#10 Мәжіліс әдебі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

#10 Мәжіліс әдебі

| A | +

Мәжіліс әдебі

Қандай да бір мәжіліске келсеңіз, адамдардың барлығына бірдей сәлем беріңіз. Қол алысып амандасқыңыз келсе, ең бірінші ең сыйлы, ең білімді, ең тақуа, жасы ең үлкен немесе шариғат бойынша құрметті деп танылған адамнан бастаңыз. Сәлемді мәжілісте көзіңіз шалған бірінші адамнан бастай салмаңыз. Тіпті ол оң жақта орын алса да. Сәлемді қадірлі қонақтан немесе ізгілігімен бәрінен озған адамнан бастаңыз. Өйткені амандық сұрасу жұрт ішіндегі ең қадірлі адамнан басталады. Егер жұрт ішінде ең құрметті кім екенін білмесеңіз немесе олардың барлығы бірдей көрінсе, сәлемді жасы үлкен ақсақалдан бастаңыз. Бұл белгілі – ғұрып.

 قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: " كَبِّرْ كَبِّرْ" (رواه البخاري ومسلم).

Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жасы үлкеннен баста, жасы үлкеннен баста»,  – деген» (әл-Бұхари, Муслим)[1].

 فِي رِوَايَةٍ: "كَبِّرِ الْكُبْرَ فِي السِّنِّ"  (رواه البخاري و مسلم)

Басқа риуаятта: «Жасы үлкенге жол бер», – деген»  (әл-Бұхари, Муслим)[2].

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ: "اِبْدَؤُا بِالْكُبَرَاءِ أَوْ قَالَ : بِالْأَكَابِرِ" (رواه أبو يعلى و الطبراني).

Абдулла ибн Аббастан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жасы үлкендерден бастаңдар», – деген» (Әбу Яғла, әт-Табарани)[3].

Егер бір жиынға келсеңіз, екі кісінің ортасына емес, оң не сол жағына отырғаныңыз дұрыс. 

 قَالَ سَيِّدُنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "لَا يُجْلَسُ بَيْنَ رَجُلَيْنِ إِلَّا بِــإِذْنِهِمَا".

Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Екі кісінің ортасына рұқсат берсе ғана отыруға болады», – деген» (Әбу Дәуд)[4].

Екі адамның арасына отыруға рұқсат алған адам өзін жинақы ұстап, малдас құрып отырмауы мұстахаб.  

Ибн әл-Ағраби былай деп айтқан: «Бір данышпан: «Екі кісі залым болып есептеледі. Біріншісі – үгіт-насихатты ести тұра, оны қабылдамаған адам. Екіншісі – тар орында жайғасуға рұқсат алып, малдасын құрып отырған адам», – деген»[5].  

Егер екі кісінің ортасына отырып қалсаңыз, олардың сырын әрі өздеріне ғана тиісті әңгімелерін тыңдамаңыз. Бөтен әңгімені тыңдауыңыз мінез-құлқыңыздың кемшін екенін көрсетеді. Әрі сол үшін күнә арқалайсыз.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "...مَنِ اسْتَمَعَ إِلَى حَدِيثِ قَوْمٍ وَ هُمْ لَهُ كَارِهُونَ صُبَّ فِي أُذُنَيْهِ الْآنُكُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ..." (رواه البخاري).

Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «...Кімде-кім бір адамдардың құпия әңгімесін әдейілеп тыңдаса, қиямет күні оның екі құлағына еріген қорғасын құйылады...», – деген» (әл-Бұхари)[6].

Егер үш кісі болып сөйлесіп отырғанда, екі кісі өзара құпия түрде сөйлеспесін. Бұл үшінші кісінің көңіліне тиюі мүмкін. Оның ойына түрлі ойлар келіп, сіздерден ұзақтауына себеп болады. Бұл – мұсылмандыққа сай келмейтін іс.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "لَا يَتَنَاجَى اثْنَانِ دُونَ وَاحِدٍ". (رواه أبو داود و الإمام مالك).

Сол үшін де Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл істен қайтарып: «Үшінші адам бар кезде екі адам өзара сырласпайды», – деген (Имам Мәлик, Әбу Дәуд)[7]. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «сырласпасын» деп бұйрық райда айтпады. Ол тек «сырласпайды» деп болымсыз түрде айтты. Осылайша ол мұсылман адамның мұндай қателікке баруын елестету мүмкін емес екенін әрі бұл мұсылманға жат сипат екенін аңғартып, одан тыйғысы келді. Бұл сипат айыпты екенін адам жаны айтқызбай ұғады. Мына бір хадисті Әбу Дәуд пен имам Мәлик Абдулла ибн Омардан (р.а.) риуаят еткен: «Бірде Ибн Омарға (р.а.): «Ал егер төрт кісі болса ше?» – деп сауал қойылғанда, ол: «Онда тұрған еш оғаштық жоқ», – деген». Яғни төрт адам болса, сырласудың әрі құпия әңгіме айтудың еш айыбы жоқ деген мағынада.

 


[1] «Сахих әл-Бұхари», «Жизия» бөлімі, «Мал-мүлік арқылы мүшріктермен бітім, келісім жасасу» тарауы (3173). «Сахих Муслим», «Ант ішу, жауынгерлер, есеп айырысу, құн төлеу» бөлімі, «Ант ішу» тарауы (1669). 

[2] «Сахих әл-Бұхари», «Әдеп» бөлімі (6144); «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Бірінші үлкенге сөз беру» тарауы, 89-бет (359). «Сахих Муслим», «Құн төлеу» бөлімі, «Ант ішу» тарауы (2). «Сунан әт-Тирмизи», «Құн төлеу» бөлімі (1422). «Сунан Әбу Дәуд», «Құн төлеу» бөлімі (4520). «Сунан Ибн Мәжаһ», «Құн төлеу» (2677).

[3] Әл-Һайсами, «Мажмағ әз-зауаид», 5 том, 81-бет.

[4] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Екі адамның ортасына рұқсатсыз отырған адам туралы» тарау (4844), (4845). «Сунан әт-Тирмизи», «Әдеп» бөлімі, «Екі адамның ортасына рұқсатсыз отыру» тарауы (2752).

[5] Хафиз әс-Самғани, «Әдаб әл-имла уа әл-истимла», 132-бет.

[6] «Сахих әл-Бұхари», «Түс жору» бөлімі, «Түс көрдім деп өтірік айтқан адам» тарауы (6635).

[7] Имам Мәлик, «әл-Муатта», «Үшінші адам тұрғанда екі адамның сыр айтуы» тарауы (2826), (2827). Мұхаммед ибн әл-Хасан әш-Шайбани, (963). Әбу Мусғаб әз-Зуһри, (2081), (2082).  Ибн Хиббан, (582). Сауид ибн Сағид (767), (768). Ибн Абдул-Бар, «әт-Тамһид», XVII том, 120-бет. XV том, 288-бет. «Сунан Әбу Дәуд», (4852). «Сахих әл-Бұхари», «Рұқсат сұрау» бөлімі, «Үшінші адам тұрғанда екі адамның сыр айтуға болмайтындығы туралы» тарау, (6288), (6290). «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Үшінші адам тұрғанда екі адамның сырласуына болмайтындығы туралы» тарау (1168), (1169), (1170), (1171), (1172). «Сахих Муслим», «Сәлем беру» бөлімі, «Үшінші адамның рұқсатынсыз екі адамның сырласуы харам екендігітуралы» тарау (2183), (2184). «Сунан Ибн Мәжаһ», «Әдеп» бөлімі, «Үшінші адам тұрғанда екі адамның сөйлесуіне болмайтындығы туралы» тарау (3775), (3776). «Сунан әд-Дарими», «Рұқсат сұрау» бөлімі, «Үшінші адам тұрғанда екі адамның сырласуына болмайтыны туралы» тарау (2861). «Сунан әт-Тирмизи», «Әдеп» бөлімі, «Үшінші адам тұрғанда екі адам сырласпайды» тарауы (2825).  

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

 
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
#11 Үлкенді сыйлау әдебі Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі #9 Қонақтың әдебі
Қонаққа барғанда үй иесімен орын жайында тартыспаңыз, қай жерді ұсынса, сонда отырыңыз. Тіпті үй қожайыны көрсеткен жерге отыруға тиіссіз. Өйткені өзіңіз қалаған орынға отырсаңыз, бәлкім, көзіңіз үйдегі тыйым салынған жерге түсіп қалуы мүмкін. Не бұл отырысыңызбен үй иесін ыңғайсыз жағдайға қалдырар...
Ислам әдебі #8 Сыпайы болу әдебі
Біреудің үйіне немесе өз үйіңізге кіріп  шықсаңыз, сыпайылық сақтаңыз. Көзіңізді төмен салып, дауысыңызды бәсеңдетіңіз, аяқкиіміңізді шешіп, реттеп кіріңіз, қалай болса солай тастамаңыз. Кигенде де әдепке сай, оң жақтан бастап киіңіз, ал шешерде сол аяқтан бастаңыз....
Ислам әдебі #7 Қонақтық әдебі
Ұлы табиғин Қатада ибн Диғама әс-Садуси: «Қонақ қыла алмайтындығын айтқан адамның есігінің алдында тұрып алмаңыз. Бәлкім, сіздің ол адамда қажеттілігіңіз бар болар. Бірақ олар сіздің қажеттілігіңізден де маңызды іспен қолы тимеуі мүмкін. Ондай жағдайда үй иелері сізден кешірім сұрап, үзір айтуға ақы...
Ислам әдебі #6 Зиярат жасау әдебі
Сіз бауырыңыздың не досыңыздың, не танысыңыздың не біреудің есігін қақсаңыз, ақырын қағыңыз. Үй иесі біреудің келгенін білсе жеткілікті. Жау келгендей не біреуді жазалауға келгендей есікті қатты соққыламаңыз. Олай істесеңіз, үй ішіндегі адамның үрейін алып, әдепсіздік танытқан боласыз.  ...
Ислам әдебі #5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп
Егер отбасы мүшелерінің бірі өз бөлмесінде отырса, ол жерге кірерде рұқсат сұрап кіріңіз. Сонда жақыныңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайсыз.  Туыс-жаран болсын, алыс адам болсын немесе ата-анаң, ұл-қыздарың, ұлдарың болсын, оларға рұқсат сұрап кіріңіз....
Ислам әдебі #4 Үйге кіру әдебі
Үйге кірер кезде үй ішіңізге келгеніңізді білдіріңіз. Үйіңізге атүсті  немесе аңдыған адам сияқты сау етіп кіріп, олардың үрейін алмаңыз. Әбу Убайда Амр ибн Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.): «Әкем, яғни Абдулла ибн Масғұд үйге кірерде келгенін білдіру үшін дауысын шығарып кіретін», – деген....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 00:38

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi