МЫРЗАХМЕТ МЕШІТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛЕМДЕМЕ
Ү.ж. 01 маусым күні ҚМДБ бас кеңсесіне Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінің бір топ жамағатынан түскен шағым бойынша 02 маусым күні Алматы Орталық мешітінде арнайы жиын өтті. Шағымда көрсетілген мәселелер жөнінде «Мырзахмет» мешітінің имамдары мен жамағаттың пікірі тыңдалды. Тиісті құжаттар қаралды. Нәтижесінде, кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды.
Осыған орай, Құрбан айт күндері және одан бөлек мешіт қызметінде орын алған кемшіліктерді ескере отырып, «Мырзахмет» мешітінің екі қызметкері ү.ж. 3 маусым күні жұмыстан босатылды. Алдағы уақытта мешітте мұндай олқылықтарға жол берілмейтін болады.
Алматы Орталық мешітінің
Баспасөз қызметі