МЕШІТ ЖАНЫНАН ӘЙЕЛДЕРГЕ ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Алатау ауданы «Алғабас» мешітінің жанынан тігін шеберханасы ашылды.
Бүгінде шаһар мешіттері жанынан әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курстарымен қатар нәзік жандылар үшін түрлі курстар өткізіліп келеді. Соның бірі күні кеше Алатау ауданындағы «Алғабас» мешітінде әйел-қыздар үшін тігін шеберханасы іске қосылды. ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы» Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы ұйымдастырушы мешіт имамы мен ұстаздарына алғыс айтты.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі