«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алатау ауданындағы «Бекет ата» мешіті жанынан салынған ғимаратта кітапхананың ашылу салтанатына қатысты.
Мүфтият бекіткен жылдық жоспар негізінде мешіттер жанынан жамағатқа арнап кітапхана ашу тапсырылған болатын. Кітапхананың ашылу салтанатына «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев пен Алатау ауданы мешіт имамдары қатысты. Ғимарат 250 шаршы метрді құрайды. Кітапхана сыйымдылығы 70-80 адамды құраса, бір мезетте 20-30 адам еркін кітап оқи алады. Кітап қоры 3000 мыңға жуық, алдағы уақытта қор толтырылмақ. Діни әдебиеттермен қатар ҚМДБ «MUFTIYAT» баспасының кітаптары және тарих пен алаш зиялыларының пайдалы әдебиеттері қойылған. Бұл жерде тек қана оқырман кітап оқу ғана емес, семинар, конференция, тренинг сондай-ақ жиналыстар өткізуге ыңғайланып жасалынған. Ашылу салтанатына мешіт жамағаты және ауданның «Әжелер мектебі» әйел жамағаты қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Алматы Орталық мешітінде ашылған кітапхана жұмысымен танысқан болатын.