РАНТ МҮШЕЛЕРІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы өкілдігі Алатау ауданының имамдары, ҚМДБ РАНТ мүшелері Ахметов Қазыбек және Мәди Ахметов екі мешітте жұма уағызын жүргізді.
Өткен жұмада Алатау ауданындағы «Д. Қонаев» мешіті мен «Қарасай Батыр» мешітінде РАНТ мүшелері жұма уағызын жүргізді. Мешітке жиналған жамағатқа дініміз Ислам – адам баласының өміріндегі барлық мәселелерді қамтыған кәміл дін. Асыл дініміздегі кез келген үкім адам баласын екі дүниелік игілік пен бақытқа жетелейтәнән айтты. «Адамзаттың пайдасы үшін баяндалған осындай үкімдердің бірі – некелесу. Алла Тағала адам баласын бір ер, бір әйелден жұп етіп жаратты. Адам баласының ұрпағы некелесу арқылы жалғасады» , - деп, отбасы, ерлі-зайыптылар арақатынасы т.б жайлы толықтырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі