ҚҰРБАН АЙТ - 2025: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫСТАР ӨТТІ

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесі күндері ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Қаланың бірнеше мешіттерінде ұйымдастырылған ұлттық спорттан спартакиадаларға қатысып, өзара бақ сынасты. Атап айтсақ, Алматы Орталық мешітінде айт намазынан кейін Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Соның ішінде арқан тарту, асық ату, қол күресі мен қой көтеруден балуандар алдына жан салмады. Спорттық шара жамағат арасында тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл бастама қаланың бірқатар мешіттерінде жалғасты. Сондай-ақ Құрбан айт мерекесін сезіндіру мақсатында «Қарасай батыр», «Арафат», «Әскер ата», «Төле би», «Байкен», «Ферали Ферғанұлы», «Омар ибн әл-Хаттаб», «Орбита», «Ынтымақ», «Дархан», «Сұлтан Қорған», «Әл-Хамид», «Мұхаммед әл-Әмин» және «Қайрат» мешіттерінде «Балаларға айттық» шарасы ұйымдастырылды
Қала мешіттерінде құрбан айттың келесі күндерінде де қызықты бағдарламалар жалғасын тауып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі