АҚТӨБЕГЕ 13 000 000 ТЕҢГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге көмек бойынша бастамасымен Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысындағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай 13 000 000 теңге жиналды.
ҚМДБ «Зекет және қайырылымдылық» қоры Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов бүгін, яғни 9-сәуір күні аталмыш қаражатты Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлына табыстады. Жергілікті жұртшылықтың табиғи су тасқынынан келеген қиындықты аман-есен еңсеріп, қуанышты күнге жетуіне тілектестік білдірді. Және бұдан әрі Ақтөбе облысына қаражат жинау тоқтатылғанын мәлімдеді.
Ендігі кезекте ҚМДБ «Зекет және қайырылымдылық» қоры Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов Атырау облысы, Құлсары қаласынындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмектесуге қайта есепшот ашылғанын хабарлады. Осыған орай, су тасқынынан аса ауыр зардап шегіп отырған Құлсары тұрғындары үшін ҚҰЛСАРЫҒА КӨМЕК айдарымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Б.Көптілеуовтың есепшотына қаражат аудара аласыздар. ( Зекет қорының маманы + 7 701 163 41 93 БАУЫРЖАН К.)
Сонымен қатар «Қарасай батыр» мешітінде (Кенжехан базарының ішіндегі мешіт) Атырау облысы, Құлсары қаласы тұрғындарына заттай көмек қабылдау үшін арнайы көлік қойылды.
Жауапты: “Қарасай батыр” мешітінің ұстазы Досбол Сәбитұлы (+7 (708) 624-05-60) Қабылдауға болатын заттар: қайық, резеңке етік, қап, күрек, фонарь, су сорғыш (насос), жаңа киім-кешек, жаңа көрпе-төсек, жаңа ыдыс-аяқтар және азық-түліктер.
Ескерту: Ескі киім-кешек, ескі, тозығы жеткен тұрмыстық заттар қабылданбайды.
Алла еліміз бен жерімізді табиғи апаттардан сақтасын!
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі