ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАНДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен өкілдікке қарасты «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастырумен Диана Фархатқызының еміне ота жасатуға қаражат жинап табысталды.
Алатау ауданы «Зекет және қайырымдылық қоры» мен әйел-қыздар секторы қайырымды жұмада жәрмеңке өткізді. «Өмірге үміт сыйла» жобасы негізінде түскен 2 000 000 теңге қаражат краниофарангиома диагнозымен шұғыл ота қажеттілігі туындаған Диана Фархатқызының еміне табысталды. Дертіне дауа іздеген Дианаға Алла шипа беріп, қаражатпен қолдаушыларға мол сауаптан жазғай.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі