«АТАЛАР МЕКТЕБІ - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Бостандық ауданы «Байкен» мешітінде Бас мүфти бағдарлық баяндамасында бекітілген жоспарға сай «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы қаласында құрылған «Аталар мектебін» жаңғырту мақсатында Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Бүгінгі семинарға арқау болып отырған мәселе қариялардың өмірлік тәжірибесімен жастарға дәстүрімізге сай әдет-ғұрыптарды дәріптеу болып табылады. Семинарды Алматы Орталық мешітінің ұстазы Баубек Бердіғалиұлы жүргізді. Қазақтың «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп, Қарияларын құрмет тұтып, ақсақалдарын ардақтай білген елдің баласы өткенді бағалауға, бүгінін саралауға жүйрік болары сөзсіз.
Семинар соңында қоғамда орын алып жатқан түйткілді мәселелердің жай-жапсарлары талқылынып, ақсақалдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі