болмайды», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Қазақ халқында да: «Жақсы адамның ашуы – шәй орамал кепкенше» – деуі арқылы ренішті  ұзаққа созбай, ашуды басып, тезірек кешіру – жақсы адамға тән қасиет екендігі айтылған.

 

Бесінші: Қуаныш пен қайғыда ортақтасу

Халқымызда «Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ» дегеніндей  өмір болғаннан кейін жақсылығы мен жамандығы, қуанышы мен қайғысы қатарласып жүреді. Өзге бір мұсылманның басына сондай қиыншылық пен қайғы келген жағдайда, мұсылман адам оған бей-жәй қарамай, шамасы келгенше көмекші, жәрдемші болуы қажет.

Жай уақытта адамдардың дос, жақын, бауыр атануы оңай. Бірақ, нағыз жақындық адамның басына қиындық келген кезде сыналады. Абай Хәкімнің:

 Жаман дос – көлеңке:

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың, – дейтіні осыдан.

Яссауи бабамыздың: «Қам көңілдің қайғысына дауа бол, жолда шаршап шалдыққанға сая бол» деп айтқанындай адам басына келген қуанышқа ортақтасса, ол одан әрі артады, қайғыға ортақтасса, қайғы сейіледі. Ендеше, жақынының басына қайғы келген жағдайда мұсылман адам оның сейілуіне себепші болып, өзінің рухани жақындығы мен туыстығын амалы арқылы дәлелдеуі тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

الْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا وَشَبَّكَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ

«Мүміннің мүмінге қатысы бір-бірін қатайтып тұрған бүтін құрылыс іспеттес», – деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне кіргізіп айқастырғандығы айтылады (имам Бұхари).

Хадистен дененің бір жері ауырса, сол дертті бүкіл дене сезетіні сияқты, мұсылмандар да  қайғы мен қуанышта бір дене іспеттес, бір-бірі үшін уайымдап, жанашыр бола білуі керектігін түсінеміз.

 

Қадірменді жамағат!

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

مَنْ نَفَّسَ عَنْ مُؤْمِنٍ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ الدُّنْيَا، نَفَّسَ اللَّهُ عَنْهُ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ يَسَّرَ عَلَى مُعْسِرٍ، يَسَّرَ اللَّهُ عَلَيْهِ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا، سَتَرَهُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَاللَّهُ فِي عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِي عَوْنِ أَخِيهِ

«Кімде-кім осы дүниеде мүминнің уайым-қайғыларының бірін сейілтсе, Алла Тағала оның қияметте уайым-қайғыларының бірін сейілтеді. Кімде-кім қиналып жүрген адамның жағдайын жеңілдетсе, Алла Тағала оның осы дүниеде және ақыреттегі қиыншылықтарын жеңілдетеді. Кімді-кім мұсылманның кемшілігін жасырса, Алла Тағала оның дүниеде және ақыретте кемшілігін жасырады. Қандай да бір пенде бауырына жәрдемдескен сайын Алла Тағала ол пендесіне жәрдем етеді», – деген (имам Әбу Дәуіт)

Қазіргі күні бауырлас Түркия елінде болған жер сілкінісінен кейінгі жағдайды баршамыз естіп, біліп отырмыз. Мемлекетіміз тиісті дәрежеде көмек көрсету шараларын жүзеге асырып жатыр. Біз де бауырлас елдегі жағдайға бей-жай қарамай, қолымыздан келгенше жәрдемдесіп, ең болмағанда дұға етіп, жанашырлығымызды танытайық!

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ - ДИУАНИ ХИКМЕТ ЕҢБЕГІ «ВАЛЕНТИН КҮНІ» БОЛМЫСЫМЫЗҒА ТӘН ЕМЕС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ДІННІҢ ҚОҒАМҒА ІЗГІ ӘСЕРІ МЕН ТӘРБИЕСІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ӨЗГЕНІ ӨЗІҢНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ – ІЗГІЛЕР СИПАТЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ МҰСЫЛМАН АЛДЫНДАҒЫ АҚЫСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi