КӨШЕ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің ұйымдастыруымен 17 наурыз күні Алматы тазалық мекемесінің қызметкерлеріне «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында көмек көрсетілді.
Мешіт наиб имамы Азамат Нұғманұлы Алматы көшелерінің тазалығын қамтамасыз ететін 50 тазалықшыға азық-түлік қорабын үлестіріп, қасиетті рамазан айымен құттықтады. Қаланың тазалығына күндіз-түні және кез-келген ауа райында тынымсыз еңбек етіп жүрген тазалықшылар Алматы қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры негізінде ұйымдастырылған игі шараға алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.