ҚҰРБАН АЙТ - 2025: АЛМАТЫДА 2500 БАЛАҒА ТӘТТІ СЫЙ ТАРАТЫЛДЫ

Алматы қаласы бойынша мешіттері қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Құрбан айтта қуаныш сыйла қайырымдылық шарасы аясында 2500 ден аса балаларға сыйлық қорапшасын үлестірді.
Шаһар имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен мешіттердің кішкентай жамағаты - балаларға Құрбан айттың маңыздылығын, ұлық мейрам екенін сезіндіру мақсатында арнайы іс-шара өткізу тапсырылған болатын. Аудан мешіттерінде өткізілген шара аясында тегін балмұздақтар мен тәттілер таратылып, саябақ аумағында балалардың еркін ойнап, демалуына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар балаларға арнап ойын алаңдары әзірленіп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Шараға қатысқан балалар мен ата-аналар Құрбан айттың қуанышты күйін сезініп, ерекше әсер алды.
Балаларға арналған іс-шараның мақсаты – мерекелік көңіл күй сыйлау арқылы жас ұрпақтың жүрегіне қуаныш ұялату, рухани құндылықтарды насихаттау болды.