«БАБАЛАР ІЗІМЕН:ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ 30 ОҚЫРМАНҒА ТАРАТЫЛДЫ
Нұр-Мүбарак мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында жамағат арасынан 30 оқырманға «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты құнды еңбек таратылды.
Бұл кітапта асыл дініміз Исламның қазақ даласына таралу тарихы, бабаларымыздың діни танымы, мешіт пен медреселердің қоғамдағы орны және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен баяндалады. Сондай-ақ, халқымыздың рухани мұрасы мен ғасырлар бойы қалыптасқан діни-мәдени құндылықтары туралы тағылымды мәліметтер қамтылған.
Жобаның басты мақсаты – оқырмандарды бабаларымыздың жүріп өткен рухани жолымен таныстыру, олардың өнегелі өмірінен ғибрат алу, діни сауатты арттыру және ұлттық-рухани құндылықтарды тереңірек тануға ықпал ету.
«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» – өткенді танып, бүгінді бағалап, болашаққа нық қадам жасауға жетелейтін тағылымға толы еңбек.





