Tour de Hajj: 8 британдық қажылыққа велосипедпен аттанды (ФОТО+ВИДЕО)
4000 миль, 17 ел, 60 күн және 8 дос ...
Бұл тамаша жігерлі топ 2019 жылдың 7 маусымында велосипедпен (17 ел арқылы) қажылық міндетін атқару үшін Лондоннан Мәдина қаласына бет алды. Саяхаттың мақсаты – жер бетіндегі кедей қауымдастықтарға Алла разылығы үшін көмек көрсету.
Лондоннан қасиетті қалаға бет бұрған достар 60 күн ішінде бірқатар қиындықтарға тап болумен қатар, саяхат барысында көптеген ғажайып оқиғалардың да куәсі болған. Олардың өз мақсаттарын насихаттаумен айналысатын веб-парақшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Тур де Хадж Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Лихтенштейн, Австрия, Словения, Хорватия, Босния және Герцоговина, Сербия, Косово, Болгария, Грекия, Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясы арқылы өтеді және сапар соңында бастамашылар ауылдардағы құдық, мектеп, мешіттердің құрылысы мен кедей қауымдастықтардағы жоқшылықты жеңуге көмектесу мақсатында жарты миллион фунт стерлинг жинауды мақсат етуде.
Олар Пәкістандағы Жандо Лашари және Матаро ауылдарына, Шри-ланкадағы Саба Нагар ауылына, Оңтүстік Африкадағы Зузуландқа, сонымен қатар Угандадағы Чинья, Омбокоро, Наджах Танганьика елді-мекендеріне көмектеспек.
Ыстамбұл қаласы саяхатшылардың 15-ші аялдамасы болды. Оларды мұнда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі қабылдады.
Қазақстан мұсылмандарының атынан бауырларымызға қажылық парыздарын аман-есен орындауларын тілейміз!