БАС МҮФТИ МАРҚҰМ БОЛҒАН ИМАМДАРДЫҢ ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында ғұмырын діни салаға арнап, имамдық етіп, марқұм болған дін қызметкерлерінің отбасына қолдау көрсетті.
Алматыда өткен ауызашар дастарқанында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни салада 22 жыл еңбек еткен, шаһардағы «Нұрлы» мешітінің имамы болған марқұм Қылышбек Тағайұлының, «Көктөбе» мешітінде бірнеше жыл имам болған Сәкен Ілиясұлының отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері ауыр науқасқа шалдыққан «Әбу Бәкір» мешітінің наиб имамы Қалдан Үсенге де қаржылай қолдау көрсетті.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай марқұм болған имамдардың отбасына әлеуметтік көмек көрсету бастамасы жыл басында жұмыс жоспарына енген болатын.