«НҰР-МҮБАРАК» СТУДЕНТІНІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын студенттің оқу ақысы төленді.
«Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінінің «Исламтану» мамандығында оқитын 3-ші курс студенті Мадиана Кенжетайқызының осы жылғы оқу ақысы 430 000 теңге демеушілер тарапынан толық өтелді. Жақсылықта жарысқан жомарт жандарға Алла мол сауаптан жазсын деп тілейміз.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі