ЖАМАҒАТ Б.МАЙЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫДЫ
Алматы қаласы, Бостандық ауданы бойынша «Жастар ісі секторы» және «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен «Бір айда бір кітап оқу» жобасы аясында іс-шара өтті.
Бұл айда Бостандық ауданына қарасты мешіт жастары Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі”, «Әже», «Бекберген мектебі», «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры», «Алғашқы сабақ», «Көшпелі махаббат», «Болған іс», «Бисекеңнің үйінде», «Арыстанбайдың Мұқашы» атты шығармаларын оқыды. Шараға «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев қатысты. Кітап оқудың артықшылығы мен пайдалары жайлы кеңес берді. «Жастар ісі секторы» бойынша жауапты Ерлан Құлмырзаұлы, «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлы төрелік жасап, белсенді әрі дайындығы озық болған оқырмандарды кәде сыйлармен марапаттады. «Алдағы уақытта «Бір айда бір кітап оку» жобасы жалғасын табады», - дейді ұйымдастырушылар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі