«КӘҺФ СҮРЕСІНІҢ СЫРЛАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Әуезов ауданы Таугүл мешітінде әйел жамағатына арналған «Кәһф сүресінің сырлары» атты семинар өтті.
Семинар барысында Таугүл мешітінің ұстазы Маржан Оразанбайқызы Кәһф сүресінде баяндалғандай, жалпы адам баласының басынан өтетін 4 сынақ: Иман сынағы, байлық сынағы, білім сынағы және билік сынағы жайында тағылымды дәріс өткізді. Сонымен қатар семинарда Әуезов ауданы Мүзаммил мешітінің ұстазы Дилара Тахирқызы «Құран аяттарын дұрыс түсіні нығметтері» жайлы уағыз-насихат айтты.
Рухани жиынға 50-ге жуық әйел жамағаты қатысып, тағылымды дәріс тыңдап, көкейдегі сауалдарына жауап алды.





