БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕКСЕНБІ» ШАРАСЫ ӨТТІ
Бас мүфти бағдарлық баяндамасында бекітілген жоспарына сай «Ізгі қоғам» бағыты аясында балаларға арналған «Қызықты жексенбі» шарасы өтті.
Алматы қаласы, Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің кітапхана ғимаратында өткізілген игі шараға 40-тан астам бүлдіршіндер қатысып, өз араларында өнерлерімен сайысқа түсті. Өзара өнер салыстырып сайысқа түскен бүлдіршіндерге шара соңында тәттілер салынған қорапшалар тарту етілді. Бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа мұрындық болған Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев пен ауданның барлық дін қызметкерлеріне ата-аналар арнайы алғыс білдірді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі