БӘЙКЕН МЕШІТІНДЕ «УАҚЫП - САРҚЫЛМАС САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласы, Бостандық ауданы Байкен мешітінде осы ауданға қарасты мешіттердің имамдарына «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Ержан Базарбекұлы жүргізді. Жиында уақып жүйесінің дамуы, «Уақып» мәдениетін қалыптастырудағы діни мамандардың рөлі, уақып қоғамның қажетіне асатыны және осы арқылы Ислам дінінің дамуына және қоғамның жақсаруына өз үлесін қосатынын айтты. «Уақыптың қоғамымыздың діни-әлеуметтік жағынан да маңызы зор. Уақыпқа берілген дүние-мүлік ол қашан да ағымы жалғасып тұратын садақаға жатады», - деп жеткізді.

