«Көк-Төбе» қарилар орталығында Мәуліт-шариф өтті

Алматы қаласы, Медеу ауданы «Көк-Төбе» қарилар орталығында Мәуліт-шариф өтті
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған айда Алматы қаласы, Медеу ауданындағы «Көк-Төбе» қарилар дайындау орталығында Мәуліт-шариф оқылды.
Игі шараға Медеу ауданының бас имамы Жұмабаев Данияр қари және «Аманқұл ата» мешітінің имамы Қасымалиев Бахтияр қари қатысып, мәуліт оқыды.
Іс-шара аясында шәкірттер мен қонақтар үшін арнайы мерекелік дастархан әзірленді.