«Төле би» мешіті жанындағы «Әйел-қыздар» секторы мешіт басшысы Әбдірахымұлы Сейтбек мырзаның қолдауымен кең көлемде «Қазақтың дәстүрі мен тарихы» атты шара өткізді. Аталмыш шараға мешіт имамы мен Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты мүшесі Ахметова Маржан арнайы келіп, жамағатқа Қазақтың дәстүрі жайлы пайдалы уағыздар айтты.
Шараның басты мақсаты: ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық дәстүрлері мен тағамдары жайлы көріністер қойылды. Атап айтсақ, жүнді түту-сабау, ұршық иіру, ұлттық текеметті жасау жолдары түсіндірілді. Шараға келуші жамағаттармен сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, бүлдіршіндер арасында арқан тартысу, күрес ойындары ойнатылып, бағалы сыйлықтар берілді.
Қазақи нақышпен тігілген ұлттық киімдерінің сән үлгісі көрсетіліп, әйел жамағатын бір қуантты. Шара соңында жамағатқа дәмді дастархан жайылды.