ҚҰРБАН АЙТ - 2026: АЛМАТЫДА 4,5 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласы бойынша Құрбан айт күндері 2239 қой, 127 ешкі малы, 14 ірі қара құрбандыққа шалынып, жалпы 1347 отбасы мен 211 мекемеге 4,5 тоннаға жуық құрбандық еттері таратылды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Құрбан айт - қайырымдылық көпірі» акциясы бойынша ҚМДБ »Зекет және қайырымдылық қоры» Алматы өкілдігі бойынша жауапты мамандары ұйымдастырған қайырымдылық шарасына қатысты.
«qurban.muftyat.kz» сайты арқылы онлайн тапсырыс берген 450 мал құрбандыққа шалынып, тізім бойынша мұқтаж отбасыларға және қаладағы көмек сұраған мекемелерге құрбандық еттерін таратты. «qurban.muftyat.kz» сайты арқылы қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, осы сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларына жеткізілді. Сондай-ақ мешіттерде, жеке үйлерде құрбандық шалып, етін мұқтаж жандарға өткіземін деушілерге құрбандық етін қабылдау пункттері қаланың 56 мешітінде де қойылды. Арнайы мұздатқыштар орнатылып, рефрижератор тасымалдау көліктерімен қамтамасыз етілді. Қабылдап алынған құрбандық еттері тізім бойынша мұқтаж отбасыларға үлестірілді.
Алла Тағала шалған құрбандықтарыңызды, ниет-дұғаларыңызды қабыл етсін!
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі




























