ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы қаласы Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев және мешіт ұстазы Азамат Нұғманұлы Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі республикалық мемлекеттік мекемесінің оқушылары арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шара барысында қазақтың байырғы мың жылдық дәстүрлі діни ұстанымын жоққа шығару, оның ішінде ханафи мазхабы мен матуриди сенімін мансұқтау теріс діни түсінік екенін жеткізді. «Бүгінгі қоғам жастары алдымен өз ұлтын, төл мәдениетін, тарихын бойларына сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғандары жөн. Ұлттық құндылықтар – ел болашағының діңгегі» , - деп атап өтті «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев. Әр адамға өзінің ұлттық тамыры, әдет-ғұрпы мен мәдениеті қымбат. Халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол – жас ұрпақты ұлттық сана негізінде тәрбиелеу турасында терең мәлімет айтты.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі