«ЖҮРЕКТІ ТӘРБИЕЛЕГЕН - РАМАЗАН» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
Алматы қаласы, Алатау ауданы Бекет ата мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Жүректі тәрбиелеген - Рамазан» атты рухани кеш өтілді.
Аталған кешке 100-ге жуық мектеп ұстаздары мен дәрігерлер, сондай-ақ 70-ке жуық мешіт шәкірттері қатысты. Рухани шара барысында мәнді де мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, тағылымды көріністер қойылып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жүрекке ой салатын насихаттар айтылып, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.
Кеш соңында келген барлық қонақтарға ауызашар дастарханы жайылып, көпшілік ризашылықтарын білдіріп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.




