ҚҰРБАН АЙТ - 2025: 500 СТУДЕНТКЕ 2,5 ТОННА ЕТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт қарсаңында қайырымдылық шараларын өткізу тапсырылған болатын.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Мүбарак» Египет- ислам мәдениеті университетінің 500 студентіне 2,5 тонна ет үлестірді. Қордың Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуовтың ұйымдастыруымен тұрғындар тапсырған құрбандық еттері рефрижератор тасымалдау көліктерімен жеткізілді. Шалған құрбандықтарыңыз бен ниет-дұғаларыңыз қабыл болсын!
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі