Ернар Мәжен: Жақсылықта жарысайық! - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:32
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

Ернар Мәжен: Жақсылықта жарысайық!

Ернар Мәжен: Жақсылықта жарысайық!

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
21 сәу. 2021 3 011 0
Скачать в pdf
| A | +

 

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА


بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله

و الصلاة و السلام عل محمد ى

السلام عليكم و رحمة الله و بركاته

 

Қайырымсыз болса, ел азат. Аллаһ Тағала мұсылман баласына үнемі жақсылық жасауға, жалпы жақсылық жасау өмірдің мәні және сәні екендігін анық айтады. Құран Кәрімнің «Мүлік» сүресінің алғашқы аятында Аллаһ Тағала:

 

«Аллаһ Тағала өлім мен өмірді, қайсыларыңыздың жасаған жақсы істеріңіз көп болады екен деп жаратты».

 

Яғни, баршамыздың өмірге келіп, Аллаһ Тағаланың берген сыйымен өмір кешіп, өмірдің соңында Алланың жарлығымен жерге көмілген болсақ, осы екі арада, өмір мен өлімнің арасы, оның сынағы, негізгі мақсаты – қайсыларынның жасаған жақсылықтарын көбірек болады деп жараттым, дейді Аллаһ Тағала.

 

Демек, біз бұл дүниеге келгендегі ең басты мақсатымыз – жақсылық, игілік, сауап жасау екен. Осылайша, қайсымыздың жасаған жақсылығымыздың көп болатындығын Аллаһ Тағала сынап, бұл өмір мен өлімді жаратқан екен. Пайғамбарымыз ﷺ өзінің бір хадисінде былай деген:

 

«Кімде-кім таңертен аман-сау оянса, денесіндегі әрбір буынға садақа беруге міндетті».

 

Бұл жердегі садақа деген күллі жақсылық атаулының баршасына қойылған жалпы атау. Ғалымдар есептеулері бойынша, жалпы адам бойында барлығы 360 буын бар екенін айтады. Демек, мұсылман баласы таңертен аман-сау оянса, осы денесіндегі буындар санындай жақсылық жасауға әрекет етуі тиіс. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінің жалғасында:

 

«Кімде-кім көшеде кетіп бара жатқан, жүгін көтере алмай келе жатып, оның жүгін көтерісіп жіберсең – ол садақа. Адасып жүргендерге жол сілтеу – садақа. Көлігіне міне алмай жатқан жолаушыны мінгізіп жіберу – садақа. Тіпті, жерде жатқан адам баласына зиян тиетін тас немесе тікен секілді заттың өзің алып тастау – садақа».

 

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз ﷺ :

 

«Жылы сөз, күлімдеу – садақа. «Ля иляха илляллах, субханАллах, Аллаһ Акбар» деп айту садақа. Ал егерде кімде-кім осыларды істей алмайтын болса, күн арқан бойы көтерілгеннен кейін екі рақағат дұха намазын оқитын болса, осы айтылғандардың барлығын істегендей сауап алады».

 

Қарап тұрсаңыздар, Пайғамбарымыз ﷺ осы адам баласы таңертен көзін ашқаннан бастап, кездескен әрбір адамға жасаған жақсы ісін садақаға балап, игілікке балап отыр. Ал енді баршамызға мәлім, күнде адасып жүрген кісіні, жүгін көтере алмайтын адамды, көлігіне міне алмай жатқан қартты біз күнделікті көре бермеуіміз де мүмкін. Ал енді кейбір осындай жағдайлардан мақрұм болсақ, күн арқан бойына көтерілген кезде 2 рақағаат дұха намазын оқысақ, ин шаа Аллаһ сондай сауап алуға біздерге мүмкіндік туады. Ал енді, жақсылық жасау үшін қаншалықты ақылды, атақты, ғалым болу керек деген секілді кейбір сұрақтар туындауы мүмкін? Бұның ешқайсысы да қажет емес. Жақсылық жасау үшін тек ниет жеткілікті. Пайғамбарымыз ﷺ айтады:

 

«Егерде кімде-кім жақсылық жасаймын деп ниеттенсе, алайда сол жақсылықты жасауға мүмкіндігі болмай қалса да, Аллаһ Тағала ол жақсылықты істеді деп жазып қояды. Ал егерде кімде-кім жақсылық жасаймын деп ниеттеніп, айнымай сол жақсылықты жасайтын болса, 1-10-ға дейін, тіпті 10-нан 700-ге дейін еселеп сауап жазады», дейді.

 

Хадистің жалғасында Пайғамбарымыз ﷺ :

 

«Кімде-кім жамандық жасаймын деп ниеттенсе, кейін ойынан айнып, бұның жамандық екенін түсініп, бас тартса, Аллаһ Тағала сол үшін де сауап жазады екен».

 

Міне, көп жағдайда біздер жақсылықты, игілікті қолымызда бір байлық пайда болған кезде немесе үлкен бір қызметке, маңсапқа барған кезде жасаймыз деп ойлаймыз. Сол үшін де ғалымдарымыз: «Аз кезде бере алмаған кісі, көп кезде әсте бере алмайды», дейді. Алланың алдындағы сауаптар көлеммен емес ниетпен есептеледі. Мысалы, бір кісінің мал-мүлкі, қаражаты көп. Сол қаражатының 1 миллион теңгесін жақсылыққа, қайырымдылыққа жаратса, қарапайым бір студенттін қалтасында 1000 теңге болып, сол 1000 теңгенің 100 теңгесін жақсылыққа жұмсайтын болса, мүмкін миллион теңгесін жұмсаған кісі мен 100 теңгесін жұмсаған студенттін сауабы бірдей болуы мүмкін. Өйткені, екеуінің де ниеті жақсылық жасау, және өздерінің шамасына қарай жақсылық, игілік, сауап жасаған болып есептеледі. Пайғамбарымыз ﷺ келесі бір хадисінде:

 

«Сіздердің ең жақсыларыңыз өзгеге пайдалы болғандарыңыз», дейді.

 

Осылайша, Пайғамбарымыз ﷺ мұсылмандардың ішіндегі ең жақсысын, өзгеге пайдалы болғандығымен өлшеп тұр. Осы жақсылардың, игілердің қатарында болғымыз келсе, өзгелерден еш пайдамызды аямауымыз керек екен. Ал егер де пайда тигізетін мүмкіндігіміз бомласа, жоқ дегенде ешкімге зиянымыз тиіп кетпеу керек екен.

 

Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларына жақсылық жасауды, садақа беруді үндеді. Сол кезде бір сахаба: «О Алланың Елшісі, менің садақа беретін ешқандай мүмкіндігім, қаражатым жоқ дейді». Сол кезде Пайғамбарымыз ﷺ: «Тауға барып отын шап. Оны базарға апарып сатқан кездегі түскен қаражатына бала шағанның нәпәқасын ал, қалғанын садақаға бер», дейді. Сонда бір сахаба: «О Алланың Елшісі, менің ондай да мүмкінідігім жоқ», деген кезде Пайғамбарымыз ﷺ: «Олай болса ешкімге зиянын тимесін», дейді. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ мұсылман кісі ешкімге не қолымен, не сөзімен зияны тимеген адам деп айтқан екен. Келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

 

«Қырық түрлі жақсылық бар, адамды жәннәтқа жетелейді. Соның ең жақсысы біреуге сауылатын ешкі беру», деген.

 

Қарап тұрсаңыздар, жақсылықтың үлкен кішісі болмайды. Жасалған әрбір жақсылық өзіңіз үшін, ақіретіңіз үшін бір капитал, инвестиция болып есептеледі. Мысалы, егін егіп жатқан кісіні мүлдем көрмей, жерін жыртып, оны тырмалап, өңдеп жатқан кезде, бәлки: «Бұл қандай ақымақ, алтындай бидайларды жерге шашып жатыр», деп ойлауы мүмкін. Алайда ол диқаншы ешқандайда ақымақ емес. Ол жерді қанша тырнауға, өңдеуге қаражат жұмсаған болса, сонымен қатар сол тұқымын алып, жерге сепкен кезде тастап жатқандай көрінгенімен, ол күзде Ин шаа Аллаһ, Алланың мейірімімен содан 10 есе артық өнім алады. Сол секілді біздің де жасап жатқан жақсылығымыз өзгеге беріп тұрған секілді көрінгенімен, өзімізге бірнеше ретке еселеп қайтатынын біз  әп сәтте ұмытпауымыз керек.

 

Бір кезде Пайғамбарымыз ﷺ үйінде таңертен қой сойып, кеш қарайған кезде үйіне қайтып, сүйікті жұбайынан сойылған қойдан не қалды деп сұраған кезде, «бір жауырыннан басқа ештеңе қалмады» деген екен. Қарап тұрсаңыз, Пайғамбарымыз ﷺ  «Таратқанының барлығы ақірет дәптеріне жазылып, ал енді бір қалған жейтін жауырыннан басқасының бәрі тұр десеңші», деп айтпаушы еді. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ:

 

«Кімде кім хайыр жолында, игілік, жақсылық жолында бір дүние жұмсаған болса, Аллаһ Тағала оның орнын міндетті түрде толтырады», дейді.

 

Біз кейде көп жағдайда шайтанның арбауына түсіп: «Азайып қалады, өзің кедейсін» деген сөздеріне алданып, жақсылық жасаудан бөгеліп қаламыз. Пайғамбарымыз ﷺ Бұхариде және Муслимде риуаят еткен хадисте:

 

«Ең артық, ең сауапты амал не?», деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз ﷺ былай деп жауап берген екен:

 

«Ең жақсы садақа – дені сау, күш қуатын орнында болып тұрған кезде, сонымен қатар сараңдығын басым түсіп, кедейліктен қорқып тұрған кезде берген садақан» дейді. «Ал егер жан ауқымына келгеннен кейін, анау мүлкінді түгеншеге, мына мүлкінді пәленшеге бер деп айтушы болма. Ол онсызда түгеншенікі, пәленшенікі».

 

Жанағы Пайғамбарымыз 40 түрлі жақсылық бар деген кездегі «Ең жақсысы сауылатын ешкі» дегеніміз, яғни бір мұсылманға үнемі пайдасы тиетін, қажетін ашып тұратын жақсылықтың жоғары болатынын біз түсіндік. Демек, мұсылман баласы қандай жағдайда болмасын, жақсылық жасаудың жолын қарастыру керек екен.


Біз өзімізді Пайғамбарымыз ﷺ бүкіл мұсылмандарға ерекше жолбасшы болатын, тіпті адамзаттың өмірінің мәнісі болатын хадисінде:

 

«Кімде-кімнің қолында бір көшет болып қиямет басталса да, ол көшетті егіп кетсін» деген.

 

Сондықтан мұсылман баласы жай күйінің қандай болғанына қарамай, үнемі жақсылық жасауға, тіпті өмірінің соңы болса да, жақсылық жасаудан бас тартпауы қажет екен.

 

Аллаһ Тағала жақсылық жасаған, сол жақсылығы қабыл болған, жақсылығының шарапатын көрген құлдарының қатарынан болуды баршамызға нәсіп етсін.

 

 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi