Алматы Орталық мешіті жанынан ашылған «Райхан» инабатты бойжеткендер мектебі «Берекелі айдағы-хайырлы апта» атты 7 күнге созылған ауқымды шара өткізді.Шараның мақсаты: Рамазан айының берекелі күндерін мерекеге айналдыру, мұсылмандар арасында бауырмалдылықты арттыру, қоғамның мешіт қауымына деген теріс көзқарасын өзгерту, Рамазан айын хайырлы амалдарға толтыру.
Рамазан –берекеге толы ай.Күнде оқылатын тарауық намаздары мен бірге өткізілетін сәресі мен ауызашарлар нәтижесінде мұсылмандар арасында бауырмалдық, бірлік пен мейірімділік нығаяды.
Сонымен қатар бұл күні шәкірттер ауызашарға дейін және ауызашардан кейінгі тазалық жұмыстарын атқарды.
Рамазан-қайырымдылық, мейірімділік ізгі амалдардың еселене жасалатын уағы.Сол арқылы сауабымыз артып,күнәларымыз кешіріледі.
Хадис: Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі.Бұдан ораза ұстаушының сауабы кемімейді.
Рамазан-құлдың Хақ Тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін салатын, бар күш-қайраттын төгетін ай.
Рамазан-сауап жасау, мол мүмкіндік,рухани тұрғыдан өз-өзіңді жаңарту, жаңғырту айы.
Рамазан-Құран бастан-аяқ қайта-қайта хатым жасалып, әр-әр жерде оның қасиетті үні көкке шалықтап жататын ай.
Рамазан-Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы
-
«Берекелі айдағы-хайырлы аптаның» жетінші күні шараға қатысқан шәкірттер мен ұстаздар ауызашар дастарханында бас қосып,құран хатым дұғасын жасап,күллі мұсылман жұрты үшін дұға жасады.Әрі өзара сыйлықтар сыйланып қорытындылады.