«НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОР ГРАНТЫ» СТУДЕНТТЕРГЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті мен Нұр-Мүбарак мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен тағылымды шара өтті.
«Нұр-Мүбарак университеті проректор гранты” атты бұл бастама – түрлі себептерге байланысты ақылы бөлімде білім алып жатқан, бірақ ілімге деген ынтасы жоғары студенттерге көрсетілген үлкен қолдау болып табылады.
Салтанатты жиында университет проректоры, белгілі ғалым Ершат Ағыбайұлы жастарға білімнің құндылығы мен оған деген жауапкершілік туралы мазмұнды насихат айтты. Ол ілім жолында табандылық танытып, адалдықты серік етудің маңызын ерекше атап өтіп, білім алудың қасиетті міндет екенін еске салды. Сондай-ақ, студенттерді алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға үндеді.
Шара барысында грант иелеріне арнайы сертификаттар табысталып, оларға алдағы оқу жолында табыс пен береке тіледі. Бұл жоба – тек материалдық көмек қана емес, жастардың жігерін жанып, білімге деген сүйіспеншілігін арттыратын рухани қолдау.
Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, ілімге құштар жастардың саны арта берсін!










