«ҚАЛҚАМАН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешітінің әйел жамағаты бірлесіп мәуліт-салауат жырын оқыды.
Мешіттің бас имамы Руслан Қамбар ақ жаулықты аналар жамағатына мадақ жырын оқып, әйел ұстаздар Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтты. «Қалқаман» мешітінің әйел-қыздар секторы және ұстаздардың ұйымдастыруымен өткен «Мейірімділік пайғамбары - Мұхаммед (ﷺ)» атты рухани мәуліт кешіне ақ дастархан жайылып, Құран оқылып, бата жасалды. Ардақты аналарға тәбәрік ретінде сыйға құнды кітаптар таратылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қыхзметі